Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша...

9
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай
  • Upload

    -
  • Category

    Education

  • view

    3.649
  • download

    8

Transcript of Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша...

Page 1: Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН,  70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.

Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет] Осыған орай мектебімізде 2- 13.02.15 аралығында аталған модуль бойынша 4-ші «Ынтымақ» тобының мұғалімдеріне семинар-тренинг, коучингтер өткіздім.

Коучингтің мақсаты: әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру  мақсатында бағалаудың түрлерімен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпал ету. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған  критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуге үйрету, өзiн-өзі бағалау және өзара бағалау үдерiстерiнің дамуына ықпал ету

Page 2: Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

Күтілетін нәтижесінде: мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана алады.4.02.15 күні «Дейін-кейін» парақшаларын таратып, кестенің семинарға дейін бағалау туралы білетіндіктерін жазғыздым. Кейін оларға алманың суретін салғызу арқылы өздеріне бағалаттым. Бағалауларына талдау жасаттым.

Алдарына алманы бағалаудың критерий парақшасы таратылды. Критерий бойынша бағалатып, екі бағалауды салыстырта критерий арқылы бағалаудың тиімді екендігіне көздерін жеткіздім. Критерий бойынша ұпайды қалай есептеп, бағалаудың шкаласымен таныс болды.

Сонан соң, мұғалімдерге топтық тапсырма ұсынылды Тапсырма барысында 1- топ: жалпы бағалау түрлері туралы оқып, постер қорғады. 2- топ:оқыту үшін бағалау мәтінімен, 3- топ: оқуды бағалау мәтінімен танысып, постер қорғады. Ал, 7.02 күні бағалаудың сабақтағы тиімділігі бойынша коучинг өткіздім. Осы коучинг бойынша мұғалімдер «»Кілем жаттығуын жасап, кілемнің тұсаукесері бойынша қорғалып, ашық дауыс беру арқылы бағаланды. Кілем суреті бойынша критерий құрып үйренді. Сабақ соңында жеке тапсырманы орындату арқылы кестені толтырып, суммативті, формативті бағалаудың айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы ажыратты.Рефлексия 5 саусақ арқылы жүргізілді. Не түсіндім? Қандай іс-әрекет маңызды болды? Қай тұсы түсініксіз болды деген сұрақтарға жауап алынды.

Нәтижесінде:семинардың сәтсіз жақтары мен сәтсіз жақтары анықталып, шешу жолдарына

көңіл аударып, олқылықты шешудің жолы анықталды. Сәтті жағы: Семинар-тренинг, коучинг арқылы жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізудің қажет екенін түсінді. Критерий құруда белгілі-бір ережеге сүйене отырып құра білуге үйренді. Сәтсіз жағы : Топ мүшелерінің әлі де болса белгілі-бір себептермен семинарға қатыса алмауы. Шешу жолдары:Жетекші мұғалімнен кеңес алу. Өзара топ мүшелерінің сабақтарына қатысып, іс-тәжірибе алмасу арқылы аталған модульді өз тәжірибесіне енгізу.

Page 3: Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулін іс-тәжірибеге енгізу туралы рефлексивті есеп..Критериалды бағалаудың міндеттері:

Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге; Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана

арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осы тұста семинар-тренинг, коучингтен оқып,үйренген білімдерінің нәтижесін 9-13.02 арлығында әр мұғалімнің өз іс-тәжірибесіне енгізгендерінің куәсі болдым. Алғашқы сабақ 10.02.15 күні 5 “В” сыныбында әдебиет сабағында өтілді. Мұғалімі - Көдекова Рая Тақырыбы: С. Сейфуллин“Ақсақ киік” өлеңі.

