Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби –...

74
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген. Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік. Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы орайда, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатты. 3

Transcript of Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби –...

Page 1: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.

Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.

Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.

Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы орайда, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатты.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы классикалық педагогика өкілдері А.Дистервег, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, Н.К.Крупскаяның, қазақ ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, Ш.Уәлихановтың және т.б. педагогикалық мұраларында қарастырылған. Сонымен қатар, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, К.Жәленұлы, С.Қожанұлы, Ә.Қасымұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы және т.б. қазақтың біртуар зиялы азаматтары да мұғалімдердің білімін көтеруіне, әдістемелік дайындығына атсалысқаны белгілі.

Мұғалімнің кәсіби қалыптасуы сол кезеңдегі білім жүйесінің дамуымен тікелей байланысты. Қазақстанның білім саласының жағдайы мен мұғалімдерді даярлау мәселелері: болашақ мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыда дайындау (А.Е.Әбілқасымова, Б.Баймұханов, Т.С.Сабыров, М.Ж.Жадрина, С.А.Жолдасбекова, Ә.А.Молдажанова, С.С.Маусымбаев, А.

3

Page 2: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Нұғысова, Д. Рахымбек, Қ.Ж. Қарақұлов, Б.Қасқатаева және т.б.); экологиялық тұрғыда дайындау (М.Н.Сарыбеков, Қ.М.Беркімбаев және т.б.); болашақ мұғалімдерді дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасы рөлінің, жоғары мектеп дидактикасының дамуы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Е.Жұматаева, К.С.Успанов, А.С.Карбаева және т.б.); мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін, шығармашылық ізденісін қалыптастыру (Ш.Т.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Н.А.Шамельханова, Е.И.Бурдина және т.б.); қазақ этнопедагогикасы негізінде жеке тұлғаны дамыту, мұғалімдерді жалпы педагогикалық даярлау (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Б.А.Тойлыбаев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, А.А.Қалыбекова, А.С.Мағауова, Р.К.Төлеубекова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, М.Х.Балтабаев, А.Б.Абибулаева, А.Б.Нұрлыбекова, Ш.М.Мұхтарова, А.А.Жайтапова және т.б.); болашақ маманға кәсіптік білім беру тұрғысынан (М.Ә.Құдайқұлов, К.А.Дүйсенбаев, А.П.Сейтешев, И.Б.Сиқымбаев, А.А.Жолдасбеков, А.М.Әбдіров және т.б.), компьютерлік технологияны оқу үдерісіне енгізіп, болашақ мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау (Т.О.Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, Ж.Ж.Жаңабаев, Қ.Қабдықайыров, Ж.А. Қараев, С.М. Кеңесбаев, Б.Д. Сыдықов, Л.А. Шкутина, Г.О. Тәжіғұлова және т.б.) тұрғысынан жан - жақты зерттелген.

Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау және бастауыш сынып мұғалімінің әдістемелік-математикалық дайындығы мәселелері Ресейлік ғалымдар К. Абдуллаев, С.И. Волкова, В.Ф. Ефимов, Т.В. Зацепина, Н.Б. Истомина, Г.М. Коджаспирова, Л.В. Лещенко, Н.Н. Лаврова, Л.С. Подымованың, Л.П. Стойлова, О.В. Тарасова, М.И. Айзенберг және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.

Елімізде бастауыш білім берудің әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық және әдістемелік аспектілерін (Қ.Аймағамбетова, С.Р.Рахметова, Ш.Х.Құрманалина, Т.Қ.Оспанов, Ж.Т.Қайыңбаев, Г.И.Уәйісова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева, Қ.Меңдаяқова және т.б.), бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың тарихы мен дамуын (Р.К.Бекмағамбетова, Қ.Т.Ыбыраимжанов, Б.М.Қосанов, Ш.Майғаранова және т.б.), бастауыштағы білім интеграциясы, бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттері, дүниеге көзқарасы, тәрбиесі тұрғысынан (Ә.М.Мұханбетжанова, Р.К.Төлеубекова, А.Х.Аренова және т.б.) зерттеген еңбектер бастауышта оқытуды жетілдіруге, мұғалімдерді даярлаудың сапасын арттыруға қосылған мол үлес болды. Оларда бастауыш мектептегі жеке пәндерді оқытудың әдістемелері, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, шығармашылығын, қызығушылығын, ынтасын, икемділігін қалыптастыру жолдары, бастауыш мектептердің, олар үшін мұғалімдер даярлаудың, әдістемелік ой-пікірлердің дамуы, болашақ мұғалімдердің сабақ үдерісінде инновациялық технологияларды, халықтық педагогиканы қолдануға дайындығы, ақпараттандыру, бағалау құзыреттілігін қалыптастыру және т.б. мәселелер біршама зерттелгенмен, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу мәселесі арнайы зерттеу нысанасы болмағандығын көрсетті.

4

Page 3: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Соңғы жылдары жоғары оқу орнында бастауыш сынып мұғалімін дайындайтын 050102 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты жетілдіріліп, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары нақтыланып, бірқатар өзгерістер енгізілгенімен, бастауыш сынып мұғалімін дайындау мәселесі әлі де болса қайта қарауды қажет етеді, өйткені бастауыш сынып мұғалімін даярлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол бастауыш сынып мұғалімі барлық жағынан – жаратылыстану бағытында да, гуманитарлық бағытта да жетік, кіші жастағы оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін меңгерген, баламен тіл табысып жұмыс істеудің шебері, бастауыштағы барлық пәннің әдістемесін меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзыретті болуы қажеттігінен туындайды.

Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед, Н.В.Матяш, В.В. Сериков, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б. еңбектерінде негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары: педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі–А.А.Орлов, И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту–Е.П.Белозерцов, И.А.Колесникова, А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, Н.Д.Левитов, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин; педагогикалық шығармашылық мәні–В.И.Загвязинский, Ю.Н.Кулюткин, М.М.Поташник; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негіздері–Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған.

Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы), М.В.Семёнова (жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру), С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген.

Дегенмен, педагогикалық білім беру теориясына сүйене келе, мектеп тәжірибесінен және мұғалім іс-әрекетінен байқағанымыздай, бастауыш сыныптың мұғалімі әлі де болса күннен күнге жаңарып отырған білім беру міндеттерін шешуге дайын еместігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар мектептегі оқыту іс-тәжірибесіне жүргізілген талдау соңғы жылдары оқушылардың көбінің мектеп бітірерде өткізілетін бірыңғай ұлттық тестілеуден нәтижеге қол жеткізетіндігіне сенімсіздігі мен дайындықтың өз дәрежесінде болмауынан колледждерге, техникалық мектептерге көптеп кетіп жатуы мектептің білім негізі болып саналатын бастауыш сатысында берілетін білімнің негізгі саты мен жоғары сыныптарда талап етілетін білімге сай болмай отырғанын байқатады.

5

Page 4: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Мұның бір себебі бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, яғни олардың пәндерді оқытуды тек бағдарламалық материалдар беру деп түсінуі, әр пәннің мәнін ұқтырып, оны өз дәрежесінде оқытудағы мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының төмендігі.

Зерттеу мәселесінің көкейкестілігі мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті әдіснамалық, технологиялық және тұлғалық-креативтік тұрғыдан меңгеруінің қажеттігінен туындайды.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға қатысты теориялық әдебиеттер мен бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың нақты тәжірибесін талдау барысында:

қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті меңгеру қажеттілігі мен оны педагогикалық жоғары оқу орындарында қалыптастырудың ғылыми түрде негізделуінің жеткіліксіздігі;

- болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі мен оны жоғары оқу орнында жүзеге асыру әдістемесінің болмауы;

бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың қазіргі жағдайы мен педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды.

Зерттеу проблемасының көкейкестілігі мен жоғарыда аталған қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеудің тақырыбын: “Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері” деп таңдауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және оның әдістемелік жүйесін жасау.

Зерттеудің обьектісі : жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесі.

Зерттеудің пәні : болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер: - жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс болашақ бастауыш сынып

мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың көкейкестілігі мен болашақ дамуына бағытталған ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік тұғырларға негізделсе, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жүйесі жасалса және ол жүзеге асырылса;

- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұнының моделі және оны меңгерту

6

Page 5: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

әдістемесі ұсынылса және жоғарғы оқу орнында оқу барысында белгілі бір дәрежеде барлық студентке ол әдістеме меңгертілсе;

- жоғары оқу орнында қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуына тиімді жағдайлар жасалынса, онда болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасады, өйткені кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің мазмұны мен әдістемесі жалпы орта білім және жоғары мектеп дидактикасындағы тұжырымдамалар, теориялар мен идеяларға негізделіп жасалды.

