ляззат сабак

6
ҚЫЗЫЛОРДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ Өндірістік сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Металдарды егеп өңдеу
  • Upload

    -
  • Category

    Internet

  • view

    37
  • download

    2

Transcript of ляззат сабак

Page 1: ляззат сабак

ҚЫЗЫЛОРДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ

Өндірістік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Металдарды егеп өңдеу

Өндірістік оқыту шебері: Еркебаева Ляззат Кенесбаевна.

Page 2: ляззат сабак

Мамандығы: 0824000 «Керамикалық өндіріс» Біліктілігі: 0824012 «Керамикалық өндіріс құрал-жабдықтарын реттеуші» І курс № 24 топ Өндірістік оқыту шебері: Еркебаева Л.К.

Өндірістік сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Металдарды егеп өңдеу

Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға металдарды егеп өңдеу әдістерін көрсету, егеу жұмысына керекті құрал- жабдықтармен таныстыру, құрылысын сипаттау,теорияда алған білімдерін шыңдау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін қалыптастыру,шеберлікті дамыту, мамандықтың қыр –сырын жетік меңгеруге шақыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, жауапкершілікке, еңбекке баулу.

Пәнаралық байланыс : Химия, физика,сызу, геометрия,слесарь ісі, материалтану.

Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары» плакаты, технологиялық нұсқау карталары, металл дайындамалар,егеулер, надфильдер жиынтықтары, металл кесінділер, әртүрлі детальдар, материал бойынша слайд, бейнероликтер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30- 8.351. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.3. Құрал – жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35 – 9.201.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.2.Білім алушылардың техника қауіпсіздігі және өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін пысықтау:а) Тест сұрақтары бойынша:

Металл түзету кезінде қолданылады:А) пресс пен балғаБ) шойын, болат болғаВ) қысқаштар

Белгі салу үшін қолданылады:А) бор

Page 3: ляззат сабак

Б) қарындашВ) чертилка

Металды бөлу үшін не қажет?А) балтаБ) шапқыВ) бұрғы

Металды ию тәсілі:А) металды қыздыруБ) металды суытуВ) металды созу арқылы жүргізіледі.

ә) Ауызша сұрақ –жауаптар арқылы:Металл кесу процесін қалай түсіндіреміз?Металл кесудің қандай әдістері бар?Металл кесуде ақау бола ма? Неліктен пайда болуы мүмкін? Қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз?

б) Металл кесу жұмысын 2 білім алушының көрсетуін ұйымдастыру:1- тапсырма: Металдан 40х40 мм көлемінде тіктөртбұрыш пішін кесу.2-тапсырма: Металдан 40х50х40 мм көлемінде үшбұрыш пішін кесу.

в) « Ойлан, тап!» кесте толтыру: (құрал- саймандар атауларын толтыру)

Белгі салу құралдары: Металл кесу құралдары:Кернер ЧертилкаЦиркульСызғышБұрышөлшеуішЦентроискатель

ҚолқайшыҚолараТістеуікМеханикалық қайшыРычагты қайшыҚұбыркескіш

в) « Кім жүйрік?» сөзжұмбақ шешу:

1. белгі салу құралы 2. бұрыш өлшемі3. дайындама материалы4. металл өңдеу түрі

1.3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:«Металдарды егеп өңдеу » слайды арқылы түсіндіру:Металдарды егеп өңдеу процесі.Егеп өңдеу жұмысына керекті құрал- саймандар.

ч е р т и л к а

г р а д у с

ем т а л

к е с у

л

Page 4: ляззат сабак

Егеулер, олардың түрлері, құрылысына сипаттама беру.Жазық беттерді егеп өңдеу әдістері.Қисық беттерді егеп өңдеу әдістері.Ақаулардың алдын алу, болдырмау жолдары.Егеу жұмысын слесарь қай кездерде орындауы мүмкін?Егеп өңдеу жұмысы кезінде сақталуға тиісті техника қауіпсіздігі ережелері.

1.4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:«Сергіту сәті» - мақал- мәтелдерді аяқтау:

1. Еңбек етсең ерінбей,........... 2. Еңбек ер .............3. Еңбектің наны тәтті , ..................4. Еңбек түбі – береке, ..................

«Универсиада – 2017» студенттер арасындағы спорттық сайысы жеңімпаздары ерлігін еске түсіру: (дұрыс жауап берушілерді алтын, күміс, қола медальдармен марапаттау)Егеу дегеніміз не?Егеудің қандай типтерін білеміз?Қандай егеу түрлерін жазық бетті өңдеуде пайдаланамыз?Қисық беттерді өңдеу жұмысында ше?Егеудің құрылысына сипаттама беріңдер?Егеумен жұмыс істеу тәсілдерін атаңдар?Қандай қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз?

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.20 – 9.401. Құрал –жабдықтарды дайындау.2. Балға тұтқасының ойығын 0,3- 0,5мм болатындай етіп егеумен өңдеужұмысы.3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.

ІҮ.Ағымдық нұсқау: 9.40 – 14.001. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.

1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.2-аралау: Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау.3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру.4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру.6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау.

Page 5: ляззат сабак

7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.

ІҮ.Қорытынды нұсқау: 14.00 – 14.301.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау.2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін, білімдерін бағалау.

3. Үйге тапсырма беру: Металдарды егеп өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін пысықтау.