Сабаққа қатысу мақсатым:жаңа формациядағы бағалау тәсіліне оқушылардың көзқарасын байқау.сабақта бағалау критерийін мұғалім сабақтың әрбір бөліміне , тапсырмасына қарай құрғанын байқадым. Сабақты ұйымдастыру сәтінде оқушыларға бағалау парақшаларын таратып беріп бағалаудың әрбір критерийіне қарай дескрипторларын таныстырып өтті. Нәтижесінде формативті бағаланатынын түсіндіріп өтті. Оқушылар бұл бағалауға, оның дәстүрлі бағалауға қарағанда еркшелігіне тоқталып айтып кетті. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырғандығының бір көрінісі десем артық айтқандығым болмас. Сабақ соңында оқушылар критерий бойынша балдары есептеліп, бағалау шәкілі бойынша өздерінің тиісті бағаларын алды. Сабақтың сәтті жағы: 1.Оқушылардың өзін-өзі бағалауы шынайы болды.2.Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе отырып жасағаннан оқушы критерийді жатқа біліп отырды.3.Оқушылар бағалау критерийлерін білді және түсінді. 4.Дискриптор арқылы бағалау нәтижелі болды. Көш жүре келе түзеледі демекші, әрбір өткізілген сабақ кемшіліксіз болмайды.Сондықтан осы тұста сабақтың сәтсіз болған тұстарын атап өткенді дұрыс көрдім.Сәтсіз жағы:Сабақтың әр кезеңінде оқушыларды формативті бағаладың жүргізілмеуі.Шешу жолдары: Өз бетінше білім алу процесіне оқушылардың белсенді араласуын арттыру. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқу процесіне өзгертулер енгізу. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуіне ықпал жасау. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы. Оқушылардың өз жұмыстарын талдай алу мүмкіндігінің болуы (рефлексия)

11.02.15 күні қазақ тілі пәні бойынша7 “Б” сыныбында сабақ өтті. Сабақты Раздықова Нұрсұлу жүргізді. Сабақтың құрылымы өте жақсы құрылымдалған. Сонымен қатар,Нұрсұлу сабағында формативті бағалаудың түрлі тәсілдерін қолданған.

Page 4: Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

Ауызша рефлексия,»Оратылған жіп» әдісі бойынша Топтар өзара шапалақ арқылы баға береді:«5»-үш шапалақ ,«4»-екі шапалақ,«3»-бір шапалақ, «Температура өлшеу»; Бармақпен бағалау:«5»-жоғарыға бағытталады,«4»-солға бағытталады,«3»-төменге бағыттала, шапалақпен бағалау(сұрақты және

жауапты)соңында әр тапсырма үшін жинаған смайликтері арқылы топты бағалады. Сәтті жағы:Сабақтың жүйелі құрылымы;оқушының сабаққа қызығушылығының артқандығы;бағалау жүйесін жан-жақты сабаққа енгізуі Сәтсіз жағы:С-деңгейіндегі оқушылардыңназардан тыс қалуы

Шешу жолдары: Сабаққа деңгейлік тапсырмалар қолдану, С-деңгейіндегі оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру барысында ауызша қалыптастырушы бағалауды жиі пайдалану.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық баға емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер, 2001)Осы тұста12.02 күні өткен 6 “А” сыныбындағы әдебиет сабағына тоқталғым келеді.Сабақты Бейбітова Алтынай өтті. Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев “Менің атым -Қожа”поемасы

Сабақта формативті бағалаудың әдістерін пайдаланды. Критерий сабақтың әр тапсырмасына қарай құрылған. Мысалы: Миға шабуыл тапсырмасына-1 балл,Жаңа сабақ: “Кубизм”әдісі постер қорғау-2 балл ,“Тарсия” әдісі повест кейіпкерлеріне талдау -2 балл, Ой толғаныс сәті “ЭССЕ”-2 балл бойынша бағаланатыны хабарланып, Бағалау шәкілі:“Жоғары”-7 балл“Орташа”-6 балл“Төмен”-5-4 балл екендігі тақтаға ілінді. Оқушылар әр критерий бойынша жазылған дескрипторлардағы көрсетілген ұпайларды алуға тырысып бақты. Оқушылардың сабаққа ынтасының бұрынғы сабақтарға қарағанда артқандығын кері байланыста жазған пікірлеріне қарап аңғардым. Алтынай сабақта критериалды бағалаудың тиімді екендігін атап өтті. Осы тұстаАлиасқар Заринаның жазған пікіріне тоқталсам деймін. Зарина бүгінгі сабақ мен үшін сәтті сабақтардың бірі болды деп айта аламын. Өйткені біз арнайы бағалау критерийіне сүйене отырып, өзіміздің біліміміздің әділ бағаланғандығын байқадым. Бұрын бағаны тек мұғалім бағаласа, осы жолы өз бағамызды өзіміз