Зерттеудің міндеттері1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырларын іріктеу;2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігінің мағынасы мен мазмұнын анықтау;4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау;5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың моделін және әдістемесін түзу;6. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастыру жүйесі мен әдістемесін тәжірибелік– педагогикалық жұмыста тексерістен өткізу және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау. Зерттеудің жетекші идеясы педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тұлғалық және кәсібилік сапалары тұрғысынан кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптастырылуы оны әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында бәсекеге қабілетті маман ретінде тиімді педагогикалық әрекетке бағдарлайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері жүйелілік (Б.Г. Ананьев, А.Байтұрсынов, Н.Д.Хмель, Э.Г.Юдин және т.б.); тұлғалық (В.В. Сериков, В.А.Сластенин, И.С.Якиманская және т.б.); әрекеттік (Н.В.Кузьмина, Т.Г.Браже, Л.С.Рубинштейн, Л.Ф.Спирин және т.б.); мәдениетнамалық (Е.В. Бондаревская, Б.С.Гершунский, И.Ф.Исаев және т.б.); ақпараттық (Т.О.Балықбаев, Д.М.Джусубалиева, Б.Д.Сыдықов және т.б.) тұрғыдағы әдіснамалық тұғырлармен, педагогикалық құзыреттілік (Дж.Равен, И.А.Зимняя және т.б.); инновациялық (Н.Р.Юсуфбекова, В.А.Сластенин, Ш.Т.Таубаева және т.б.), педагогикалық үдерісті басқару (Ю.К.Бабанский, Н.Д.Хмель, Ю.А.Конаржевский және т.б.), пәндердің интеграциясы (А.А.Бейсенбаева, М.Ә.Мұқанбетжанова және т.б.) теорияларымен, адамның танымдық қызметінің мәні туралы іргелі философиялық қағидалармен, құбылыстардың өзара байланыстары мен сабақтастығының логикалық қағидаларымен, зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми-педагогикалық еңбектермен, кәсіби

7

Page 6: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

педагогикалық сапаларды, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдірудің, сондай-ақ бастауыш білім беру, құзыреттілік, оның білікті маман қалыптастырудағы рөлі туралы, бастауыш оқытудың психологиялық - педагогикалық, әдістемелік технологиялық негіздері туралы тұжырымдамалар және идеялармен анықталады.

Зерттеудің көздері ретінде философиялық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттер; Қазақстан Республикасы Конституциясы; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңдары; Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті орта білім және жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан және ТМД елдерінің ғылыми-педагогикалық басылымдары; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары; 12 жылдық білім беру туралы құжаттар; автордың ұзақ жылғы ұстаздық, басшылық (мектеп директоры, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында басшы кадрлар кабинетінің меңгерушісі) және жоғары оқу орнының оқытушысы, факультет деканы ретіндегі жеке іс-тәжірибелері мен жарық көрген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік еңбектері алынды.

Зерттеу әдістері зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, студенттердің оқу іс -әрекетін бақылау; студенттер, мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, әңгімелесу; эксперименттік (байқау, анықтау, қалыптастыру); мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, типтік бағдарламаларына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сараптама жасау; үлгілеу, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және қорыту, тест, алынған нәтижелерді статистикалық – математикалық өңдеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тәжірибелік – педагогикалық жұмыс қойылған мақсатқа сай төрт кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2001-2003) зерттеліп отырған мәселе бойынша материалдар жинақталды; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігінің бастапқы жағдайы, мәселенің түйінді сөздері айқындалды; зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу мақсатына орай тәжірибелік–педагогикалық жұмыс мазмұны және әдістемесі дайындалып, алғашқы анықтау эксперименті жүргізілді.

Екінші кезеңде (2003-2005) қалыптастырудың әлеуметтік - педагогикалық алғышарттары және тарихи - педагогикалық кезеңдері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеліп отырған мәселенің ғылымда зерттелу жайы зерделенді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы жоғары оқу орнының мүмкіндіктері мен осы сапаны қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесінің мазмұны анықталды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі құрылды.

8

Page 7: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Үшінші кезеңде (2005-2008) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша зерттеу жұмысының әдістемесі тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысына енгізіліп, нәтижелері тексерілді. Студенттерге арналған оқу курстары мен оқытушылар үшін семинар байқаудан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Төртінші кезеңде (2008-2009) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары қорытындыланды. Зерттеу материалдары құрылымы бойынша жүйеленді, нәтижелері нақтыланды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі реттелді, диссертация талаптарға сай рәсімделді.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ақтөбе педагогикалық институтының, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің педагогика факультеттерінде, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында, Атырау қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы № 19, Қ. Сәтбаев атындағы Геолог және Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектептерінде өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі: 1. Болашақ бастауыш сыныптың мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары іріктелді.2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.3. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық

құзыреттілігі» ұғымының мағынасы мен мазмұны нақтыланды.4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды.5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі және моделі түзілді.Зерттеудің практикалық мәні. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен

әдістемесі мамандығы студенттеріне арналған «Математикалық білім беруде қазіргі технологияларды қолдану», «Бастауышта математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» атты оқу құралдары, «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамасы, теориясы және технологиясы» атты монография, «Бастауыш сынып математика есептері мен мысалдары», «Студенттерді мұғалімдік мамандыққа кәсіби даярлау» оқу-әдістемелік құралдары, «Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің негіздері», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» арнайы оқу курстарының бағдарламалары дайындалды. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар, силлабустар, бастауыш сынып (3 сынып) математика оқулығына сәйкес

9

Page 8: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

электрондық жаттығулар жасалып, «Математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнін оқыту үдерісіне енгізілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бастауыш сынып мұғалімін дайындайтын факультеттері мен бөлімдерінде, мектептерде, педагог кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық- әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, зерттеу мақсатына, міндеттеріне, нысанасына, пәніне сәйкес кешенді әдістердің логикалық тұрғыда қолданылуымен, теориялық тұжырымдаманың нәтижелілігімен, тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасының зерттеу мақсатына сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытындылануымен, олардың тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар арқылы тексерілуімен және практикаға ендірілуімен қамтамасыз етілген.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары: тұлғалық тұғыр– студенттердің өздерін кәсіби субъект ретінде қарауға мүмкіндік жасайды; әрекеттік тұғыр – болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің құрылымын және мазмұнын меңгеру тетігін айқындауға негіз болады; жүйелілік тұғыр – кәсіби әрекет барысында студенттерде қалыптасатын кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттер бірлігінде қарастырады; ақпараттық тұғыр–болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің негізі болып табылады; мәдениетнамалық тұғыр – студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуын мәдениет, коммуникативтік құзыреттілік туралы білімдермен толықтырады.

2. Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерін дайындауда олардың кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін құрудың теориялық негіздері–тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың басты бағдары, педагогикалық үдеріс теориясы–болашақ мұғалімнің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың объектісі, іс-әрекет теориясы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғыры, пәндердің интеграциясы туралы теориялар – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады;

3. «Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің «педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық–педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби және дидактикалық құзыреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті» деп айқындалуы «бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке

10

Page 9: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы» деп нақтыланған бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің анықтамасының негізінде ұсынылады.

4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жалпыдан жекеге логикасы бойынша әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық технологиялық қамтамасыз ету түрінде ұсынылады.

5. Әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттерге сәйкес өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлеріне негізделіп түзілген болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі.

6. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі олардың бастауыш сынып оқушыларына білімді дүниенің ғылыми бейнесі негізінде меңгертетін сапалы білім беруге мүмкіндік жасайды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру.Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық Шымкент (Қазақстан, 2001); Атырау (Қазақстан, 2001, 2007, 2008, 2009); Көкшетау (Қазақстан, 2006); Алматы (Қазақстан, 2007, 2008, 2009); Саратов (Ресей, 2008); Элиста (Калмыкия, 2009); Арқалық (Қазақстан, 2009), Астрахань (Ресей, 2010); республикалық ғылыми-практикалық (Атырау, 2002, 2006, 2008, 2008; Ақтау, 2004; Алматы, 2008), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жыл сайынғы өтетін ғылыми-әдістемелік конференцияларында (Атырау, 2002, 2003, 2004, 2006, 2007, 2008), ғылыми-әдістемелік семинарларда талқыланып, мақұлданды және мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда, жинақтарда жарық көрді. Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті ретінде математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы, әдістеме тарихы пәндерінен дәріс беріп, универститетте халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, студенттердің ғылыми-әдістемелік семинарларын, конференцияларын ұйымдастыру, 1990-2009 жылдарда Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтта дәріс оқу, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын факультет студенттеріне арнайы курстар жүргізу барысында жүзеге асты. Зерттеу нәтижелері зерттеу базасында көрсетілген білім беру мекемелерінде мамандарды даярлау тәжірибесіне ендірілді.

Диссертацияның негізгі мазмұны 48 еңбекте, оның ішінде 1 монографияда, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарда, бағдарламаларда, электрондық оқулықта, 4 шетелдік және 45 республикалық ғылыми-педагогикалық басылымдарда жарияланды.

11

Page 10: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделеді және мәселенің педагогика ғылымы мен тәжірибесіндегі зерттелу деңгейіне сипаттама беріліп, тақырыбы айқындалады. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты: обьектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, нәтижелердің дәлдігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі туралы ғылыми-педагогикалық зерттеулерге талдау жүргізу арқылы оны дамытудың көкейкесті бағыттары айқындалып, қазіргі кезде бастауыш сынып мұғалімін даярлауды құзыреттілік тұрғыдан қарастырудың педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылатыны көрсетіледі және «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі» ұғымының мазмұны анықталады. Бастауыш мектеп дидактикасы туралы ғылыми білімдер бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігінің мазмұнын құрудың негізгі ретінде қарастырылып, қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары айқындалады.

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын екінші бөлімде бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың отандық тәжірибелері, жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ұстанымдары мен педагогикалық шарттары анықталады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі түзіледі.

«Университеттік білім беруде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесі» атты үшінші бөлімде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, оны әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық-технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар және оның нәтижелері» атты төртінші бөлімде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың жүргізілуі сипатталып, оң нәтижелері талданып, қорытындыланады.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары түйінделіп, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар және келешектегі зерттелу бағыттары көрсетіледі.

12

Page 11: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Қосымшада зерттеу жұмысына байланысты сауалнамалар, арнайы курстың бағдарламалары, студенттердің тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында орындаған тапсырмалары тіркеледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыру және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау міндеттері қойыла отырып, Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашалық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады» делінген.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері».

«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.

«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.

Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.

Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.

«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген.

13

Page 12: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» (В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин және т.б.) және «педагогикалық кәсібилік» (А.И.Пискунов, В.В.Косарев және т.б.) ұғымымен теңестіріледі.

Кәсіби құзыреттілікті зерттеуде Н.В.Кузьмина арнайы-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілік, дифференциалды-психологиялық және аутопсихологиялық құзыреттілік сияқты түрлеріне, А.А.Реан, Е.С.Алешина-дифференциалдық-психологиялық құзыреттілікке, М.В.Прохорова-басқарушылық құзыреттілікке, Т.Б.Руденко дидактикалық-әдістемелік құзыреттілікке назар аударса, Ю.В.Варданян, В.И.Журавлев, Т.В.Новикова, Н.Ф.Талызина-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін кәсібиліктің бір баспалдағы, А.А.Вербицкий, А.К.Маркова - мұғалімнің педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік, дағды және қабілеттіліктің, психологиялық сапалардың жүйесі, Е.М.Павлютенков - білім және мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің негізінде педагогикалық қызметті орындау формасы ретінде қарастырған.

Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А.Орлов, И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту – Е.П.Белозерцов, И.А.Колесникова, А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, Н.Д.Левитов, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, Ш.Т.Таубаева; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негізі – Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев т.б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған. Сонымен қатар жекелеген пәндер бойынша біліктіліктерді қалыптастыруға қазақстандық ғалымдар А.Е.Әбілқасымованың, Б.Баймұхановтың, М.Ә.Құдайқұловтың, Ж.А.Қараевтың, А.Нұғысованың, Б.Д.Сыдықовтың, С.Е.Шәкілікованың және т.б. еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.

В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Л.И.Мищенко және т.б. педагогтік мамандықтардың ерекшелігіне орай педагогтің кәсіби құзыреттілігі ұғымын оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық жағынан дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл жағдайда кәсіби құзыреттіліктің құрылымы неғұрлым жалпыдан жекеге бағытталған педагогтік біліктілік арқылы анықталады. Мұғалімнің педагогикалық ойлай білудегі жалпылама біліктілігі кезінде байқалатын теориялық дайындығының мазмұны мұғалім бойындағы аналитикалық, болжамдық, жобалау және рефлексивтік біліктіліктердің болуынан байқалады. Практикалық дайындығының мазмұны педагогтің әртүрлі біліктіліктерінің қалыптасуымен айқындалады. Оларға: құрастыра білу, ақпараттық, дамытушылық және бағдарлық қабілеттерді біріктіретін ұйымдастырушылық қабілеті; перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық техника (жеке оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін көтере білу); қолданбалы біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық аспапта ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушы т.б.) жатады.

14

Page 13: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді.

Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік ұғымына мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік-бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі».

Г.Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына үлкен мән береді. Оның пікірінше, әлеуметтік құзыреттілік - адамның әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің, өзін анықтаудағы субъективтік қабілетінің, әлеуметтік технологияны жүзеге асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері.

Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.

Сонымен қатар қазір негізгі мәселе «Баланы қалай оқыту керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент–мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент–профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент–оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

Педагог оқу іс-әрекетінде ынтымақтаса отырып, баланың бойына түйінді және пәндік құзыреттердің қалыптасуына жағдай жасайды. Ол үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімі осы мақсатқа сай даярлануы керек.

Ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми негіздері: әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білім деп анықтадық (1 сурет).

15

Page 14: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

16Сурет 1 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастырудың негіздері

Әдіснамалықбілім

Теориялықбілім

Мұғалімнің кәсіби-дидактикалық кұзіреттілігінің логикасы

• ғылым әдіснамасы• педагогика әдіснамасы• мұғалімнің әдіснамалық білімдері• кәсіби білім беру педагогикасындағы әдіснамалық тұғырлар (жүйелілік, тұлғалық, әрекеттік, ақпараттық, құзыреттілік, мәдениетнамалық)

• кәсіби-дидактикалық құзіреттілік қалыптастыру теориялары• кәсіби-дидактикалық құзіреттілік қалыптастыруға арналған арн. курстар, семинарлар• жаңашыл тәжірибелерді зерттеу және жалпылау теориясы• педагогика ғылымының жаңалықтарын мектеп практикасын ендіру теориясы • педагогика ғылымы мен практиканың өзара байланыс теориясы

• мектепте ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру теориялары• жалпы орта білім беру теориясы• дидактикалық білім:-мемлекеттік білім беру стандарттары(жалпы орта білім, педагогикалық білім беру)

• білім мазмұны• ЖОО-дағы болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық іс-әрекеті• білім беру және ақпараттық технологиялар

Ғылыми-әдістемелік білім

Әдіснамалық негіздері Теориялық негіздері Ғылыми-әдістемелік негіздері

Мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі

ЖалпыданЖекеге

Кәсіби білім берудің әдіснамалық білімдері (заңдылықтар, ұстанымдар, теориялар, тұжырымдамалар, әдістер, ұғымдар, түсініктер т.б.)

Оқытудың жалпы әдістемесі, яғни жалпы орта білім орта және жоғары педагогикалық білім беру дидактикасы

білім беру практикасы

Page 15: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Зерттеу жұмысы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби- Зерттеу жұмысы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-

дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналғандықтан, дидактика, дидактика дамуының тарихы, дидактикалық жүйелер, мұғалімнің дидактикалық біліктілігінің мәні, олар туралы әлемдік, шығыс, қазақ философиясындағы өрелі ойларға, отандық педагогиканың тұжырымдамалық пікірлеріне талдау жасау қажеттілігі туындады.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделей келе болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ретінде жүйелілік, тұлғалық, әрекеттік, мәдениетнамалық, құзыреттілік және ақпараттық тұғырлар алынды (1 кесте).

Кесте 1 – Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары

Тұғырдың атауы Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру аясындағы мазмұны

Тұлғалық (В.В.Сериков, В.А.Сластенин, И.С.Якиманская)

Тұлғаға субъект ретінде қарау. Тұлғаның өзіндік ерекшелігіне бағыттай отырып, оның әлеуетін, өзіндік сапаларын аша білуге және дамытуға бағдарлау.

Әрекеттік (Н.В.Кузьмина, Т.Г. Браже, Л.С.Рубинштейн, Л.Ф.Спирин)

Тұлғаның өздігінен мақсат қоя білуі, іс-әрекетін жоспарлауы, орындауы, нәтижеге жете білу.

Құзыреттілік ( Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Дж.Равен)

Тұлғаның нақты әрекет пен үдерістерде тиімді, өнімді әрекеттер жасай алу қабілетін, дара тұлға сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды

Мәдениетнамалық (Е.В.Бондаревская, И.Ф. Исаев, Б.С. Гершунский)

Тұлғаның мәдени қалыптасқандығы, дамығандығы, білімділігі, адамдар арасындағы қатынастағы мәдениеттілік нәтижесі

Ақпараттық (Т.О.Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, Б.Д. Сыдықов)

Тұлғаның ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қандай ма болсын істе қолдана білуі.

Жүйелілік (Б.Г. Ананьев, А.Байтұрсынов, Э.Г.Юдин)

Тұлғаның кәсіби дайындығын жүйелі және кәсіби компоненттер бірлігінде жүргізу.

Оқыту үдерісі әрқашан да дидактикалық жүйе деп аталатын белгілі бір психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаға сүйенеді. Дидактикалық жүйе деп оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығын түсінеміз. Ғалымдардың (Г.М.Коджаспирова және т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, біз дидактикалық жүйелер тұжырымдамаларын ұстанған бағытына қарай дәстүрлі жүйе (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт және т.б.), педоцентристік жүйе

17

Page 16: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

(Ж.Ж. Руссо, Л.Н.Толстой, Д.Дьюи, В.Лай және т.б.) және қазіргі заманғы жүйе деп жіктедік.

Дәстүрлі жүйеде оқыту, мұғалім іс-әрекеті негізгі рөл атқарады, мақсаты - дайын білімді беру және меңгерту, оларды қолданудың білігі мен дағдысын қалыптастыру.

Педоцентристік жүйеде үйрену, оқушы іс-әрекеті негізгі рөл атқарады, мақсаты - тәрбиеленуші тұлғасын дамыту және оқушының барлық мүмкіндігін еркін іс-әрекет арқылы ашу.

Қазіргі дидактикалық жүйелерде оқыту мен үйренудің өзара ықпалы, мұғалімнің де, оқушының да іс-әрекеті негізгі рөл атқарады, мақсаты - білімдер жүйесін қалыптастыру және оқушының тұлғасын дамытуды қамтамасыз ету.

Дидактика мәселесі Б.П. Есипов, М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, А.В. Хуторской, И.К. Журавлев, Т.С. Сабыров, Ш.Т. Таубаева, М.Ж. Джадрина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді.

Дидактика барлық пән бойынша және оқу әрекетінің барлық деңгейіндегі оқыту жүйесін қамтиды. Күнделікті өмірде дидактика мен әдістеме бірін бірі қайталайды деген пікір жиі кездеседі. В.В. Краевский: «әдістеме – бұл жеке пән дидактикасы, яғни жалпы дидактикаға «қосымша». Екінші жағынан әдістеме өзінің белгілі бір пәнді оқыту мен оның құралдары арқылы тәрбиелеу сияқты зерттеу пәні бар, өз алдына бөлек пән болып табылады. Сондықтан әдістеме дидактикамен объектісінің (оқыту қызметі) бір болуымен байланысты. Бұл объект бойынша әдістеме бір ғана пәнді қарастырса, дидактика барлық пәнге тән жалпы байланысты қарастырады»,-дейді.

Біз зерттеуімізде бастауышта оқылатын әр пәннің әдістемесі – пән әдістемесі - барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесі – ол бастауыш оқыту дидактикасы деңгейлері бойынша қарастырамыз.

Дидактика мен әдістеменің өзара байланысын біз төмендегіше бейнеледік (2 сурет).

Сурет 2 – Дидактиканың әдістемемен байланысы

Бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытады, сондықтан ол барлық сабақтың әдістемесін, яғни бастауыш оқытудың дидактикасын меңгеруі керек.

18

Дидактиканың әдістемемен байланысы Заңдылықтар, нұсқаулар

Дидактика Әдістеме

Фактілер, мысалдар, ерекшеліктер

Page 17: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Мектептегі оқыту дидактикалық үдеріс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін біліп, оған дайын болуы тиіс.

Жоғары оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы ондағы оқыту үдерісінің тиімді ұйымдастырылуымен тығыз байланысты.

Дидактикалық даярлық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері жатады.

Т.Сабыров дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деп студенттердің оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруін түсіндіре келіп, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында оқыту үдерісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы сияқты дидактикалық қабілеттер болуы керек дейді.

Дидактикалық қабілеттілік – оқу материалын оқушылар жеңіл түсінетіндей, қарапайым меңгерілетіндей етіп жеткізе білу, яғни оқу-тәрбие үдерісін тиімді құра білу.

Дидактикалық біліктілікті біз мұғалімнің білім беру, оқыту қызметін орындаудағы, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс– тәсілдерді меңгеруі деп қарастырамыз.

Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру туралы психологиялық-педагогикалық ережелерді негізге ала отырып, біз бастауыш сынып мұғалімінің «білімді және іс-әрекет амалдарын меңгеру үдерісін басқару» түсінігінің мазмұнын айқындайтын дидактикалық біліктілігін төмендегіше анықтадық: оқу материалын меңгеру мақсатын қоя білу; меңгеру үдерісінде оң ынта туғыза білу; оқу материалын нәтижелі игеруді, қабылдауды ұйымдастыра білу; өтілген материалдарды ой-елегінен өткізуді қамтамасыз ете білу; алған білімді қолдану және қорытындылау білігі мен дағдысын қалыптастыра білу; білімді меңгеру барысын үнемі бақылауда ұстай білу; меңгеру үдерісіне түзету жасай білу.

Педагогикалық теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігі - оның бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы», -деп анықтадық.

19

Page 18: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Зерттеу жұмысында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі теориясы деректемелеріне сүйеніп негізделді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық қағидаларына тұлғаға бағдарлы білім беру (Е.В.Бондаревская және т.б.), біртұтас педагогикалық үдеріс (Н.Д.Хмель және т.б.), пәнаралық байланыс (А.А.Бейсенбаева, Ә.М.Мұханбетжанова және т.б.) теорияларымен бірге студент тұлғасының өзін-өзі дамытуы үшін психологиялық жағдай жасау, бастауышта оқытудың инновациялық түрлерін, педагогикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру қағидалары негізге алынды.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс. Ол студенттің педагогикалық оқу орнына түспестен бұрын басталғанмен, оны бітіруімен бір мезгілде аяқталмайды. Оның педагогикалық мамандыққа қажетті сапалық сипаты кәсіби тұлға ретінде қалыптасуының әр кезеңінде түрліше дамып отырады: педагогикалық мамандыққа түскенге дейін, кәсіби-педагогикалық дайындық кезінде және маман ретінде өз бетінше жұмыс жасауы кезінде. Бірақ осы кезеңдердің арасында адамды кәсіби педагог тұлғасына дейін дамытатын өзара сабақтастық болуы шарт.

Мұғалім бір жағынан өмір сүріп отырған кезеңнің қажеттіліне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай оқытып тәрбиелесе, екінші жағынан, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші, тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет етеді. Әсіресе, қазіргі ақпарат ағыны толассыз құйылған, өзгермелі заманда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалімнің қызметі күрделене түскені белгілі.

Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі қызметінің құрылымының ішінде өзара тығыз байланысты құрастыру, ұйымдастырушылық және коммуникативтік әрекеттер басымдық мәнге ие. Құрастыру қызметі мұғалімнің құрастыру-мазмұндық (оқыту үдерісін жоспарлау, құру мен материалдарды іріктеу) және құрастыру-әрекеттік (өзінің және оқушының іс-әрекетін жоспарлау) қызметтерінен тұрады. Ұйымдастырушылық қызметі – мұғалімнің оқушыларды әрекеттің әр түріне тарта білуімен, ұйымшыл ұжым қалыптастыру және оқушыларды ұжымда жұмыс істей алуға үйрете білуімен анықталады. Коммуникативтік қызметі мұғалімнің оқушылармен, өзге де педагогтармен, ата-аналармен, қоғаммен мақсатты қарым-қатынас орната білуімен айқындалады.

Т.М.Сорокина өз зерттеулерінде бастауыш сынып мұғалімі құзыреттілігі ұғымын, оның кәсіби дайындығының динамикалық, процессуалдық, кәсіби өсу, өзгеру сипатын мотивациялық және әрекеттік тұрғыдан қарастырады.

