ашық сабақ анар

6
Куванчова Анаргүл Құралқызы музыка пәні мұғалімі
  • Upload

    -
  • Category

    Education

  • view

    1.426
  • download

    6

Transcript of ашық сабақ анар

Page 1: ашық сабақ  анар

Куванчова Анаргүл Құралқызымузыка пәні мұғалімі

Page 2: ашық сабақ  анар

Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат көрінісі

Жалпы мақсат: Оқушылардың музыкалық сауатын ашу, оларға ән-күйді тыңдату арқылы музыканы сезінуге баулу. Тақырыпты өз мәнінде әңгімелеп, музыкамен байланыстырып жеткізу. Айналамыздағы қоршаған ғажап табиғатты бейнелей отырып, олардың көзқарасын, ұғымын табиғатты аялауға тәрбиелеу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сілтеме: 1.Үлестірмелі материалдар2.Мирсейтова СТО

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Музыка әлеміндегі табиғат жайлы әндер, күйлер бар екендігін біледі "Саржайлау" атты әнді үйренеді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар: Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Сабақта қолданылатын материалдар.

1. А-3 парағы2. Жетондар3. Ямаха аспабы4. Слайд5. Кері байланыс парақшасы

Оқыту әдістері: СТООқыту үшін бағалау

Жеке жұмысТоптық жұмыс

Дерек көздері: Интернет желісіТапсырмалар. "Ой шақыру" стратегиясы, венн диаграммасы, топтастыру, "5 жолды өлең"

стратегиясы

Page 3: ашық сабақ  анар

1.Оқушыларға психалогиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті

2 минут3 минут

1.Музыкалық сәлемдесу, дауысқа жаттығу жасау2.Сыныпты топқа бөлу3.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату

Оқушылардың барлығы сергіту сәтін жасайды.2.Өз қалауы бойынша (түймедақ қызғалдақ, жапырақ бейнелерін таңдау арқылы) 3 топқа бөлінеді.3. Өздері топ басшысын сайлады.

Қызығушылығын ояту.Миға шабуыл (7минут) Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті

"Жуан мен жіңішке сұрақтар" стратегиясы1. Графика дегеніз не?2.Әдебиеттегі батырлар есімін білесің бе?3.Таңбалы тастардағы суреттерді графика түріне жатқызуға бола ма? (Иә,графиканың гравюра түріне жатады)4.Күйшілер батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?5.Түйе малына арналған қандай күй аңыздарын білесің?6.Евгений Сидоркин кім?(суретші) Оның қандай шығармалары бар?("Жекпе-жек","Қазақ халық ертегілері", "Абайжолы", "Көңілді алдампаздар" т.б)

Топтағы оқушылар берілген сұраққа жауап береді

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті

Page 4: ашық сабақ  анар

Мағынаны тану(17 минут)

Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті

Оқушыларға жаңа тақырыпты оқуға 5 минут беріледі.а) Табиғат дегеніміз не? ә)Табиғаттың сұлулығын күйшілер қалай жеткізеді екен? б)Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер?в) Күй дегеніміз не?г) Тәттімбеттің күйлерін қандай күйге жатқызамыз? (шертпе)д) Әбілхан Қастеев кім?(суретші) Ол табиғаттың сұлулығын қалай жеткізген? (пейзаж арқылы)Н.Тілендиев пен М.Мақатаевтың өмірбаянымен таныстыру. Дауыс жаттығуларын жасайды "Саржайлау" әнін үйретіледі. Бірнеше рет қайталайды

Оқушылар осы қойылған сұрақтарға ойланады, жауап береді Әнді тыңдайды, бірнеше рет қайталайды.

Ой толғаныс (10 минут) Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті

І-топ. "5жолды өлең" стратегиясыЗат есім------- (табиғат)Сын есім------- (жасыл, көркем)Етістік-------(жауады,сіркірейді,гүрілдейді)Сөз тіркесі-------(Табиғат-тіршіліктің құт мекені)Синоним------- (қоршаған орта ) ІІ-топ. Құрманғазының "Сарыарқа" күйі мен Н.Тілендиевтің "Саржайлау" әнін венн диаграммасы бойынша салыстыруІІІ-топ. Табиғат туралы мақал- мәтел айту

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

Үйге тапсырма(2 минут)

Табиғат туралы эссе жазып келу."Саржайлау" әнін жаттау. Берілген үй тапсырмасын белгілеп, түртіп алу

Бағалау (2 минут) Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5»

Page 5: ашық сабақ  анар

“Музыкадағы табиғат көрінісі“ 6"а" сынып (ашық сабақ)

Page 6: ашық сабақ  анар

Тақырыбы: "Базар жыраудың мұрасы" (лицейшілік ашық сабақ)