Page 5: Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

арнайы ұпайлар алып, бағалау шәкіліне сүйене отырып өзімізді- өзіміз бағалау мүмкіндігіне ие болдық деп пікір жазыпты.Бұл мұғалім үшін үлкен жетістік.Сабақтың сәтті жақтары: Оқушылар бағалаудың мақсаты мен мәнін түсінді; критерийге назар аудара бастады;өзін-өзі реттеуге дағдыланды; сабаққа белсенділіктері артты. Сәтсіз жағы:Критерийлер бойынша бағалауға қиналды;Бірінші рет болғандықтан топ спикері сыныптастарын көтермелеп бағаладыШығу жолдары:Күнделікті сабақта критерий бойынша бағалауды үнемі қолдану;оқушылардың критерий бойынша нақты бағалауға дағдыландыру

13.02.15 күні Көшбаева Мая 5 “Г” сыныбына әдебиет сабағында мазмұндама жазғызды.Тақырыбы: : “Маңдай тер”

Мая бұл сабақта тараудың соңғы күні болғандықтан алдыңғы өткен сабақтарды бекіту мақсатында жиынтық бағалаудың соның ішінде мазмұндамаға критерий құрып оқушылардың бағалауды жөн санады. Бағалау критерийі сабақтың ұйымдастыру сәтінде балалардың алдарына таатылды. Оқушылар оқып шықты. Критерий А;В;С критерий бойынша жасалған

Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийі Критерий Жетістіктердің ең

жоғарғы деңгейі А Түсіну 6 В Талдау (мәтінмен жұмыс) 6 С Стиль және тілді қолдану 8 Барлығы 20

Критерий Жетістік Дескриптор

А (max 6) Түсінуі

0 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1 Мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады.

2 Мәтінді түсінген, мазмұндауда жоспардан ауытқу бар. 3 Мазмұны тақырыпқа сай, көптеген фактілер бұрмаланған. 4 Мазмұны тақырыпқа сай келеді,бірақ ойын баяндауда дәлсіздіктер кездеседі. 5 Мазмұны тақырыпқа сай, бірақ қажетті қорытындылар жасай алмады. 6 Мазмұны тақырыпқа сай ,мәтінді толық түсінген, тақырып ашылған, өзіндік

ой- пікірін орынды қолданған.

Критерий Жетістік Дескриптор

В (max 6) Талдау, Мәтінмен жұмыс

0 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1 Оқушының сөздік қоры өте жұтаң , сөздердің орын тәртібі сақталмаған.

2 Сөйлемдері қысқа, сөйлемдер арасындағы байланыс сақталмаған. 3 Абзац арасындағы байланыс сақталмаған

Page 6: Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

4 Сөздік қоры дамыған, бірақ сөз қайталаулар кездеседі. 5 Тіл байлығы әдеби тіл нормасына сай, бірақ ой жүйесінде ауытқулар

бар. 6 Оқушының сөздік қорының кең екендігі байқалады.Сөз

қайталаулар, орынсыз қолданылған сөздер кездеспейді.Ойы жүйелі.

Критерий Жетістік Дескрипторлар

С (max 8) СТИЛЬ және тілді қолдану

0 Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1 10 орфографиялық, 6 пунктуациялық қате Стилдік біркелкілік сақталмаған,сөйлем құрылысы бір үлгіде.

2 8-9 орфографиялық, 5 пунктуациялық қате Стилдік біркелкілік сақталмаған,сөйлем құрылысы бір үлгіде.

3 7 орфографиялық, 4 пунктуациялық қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар.

4 5 орфографиялық, 3 пунктуациялық қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар. 5 4 орфографиялық, 2 пунктуациялық қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар.

6 3 орфографиялық, 1 пунктуациялық қате кездеседі. Стильге сай жазылған. 7 2 орфографиялық, 1 пунктуациялық. Стильге сай жазылған. 8 1 жеңіл орфографиялық немесе 1 пунктуациялық қате кездеседі.Стиль бірлігі

сақталған.

Бағалау шәкілі«5» - 17 - 20 балл «4» - 14 - 16 балл «3» - 12 - 13 балл «2» - 0 - 11 балл Жұмыс талдауы бойынша негізгі бағалаудың қорытындысы жасалды5 “ -2“4” – 12“3” - 9 Критериалды бағалау бойынша мазмұндаманың қорытындысы:

0

50

100

А

В

С

АВС

Критериалды бағалаудың маңызы:Мұғалімдер үшін:

Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; Сабақ берудің сапасын арттыруға;

Білім сапасы – 60 % Үлгерімі – 100 %

А – 86 % В – 73 %С – 56 %

Page 7: Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша рефлексивті есептер

Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін

пайдалануға; Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін: Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Уильям Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын!