сертификат куркумбаева мадина иржановна №16 садик

5
Куркумбаева Мадина Иржановна №16 “Балдәурен” балабақшасы II сәби “Балауса” тобы

Transcript of сертификат куркумбаева мадина иржановна №16 садик

Page 1: сертификат куркумбаева мадина иржановна №16 садик

Куркумбаева Мадина Иржановна№16 “Балдәурен” балабақшасы

II сәби “Балауса” тобы

Page 2: сертификат куркумбаева мадина иржановна №16 садик

Күні: 26-желтоқсанБілім беру саласы: ТанымБілім бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Тақырыбы: «Түн. Бір-көп. Шеңбер».Мақсаты:Білімділік: Таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.Дамытушылық: Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: ұлттық киімдегі қуыршақ, түн бейнеленген сурет. Әр балаға жай және сары қарындаштар.Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру. Сөздік жұмыс: түн, шеңбер.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Ғажайып сәтЕсікті тоқылдатқан дыбыс естіледі. Бізге біреу қонаққа келген сияқты. Есікті ашып, ұлттық киімдегі қуыршақты алып кіреді.

Қуыршақ амандасып, балалармен танысады. Қуыршақ Ақмарал өткен оқу іс-әрекетінде тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды.-Сендер тағы қандай тәулік мезгілін білесіңдер?

«Бұл қай кезде болады?» ойыны.1-тапсырма.Ақмарал балаларға сұрақ қояды:-Қай кезде адамдар ұйықтайды?-Суретте не бейнеленген?-Бала не істеп жатыр?-Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады?

Қызығушылық танытады.

Қуыршақ Ақмаралмен амандасып, танысады.Балалар жауап береді.-Таңертең, Күндіз.

-Түнде.-Жұлдыздар, Ай, гүл, төсекте ұйықтап жатқан бала.-Ұйықтап жатыр.-Түнде.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

«Бір және көп» ойыны.Ақмарал балаларға жұмбақтар жасырып, оның жауабын дәптерден қоршап сызуларын тапсырады.«Бұралып қос құлағы,

Балалар жұмбақтарды мұқият тыңдайды.Жауабын айтады.

Page 3: сертификат куркумбаева мадина иржановна №16 садик

Күмбір қағып тұрады».

«Сызылған үні,Сүйкімді тілі.Үрлесең ойнайтын,Аспаптың бірі».

Балаларға суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атап, қоршап сызуды ұсынады.

«Ойыншықтар». Сергіту сәтіДобым, добым, домалақ,Қайда кеттің домалап?Сүт құйып ем күшікке,Төгіп кеттің, обал-ақ.

«Қандай домалақ заттарды білесің?» ойыны.Балалардан шеңберге ұқсас заттарды естеріне түсіріп, атап берулерін өтінеді.-Олар қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

Педагог:-Балалар, Ақмарал атты қуыршақ күннің суретін салғысы келеді. Бірақ оны қалай саларын және қандай түспен боярын білмейді.Педагог балалардан қуыршаққа көмектесіп, жиек сызығының ішіне күннің суретін салуды және оны сары түспен бояуды сұрайды.Жеке жұмыс жүргізеді.

-Домбыра.

-Сыбызғы.

Бір-бірден тұрған ойыншықтарды атап, қоршап сызады.

Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

-Күн, дөңгелек, доп, қарбыз.-Шеңберге.

Балалар жиек сызықтың ішіне қуыршаққа арнап күннің суретін сары қарындашпен салады.

Рефлексиялық –түзетушілік

Ақмарал балалардың оған Күннің суретін салуға көмектескендеріне, тапсырманы дұрыс орындағандарына рақмет айтып, қоштасады.Педагог:-Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?-Қандай дөңгелек заттарды білесіңдер?

Педагог бір-бірден тұрған заттар мен көп заттарды атап беруді өтінеді.

Қуанышты көңіл-күйде Ақмаралмен қоштасады.

-Таңертеңді, күндізді, түнді.Сұраққа жауап береді.

Балалар заттарды атайды.

Күтілетін нәтиже:

Page 4: сертификат куркумбаева мадина иржановна №16 садик

Біледі: түн-тәулік мезгілінің атауын.

Игереді: таңертең, күндіз, кеш-тәулік мезгілдері екенін, түннің айырмашылығын.

Меңгереді: тәулік мезгілдерін, сондай-ақ қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін ажырата және айта білуді.