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің ерекшелігі – көппәнділік. Оның маңызды сипаты гуманистік педагогикалық көзқарастың ерекшелігі мен мұғалімнің педагогикалық ойлауы арқылы жүзеге асатын кәсіби

20

Page 19: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

интегративтік білім мен дағды жүйесінде көрінетін «балаға бағыттылық» болып табылады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің негізгі құраушысы ретінде қарастырған абзал. Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігіне байланысты ол бастауышта оқытылатын барлық пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп, кәсіби-педагогикалық құзыретті бола тұра, оны оқушыларға жеткізе алатын дидактикалық құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды. Олай болса, кәсіби-дидактикалық құзыреттілік-кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің негізгі өзегі.

Жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне сүйене келе, «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігі - педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби және дидактикалық құзыреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қабілеті» деп анықтадық.

Аталған дайындық сапалары болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби -дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Осы айтылғандарды негізге ала отырып, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесінің негізін құрайтын ұстанымдарды былайша белгіледік: маманды даярлауға саралау көзқарас негізінде жүзеге асатын педагогикалық үдерістің мақсаттылығы ұстанымы; мұғалімді терең әдіснамалық және теориялық тұрғыда даярлау қажеттілігі мен осы даярлықтың практикалық-қолданбалық бағыттылығын күшейту арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған теорияның практикамен өзара оңтайлы байланысы ұстанымы; болашақ бастауыш сынып мұғалімін кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың үздіксіздігін сипаттайтын үздіксіздік және сабақтастық ұстанымы және мамандық таңдаудың баламасы ретінде барлық білім жүйесінде (жалпы білім беретін мектептер, шағын комплектілі мектептер, гимназиялар, лицейлер) басқарушылық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік сипаттағы шаралар жүйесін жүзеге асыру негізінде жетілетін жас маманның кәсіби бейімделуі ұстанымы.

Зерттеу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдіснамалық, теориялық, оқу-әдістемелік және ақпараттық технологиялық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды. Жүйеде аталған сапаны қамтамасыз етудің әр бағытының мәні мен мазмұны анықталды (2 кесте).

Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық дайындығында кіші жастағы оқушылардың пәндерді қызығып оқуға ынтасын арттыра білуге дайындығы, болашақ мұғалімнің кәсіби тұлғалық қасиеттері, педагогикалық мәселелерді шеше білу, бастауы шта оқыту әдістері мен технологияларын меңгеруі қалыптасады.

21

Page 20: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Жоғары оқу орнында білім беру үдерісін қамтамасыз ету

бағыттары

Мәні Мазмұны

Әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету

Тұлғаның іс-әрекетте даму теориясы Іс-әрекет теориясы Қабілет теориясы Педагогикалық құзыреттілік теориясы Педагогикалық үдеріс теориясы Инновация теориясы

Әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдерге негізделіп, нәтижеге бағдарланған болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жүйесін жасау; Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда әдіснамалық тұғырларға сүйену.

Теориялық тұрғыда қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында (Жоғары кәсіби білім беру. Бакалавриат. 050102-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша) көрсетілген пәндер мен элективті курстардың мазмұны; ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында көрсетілген пәндер мазмұны бойынша білімдер жүйесі

Жоғары оқу орнында оқыту үдерісін ұйымдастыруда теориялық пәндер мазмұнын меңгерту үшін ОӘК жасау, семинар, практикалық, лабораториялық сабақтардың, педагогикалық және өндірістік практикалардың бағдарламаларын түзу. Қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Оқу-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету

Оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдардың, білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларының, оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу жоспарларының, пәндердің ОӘК-і, оқулықтар мен оқу құралдарының жиынтығы

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын жасау;

050102-БОПӘ мамандығына арналған оқулық, оқу құралдарын жазу; Мамандық бойынша ОӘК дер, силлабустар жасау; Білім беру сапасын басқарудың және бағалаудың ережесін түзу; Жаңашыл тәжірибені оқу үдерісіне енгізу және әдістемелік көмек

көрсету; Элективті оқу курстарының бағдарламаларын жасау.

Ақпараттық-технологиялық тұрғыда қамтамасыз ету

Оқытудың инновациялық және ақпараттық технологиялары мен құралдары білім, білік және қабілет қалыптастыруға көмектеседі

ЖОО да дамытушы оқу ақпараттық орта түзу; Оқыту үдерісінде ақпараттық, компьютерлік, интерактивтік құралдарды, электрондық оқулықтарды қолдану; 050102-БОПӘ мамандығы бойынша электрондық оқулық («Бастауышта математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін шешендік өнерге үйретудің әдістемесі»), электрондық жаттығулар (3 сынып «Мың көлеміндегі сандарға амалдар қолдану», «Шығармашылық тапсырмалар», «Геометриялық элементтер») жасау.

22

Кесте 2 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми -әдістемелік жүйесі

Page 21: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Зерттеу барысында ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу мен кәсіби дайындықтың моделін жасау жолдарына жүргізілген талдау бізге болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің құрамындағы сапа мен қабілеттерді әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық негізгі төрт компоненттерге топтауға және олардың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік жасады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің өлшемдері мен көрсеткіштерінің сипаттамасы 3 - суретте келтірілді.

Қарастырылып отырған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру компоненттері өзара бір-бірімен тығыз байланысты және аталған дайындықтың нақты құрылымын түзеді

Мұндағы компоненттердің алынған өлшемдер (мотивациялық, мазмұндық, үдерістік, бағалаушылық-рефлексиялық) бойынша көрсеткіштерін біз дидактикалық біліктіліктің бес компонентіне (білім, білік, дағды, тәжірибе және қабілет) сүйене отырып дайындадық.

Әдіснамалық компонент болашақ бастауыш сынып мұғалімінің әдіснамалық білімге ынтасы мен қызығушылығын, әдіснамалық тұғырларды, білімдерінің мазмұндық деңгейін, оны өз тәжірибесінде қолдана білуі мен өзінің әдіснамалық білім, білік, дағды, қабілет және тәжірибесінде және өзінің әдіснамалық білім мен білігін бағалай білуінен көрінеді.

Теориялық компонент кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қалыптасуына негіз болатын теориялар мен бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны бағытындағы білімдер жүйесін, оларды жүзеге асырудағы біліктілігін, дағдысы мен қабілеті және теориялық білім, біліктеріне рефлексия жасай білуімен сипатталады.

Әдістемелік компонент бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындағы пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ынтасы, дидактикалық біліктер туралы білімдер жүйесі, оларды практикада қолдана білу және әдістемелік білім, білік, дағдыларын іс-тәжірибеде қолдануын және оны бағалау деңгейінен көрінеді.

Технологиялық компонент болашақ мұғалімнің оқытуда инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы, бастауышта қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктей және қолдана білуі, ақпараттық, компьютерлік технологиялардан сауаттылығы, оларды оқу-тәрбие барысында қолдана білуімен және өзінің технология саласындағы сапалық қасиеттерін бағалау, рефлексия жасауымен өлшенеді.

Мұндағы сипатталған компоненттердің бірлескен қызметі ізделініп отырған кешенді сапаның бар не жоқ екендігін, мөлшерін, деңгейін көрсетеді. Әрине, кәсіби-дидактикалық құзыреттілік сияқты күрделі мәселенің дәл мөлшерін де, деңгейін де өлшеу қиын екені белгілі.

23

Page 22: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

24

Әдіснамалық Теориялық Әдістемелік Технологиялық

Көрсеткіштерінің сипаттамасы

Әдіснамалық тұғырларды білуге ынтасы;

әдіснамалық, теориялық тұғырлардың қажеттілігін түсінуі;

қажетті әдіснамалық тұғырларды іріктей алу;

құзыреттілік теориясы туралы білімдері;

тұлғаның дамуы, рефлексия жайлы білімдері.

Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындағы пәндер мазмұнына қызығушылығы;пәндер мазмұнын білудің міндеттілігін түсінуі;іс-әрекет, тұлға дамуы, құзыреттілік, нновациялық теорияларына қызығушылығы;интеллектуалдық шығармашылық ізденістері;дидактикалық біліктілігін дамытуға деген ұмтылысы.

Пәндерді оқытудың әдістемесін білуге,үйренуге қызығушылығы;ана тілі, қазақ тілі, шетел тілі, математика, информатика, дүниетану, еңбек, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, музыкапәндерінің жеке әдістемесін білуге ынтасы; дидактикалық құзыреттілігін дамытуға бағыттылығы;оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін іріктеуде оқушылардың психологиялық, жас ерекшеліктерін ескеруге ұмтылысы; білімді бағалай білуге ұмтылысы.

Кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті тәжірибеде қолдануға ұмтылысы;

пәндерді оқыту үдерісінде ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдану керектігін түсінуі;

оқытуда инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы;

компьютерлік сауаттылыққа ұмтылуы;

нтерактивті тақта, мультимедиамен жұмыс жасауға ынтасы;

өлш

емде

рм

отив

ация

лық

маз

мұн

дық

әдіснамалық тұғырларды білуі,

әдіснамалық, философиялық білімдерді меңгеруі;

Педагогиканың теориясы мен әдіснамасы жайлы білімдері;

Дамыта оқытудың психологиялық негіздерін білуі;

Философия және ғылыми әдіснама терминологиясын меңгеруі.

Ана тілі, қазақ тілі, шетел тілі, математика, дүниетану, информатика, еңбек, музыка, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері пәндерінің мазмұнын білуі;түйінді құзыреттіліктер туралы білімдер жүйесі;педагогикалық іс-әрекет, құзыреттілік теориясы туралы білімдері;12 жылдық мектепте бастауышта оқыту ерекшеліктерін білу;ғылымның негізгі заңдылықтарын білу.

Дидактикалық біліктілік туралы білімдер жүйесі; ана тілі, қазақ тілі, шетел тілі, математика, информатика, дүниетану, еңбек, музыка, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері пәндерінің жеке әдістемелерін білуі;өзіндік, бақылау жұмыстарын дидактикалық талапқа сай жүргізе алуы;оқушының білімділігін, біліктілік деңгейін анықтауда педагогикалық диагностика әдістерін білуі,оқыту әдістерінің классификациясын білуі.

Бастауышта қолданылатын педагогикалық технологияларды (дамыта оқыту, проблемалық, ойын, компьютерлік, ДБІ, саралап оқыту, зерттеушілік т.б.) білуі;технологияларды іріктеу критерийлерін білуі;оқыту технологияларының мәні мен мазмұнын білуі;ақпараттық және компьютерлік технологиядан сауаттылығы;педагогикалық технологиялардың философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі.

Компоненттер

Page 23: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

25

Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын түсініп, пайдалана білуі;

Пәндердің мазмұнын оқыту үдерісінде қолдана білу;

Идеялар тудыра алушылығы;Зерттеушілік қабілет:

аналитикалық ойлау, болжау, жобалай білу, логикалық ойлай білу;

Тұлғаны дамытуға бағытталған оқу үдерісін жобалай білуі.

үдер

істі

кБ

ағал

ауш

ылы

қ-үд

еріс

тік

әдіснамалық тұғырларды өзінің іс-тәжірибесінде пайдалана алуы;әлеуметтік тәжірибесінің болуы;қарым-қатынас дағдысын меңгеруі;педагогика ғылымының жетістіктерін мектеп практикасына енгізуге дайындығы;оқу-тәрбие үдерісін жобалап, құра білу, сезіну, педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шеше алуы.

Пәндерді оқытудың әдістемелерін оқыту үдерісінде қолдана алуы;

Оқу-әдістемелік кешендермен (оқулық, мемлекеттік стандарт, бағдарлама, әдістемелік құралдар, көрнекіліктер т.б.) жұмыс істей білуі;

Дидактикалық материалдар жасай білуі;

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу тәжірибесінің болуы;

әдістемелік мәселелерді анықтап, оны шеше білу, жіктей, жүйелей білу;

Пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдана алуы;

Пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана алуы;

Оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды жүзеге асыра білуі;

Оқытудың әдіс-тәсілдерін білуі;Дидактмкалық біліктерді жүзеге

асыру іскерлігі.

Әдіснамалық тұғырлардың қолданылу дәрежесін бағалай білуі;

Құбылыстар мен үдерістерді өзіндік талдау дағдысының болуы,

әлеуметтік тәжірибесінің болуы;

өзінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін бағалауда рефлексияға қабілеттілігі;

өзінің дидактикалық қабілетін ой елегінен өткізіп, бағалай білуі.

Теориялық материалдарды меңгеру дәрежесін бағалауы;Рефлексиялық әрекетті жүзеге асыра алуы;Өзінің теориялық білімін бағалай алуы;Кәсіби-педагогикалық эрудиция, мақсат қоя білу;Кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің деңгейін бағалауы.

Өзінің әдістемелік әрекетін бағалай алуы;Жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелерін өз практикасында қолдана алуы;Өзге іс-тәжірибелерді сараптап, қажетін іріктеп ала білуі;Жасалған дидактикалық материалдардың тақырыпқа сәйкестігін бағалауы;Өзінің әдістемелік әрекетіне талдау жасай білуі.

Өзінің ақпараттық технологиялармен жұмысын бағалай білуі;

Электрондық оқулықтармен істелген жұмысты қорытындылап, бағалай білуі;

Нәтижені диагностикалаудың әдістерін білуі;

Электрондық басылымдарды іріктеп, саралай білуі;

Оқушылардың білімін тексеруге және бағалауға дайындығы.

Кәсіби-дидактикалық құзыретті бастауыш сынып мұғалімі

3 суреттің жалғасы

Page 24: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Сурет 3 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері

26

Page 25: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Дегенмен, сипаттаманың болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасындағы ізделініп отырған сапаның шамасынан жалпы мағлұмат беруге мүмкіндігі бар деп есептейміз. Осының негізінде біз ғалымдардың (И.Ф.Исаев және т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің төменгі, орта, жеткілікті және жоғары деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алдық.

Төменгі деңгей (бейімделу)-құзыреттілік туралы түсініктері таяз, кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге ықтиярсыз, дидактикалық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды игеруге құлықты емес.

Орта деңгей (репродуктивтік)-кәсіби құзыреттілік жайлы білімдері, қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес, кәсіби құзыретті мұғалім болудың қажеттілігін сезінеді, дидактикалық біліктілігі болғанмен, оны іс жүзінде қолдануы нашар, көмек қажет етеді, оқытудың жаңа технологияларын қолдануға ұмтылады, бірақ жүйелі емес, өзінің кәсіби әрекетіне баға беріп отыруды дағдыға айналдырмаған, ұжымда жұмыс жасай алады, бірақ үнемі еркін қарым-қатынасқа түсе алмайды.

Жеткілікті деңгей (эвристикалық)-кәсіби құзыреттілікке деген көзқарасы жақсы, дидактикалық біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті бар, бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында жоғары нәтижеге жету үшін қосымша материалдарды, ақпараттарды тауып, оларды іріктей алады, өзінің кәсіби іс-әрекетіне баға бере біледі, мәдени қарым-қатынасқа икемді.

Жоғары деңгей (креативтік) - кәсіби құзыреттілікке деген қызығушылығы тұрақты, оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің мәні деп есептейді, білім, білік пен дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. Педагогикалық қызметте кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, сабақтарды жобалай біледі, ұйымдастыра алады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолданып өткізе алады, адамдармен тез тіл табысады, ұжымда, әлеуметтік ортада беделді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне сәйкес, анықталған компоненттер мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары негізінде құрылымдық–мазмұндық–үдерістік моделі жасалды (4 сурет) және оны тиімді жүзеге асырудың алғы шарттары анықталды:

- кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту барысында қалыптастыру;

- жоғары оқу орнында оқу кезеңінде практикалық дайындықтың үздіксіздігі;

26

Page 26: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

27Сурет 4 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық

құзыреттілігін қалыптастыру моделі

ҚР-ның білім беру саласындағы нормативтік және директивтік құжаттары (Мем.бағд, ҚРМЖМБС т.б.)

Қоғамның кәсіби-дидактикалық құзыреттілік деңгейіндегі бастауыш сынып мұғаліміне сұранысы

Мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру

Мазмұны: студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары және құралдары туралы ғылыми ақпаратты меңгерту (жалпы білім, базалық, кәсіптендіру пәндері, арнаулы курстар, педагогикалық практика, портфолио )

Кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің компоненттері ӘдіснамалықТеориялықӘдістемелікТехнологиялық

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Кәсіби-дидактикалық құзыреттілікті психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту барысында қалыптастыру

ЖОО-да оқу кезеңінде практикалық дайындықтың үздіксіздігі

«Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің негіздері», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» арнаулы курстары

Кафедра ұжымының, ПОҚ-ның студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы мақсатты бағыттылығы және келісімі

Оқу үдерісін оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру және әдістемелік құралдармен, ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету

Болашақ бастауыш сынып мұғалім-нің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу нәтижесі

Кәсіби, дидактикалық ж/е жалпымәдени білім

Кәсіби, дидактикалық білік

Кәсіби практикалық қызмет тәжірибесі

Тұлғаның кәсіби-дид-лық құзыреттілігін қалып. бағыттылығы

Кәсіби-дидактикалық құзыретті бастауыш сынып мұғалімі

Бейімделу уақытынан педагогикалық шеберлік пен кәсібилікке өтуі

Кәсіби қызметте өзін-өзі іске қосу, өзектендіруі

Мұғалімнің КДҚ -нің одан әрі жетілуі және өзбетінше дамытуы

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігіне қойылатын талаптар.

Page 27: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

- болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда «Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің негіздері», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» арнаулы курстарының мүмкіндіктерін пайдалану;

- оқу үдерісін оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру және әдістемелік құралдармен, ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету;

- кафедра ұжымының және профессор-оқытушылар құрамының студенттердің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы мақсатты бағыттылығы және келісімі.

Ұсынылған модель бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде студенттермен төмендегі іс-әрекеттер жүргізілді: инновациялық әдістерді, құралдарды, қазіргі технологияларды қолдана отырып, сапалы білім беру; педагогикалық қызметке, іс-әрекетке ынталандыру; өзін-өзі тұлғалық және кәсіби дамыту, өзін-өзі жетілдіруге дағдыландыру; кәсіби-дидактикалық және тұлғалық даму мен жаңа технологияларды меңгеруді байланыстыруды, педагогикалық, психологиялық диагностика әдістерін меңгеруді үйрету; педагогикалық үдерісті жобалай білу және ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру; студенттерге кәсіби-дидактикалық тәжірибе жинау үшін оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ жүргіздіру; кәсіби-дидактикалық құзыреттілік қалыптастыруды бастауышта оқытылатын пәндердің әдістемелерімен жүйелі байланыстыра жүргізуге машықтандыру.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында педагогикалық-тәжірибе жұмысы ұйымдастырылды.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін тәжірибеде тексеру.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың міндеттері: 1) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің бастапқы деңгейін айқындау; 2) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлерін белгілеу; 3) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналған жүйені тәжірибеге енгізу; 4)тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелерін статистикалық, математикалық өңдеу.

Барлық кезең белгілі бір мақсат аясында жоспарлы түрде жүргізілді. Тәжірибелік-педагогикалық жұмысқа Х. Досмұхамедов атындағы Атырау

мемлекеттік университетінің 050102 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 242 студенті эксперимент тобы ретінде, Ақтөбе педагогикалық институтының, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

28

Page 28: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

технологиялар және инжиниринг университетінің осы мамандықтарының 241 студенті бақылау тобы ретінде алынды.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарды өткізуде ғылыми - педагогикалық, психологиялық, тарихи және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасай отырып, қойылған проблемаға алдын-ала тиянақты талдау жасау; зерттеу проблемасына байланысты теориялық және практикалық еңбектерді талдау; эксперимент жұмысын жүргізудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін қарастыру; жүйелі түрде ақпарат жинақтау және экспериментті ұйымдастыруға түзетулер енгізу сияқты тиімділік шарттарын басшылыққа алдық.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың анықтау эксперименті кезінде осы мәселенің қазіргі кездегі зерттелу барысы, оған әсер ететін жағдайларды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіп, оны болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштеріне сүйеніп жасалған кешенді әдістеме көмегімен жүзеге асырдық.

Кешенді диагностикалау әдістемесі бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби- дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін пайдалана отырып жасалған бірі арқылы бірін тексеру нәтижесінде нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелер жиынтығынан тұрады. Диагностикалық инструментарий 3 - кестеде көрсетілген.

Анықтау экспериментінің нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыста эксперименттік топ арқылы тексеру бағытында арнайы жұмыс ұйымдастырудың және оны өткізудің қажеттігін туғызды.

Кесте 3 – Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігінің қазіргі жағдайын анықтаудың диагностикалық инструментарийі Критерийлері

Көрсеткіштері Диагностикалық әдістемелер мен әдістер

Кәс

іби

лік

ке

ы

нта

сын

ың

бо

луы

Өзінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін дамытуға деген қызығушылығы мен талпынысы

«Мамандық таңдауда қателескен жоқсың ба?» сұрақ – жауап; «Өз мамандығың туралы бірер сөз» сұхбат.

Кәсіби–дидактикалық құзыреттіліктің мәнін, қажеттілігін білуі

«Кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің мәні, қажеттілігі» туралы әңгіме; «Құндылықтар пирамидасы» әдістемесі.

Өзін кәсіби маман ретінде сезіну және өзіне кәсіби қызметтің субъектісі ретінде қарау

Анкета; кәсіби құзыреттілікке әсер ететін факторларды ранжирлеу; өзіне мінездеме жасау.

29

Page 29: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Кәс

іби

қы

змет

тің

тео

ри

ялы

қ –

әдіс

нам

алы

қ н

егіз

дер

ін м

еңге

руі

Дидактикалық біліктілігі, сауаттылығы

Сабақ және күнтізбелік жоспарлар; сауалнама; қосымша материалдармен жұмыс

Педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби құзыреттілік тұрғысындағы негіздерін өз тәжірибесінде пайдалана алуы

Теориялық тапсырмалар, іскерлік ойындар, өткізген сабақтарға талдау

Педагогикалық үдеріс теориясының негіздерін пайдалана алуы

Теориялық тапсырмалар; іскерлік ойындар; өткізген сабақтарға талдау

Оқытудың технологиялары туралы түсінігі

Тест тапсырмалары; теориялық тапсырма; сауалнама

Бастауышта оқытылатын пәндердің ғылыми негіздерінен білімдер жүйесі

Тест тапсырмалары; теориялық және практикалық тапсырмалар; педагогикалық міндеттерді шешу

Түйіндік құзыреттіліктер (проблеманың шешімін табу, коммуникативтік, ақпараттық т.б.) туралы білімдер жүйесі

Сауалнама; практикалық тапсырма

Оқ

ыту

дың

әді

стер

і м

ен о

ны

оқ

у үд

еріс

інде

ж

үзег

е

асы

руд

ы

мең

гер

у

Кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін тәжірибеде қолдана алу біліктері

Сабақ өткізу және оны жазбаша талдау

Пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды және компьютерді пайдалана алуы

Практикалық тапсырма; бақылау, сабаққа қатысу; талдау

Оқушылардың түйіндік құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістерін жүзеге асыра алу біліктері

Практикалық тапсырма; аяқталмаған сөйлемдер әдісі

Дидактикалық біліктерді жүзеге асыра білудегі іскерлігі

Теориялық тапсырма; сабақтарға қатысу және оны жазбаша талдау

Шығармашылық қабілетінің болуы

Шығармашылық жұмыстарға талдау; проблемалық ситуацияларды шешу

Өзі

нің

ж

әне

өзге

нің

іс

-әр

екет

ін

баға

лай

ал

у

қаб

ілет

інің

бо

луы

өзінің педагогикалық іс - әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді талдап, бағалай алу

Сауалнама; Н.В. Кузнецованың бағалау және өзінің ұмтылысын бағалауы; бақылау

нәтижені диагностикалаудың әдістерін білу

В.П. Симоновтың әдістемесі

алға мақсаттар белгілей білу Жоспарлау; жобалау

Зерттеу барысында қарастырылған теориялық-әдіснамалық қағидалар, анықтау экспериментінің нәтижелері, оларды болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың өлшемдерімен салыстыру, жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің мазмұны мен ерекшеліктерін ескеру бізге қалыптастыру экспериментінің төрт

30

3 – ші кестенің жалғасы

Page 30: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

кезеңнен тұратын бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Әр кезеңнен кейін студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің деңгейі тексеріліп отырды.

Қалыптастырудың бірінші кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің элементтерін қалыптастыруға жалпы білім беру пәндерінің әсері мен жоғары оқу орны педагогтарының қызметін теориялық семинар арқылы үйлестіруге мән берілді. ЖОО оқытушысының әр пән бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуына қолайлы әсер ететін, яғни студенттердің мамандығына ынтасын, қызығушылығын арттыратындай «элемент» болуына назар аударылды. Бұл пәндер арқылы студенттердің дүниетанымы, түсінігі кеңейіп, құбылыстар мен үдерістерге ғылыми тұрғыдан қарауға үйренеді, адамдармен өзара қарым-қатынасын реттеуге ұмтылыс пайда болады. Осы кезеңде оқытушылармен пікір алмасулар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, олардың әрқайсысының өз пәндерінің болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың бір буыны екенін сезіндіруге назар аудардық. Оқытушылар үшін 10 сағаттық теориялық семинар ұйымдастырылды. Семинарда оқытушылармен болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары туралы ашық пікір алмасулар, осы мәселе төңірегіндегі ғалымдардың пікірлері мен әдістемелері талданып, оқытушылардың кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға оң көзқарасын дамытуға жұмыстандық. Нәтижесінде пән оқытушыларының мәселеге қызығушылығы байқалып, әр сабақтарында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған материалдар, әдістер, технологиялар пайдалануды күнделікті жоспарына енгізе бастады.

Бұл кезеңде студенттерге болашақ мамандығының негізі болатын, кәсіби құзыреттілікке апаратын интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін дамытуға, тұлға ретіндегі сапаларын қалыптастыруға, өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білуге бағытталған тапсырмалар пайдаланылды, оқу үдерісінде студенттердің ғылыми ізденістерін тиянақты орнатуға күш салынды, себебі қалыптастырудың келесі кезеңдерінде студенттерге кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты берілетін тапсырмаларды орындауда ғылыми ізденістер, ғылыми жұмыстармен айналысуға тура келеді.

Сөйтіп, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың келесі кезеңдеріне алғы шарт жасалды.

Бірінші кезеңнен кейін студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінде аз да болса оң өзгеріс болды. Төмен деңгей азайып, орта және жеткілікті деңгейлер көтерілді. Бірақ жоғары деңгей әлі көрінбеді, бұл заңды деп есептейміз, себебі бұл кәсіби – дидактикалық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың негізгілері әлі жүзеге аспаған кезең. Бірінші кезеңде біз көбіне болашақ мұғалімдерді өздерінің мамандықтарына ынтасын көтеріп, өзінің мамандықты дұрыс таңдағанына сенімін арттыруға баса назар аудардық.

Қалыптастырудың екінші кезеңінде студенттерге базалық пәндер блогының педагогикалық-психологиялық циклдағы және тіл, әдебиет,

31

Page 31: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

математика, жаратылыстанудың теориялық негіздері пәндері арқылы кәсіби құзыреттіліктің теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгертуге, жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық үдерістің мәні, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, әлеуметтенуі, оқытудың теориясы мен әдістері, дидактиканың көкейкесті мәселелерімен танысып, мамандығына, кәсіби құзыреттілікке біршама жақындай түсуіне мүмкіндік жасауға ықпал еттік.

Бұл кезеңде студенттердің өзіне болашақ кәсіби маман ретінде қарап, өзін -өзі тануға, өзін кәсіби қызметтің субъектісі ретінде сезінуіне ерекше көңіл бөлінді. Базалық пәндер циклы бойынша өзіндік жұмыстарда студенттердің дидактикалық біліктілігін, дидактикалық қабілетін дамытуға бағытталған сауалнама, қосымша материалдармен жұмыс сияқты тапсырмалар жүйесі бойынша жұмыс жүрді. Студенттердің оқыту теориясынан әдістемеге, әдістемеден технологияға көшу механизміне, педагогикалық және әдістемелік пәндерді жақындастыра білуіне назар аударып отырдық. Сол сияқты студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға теориялық тапсырмалар, іскерлік ойындар, өткізген сабақтарға талдау, шығармашылық жұмыстарға талдау, проблемалық ситуацияларды шешу, аяқталмаған сөйлемдер әдісі және т.б. тапсырмалар арқылы қалыптасу деңгейі тексерілді.

Психологиялық-педагогикалық циклдағы пәндерді зерделеу негізінде оқушыларды тұлға ретінде танудың жолдарын үйреніп, мектеп жасындағы балалардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын меңгеруіне назар аударылды.

Екінші кезеңнен кейін алынған бақылау бастапқымен салыстырғанда студенттердің қалыптасу көрсеткіштерінің жоғарылағанын байқатты. Төменгі және орта деңгейдегі студенттер саны біршама азайып, жеткілікті деңгей көрсеткен студенттер саны көбейді. Студенттердің 8,4% -і жоғары деңгей көрсетті.

Осы кезеңде студенттердің өздерінің болашақ мамандықтарына деген оң құндылық көзқарастары, ынтасы, өзіне болашақ кәсіби маман ретінде қарауы, мұғалімдік жұмыс этикасына бейімделуі байқалды. Жақсы мұғалім болу үшін теориялық білімнің басымдығын сезіне бастады. Дегенмен, төменгі деңгейдегі студенттер саны жойылмай, орта деңгей ұстаған студенттер саны барлық студенттің үштен бірінен көп екені бізден жұмысты әлі де жандандыра түсуді талап етті.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың үшінші кезеңінде кәсіптендіру пәндерінен алатын білім, білік, дағды негізге алынды.

Әдістемелік пәндердің әрқайсысының оқыту әдістемесін, технологиясын меңгеру олардың дидактикалық біліктілігін арттыруға, «төменгі сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының технологиясы», «педагогикалық шеберлік» пәндері болашақ мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру шеберлігіне, баламен жұмыс істей білу сапасына әсер етсе, «ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі» зерттеушілік технологиясын меңгеріп, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға

32

Page 32: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

үйренуге көмектесіп, кәсіби құзыреттілік тұрғысынан жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға ықпал етті деп есептейміз. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында пәндерден дәріс оқитын, практикалық, семинар сабақтарын жүргізетін оқытушылардың өз жұмыстарына құзыреттілік қалыптастыру тұрғысынан қарау назарда ұсталды.

Әдістемелік пәндерден «портфолио» әдісімен әр студент өзіне материалдар қорын жасады. Практикалық сабақтарда сабақ жоспарларын, күнтізбелік жоспарлар жасау, тест тапсырмаларын құрастыру, іскерлік ойындар арқылы тәжірибелерін шыңдай түсті. Студенттердің ғылыми–ізденіс жұмыстарына қатысы белсендіріліп, әр студенттің өз зерттеу тақырыбы айқындалды. Рефераттар, курстық жұмыстар студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды.

Оқу және педагогикалық тәжірибелер барысында студенттерге тәжірибенің бағдарламасына сай кәсіби – дидактикалық құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын арнайы түзілген жүйе бойынша тапсырмалар беріліп, орындалуы тексеріліп отырды.

Студенттердің дидактикалық білім, білік және дағдыларын дамыту мақсатындағы «Бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің негіздері» оқу курсы жүргізілді. 45 сағатқа (1 кредит) арналған оқу курсының теориялық бөлімі: 1) әртүрлі тарихи кезеңдердегі дидактикалық жүйелердің даму генезисі, дидактикалық зерттеудің негізгі бағыттары, дидактика және әдістеме, дидактиканың негізгі қызметтері; 2) таным тәсілдерін меңгерудің құралы ретіндегі оқыту үдерісі, оқу үдерісіндегі іс-әрекеттің түрлері және ерекшеліктері, оқушының іс-әрекет тәсілдерін меңгерудегі мұғалімнің рөлі, оқушының таным әрекетінің субьектісі екендігі; 3) қазіргі оқыту технологиялары, оқыту технологияларын іріктеу және жобалау; 4) дидактикалық құзыреттіліктің жеке сипаты, дидактикалық біліктілік, зерттеушілік-шығармашылық әрекетті ұйымдастыра білу туралы студенттердің білімін молайтуға, семинар, практикалық сабақтарда теорияны тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» арнаулы курсы студенттердің болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретіндегі кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін теориялық жағынан да, практикалық жағынан да қалыптастыруға үлкен мүкіндік жасады. Олар бастауыш мектеп мұғалімінің тұлғасы, мұғалімнің жалпы және кәсіби мәдениетінің өзара байланыстылығы туралы теориялық біліммен қатар семинар, пікір алмасу, дискуссия, талқылауларда өз ойларын ортаға салып, бұл жөнінде өздерінің қаншалықты білім, біліктерінің бар екенін көрсетіп отырды.

Оқушылардың интеллектуалдық әрекетін қалыптастыру барысында басшылыққа алынатын педагог-психолог ғалымдардың дамыта оқыту үдерісінің ғылыми негіздемесі (Л.С.Выготский), оқушыларды жалпы психологиялық дамыту (Л.В.Занков), оқушылардың білімді меңгеруге жалпы қабілеті тұрғысынан ойлауы (Н.А.Менчинская), шығармашылық ойлауын дамыту (З.И.Калмыкова), ойлау амалдарын қалыптастыру (Е.Н.Кабанова-

33

Page 33: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Меллер), оқытуды оқушының тұлғалық сапаларын дамыта отырып ұйымдастыру (Г.А. Цукерман, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин) жөніндегі тұжырымдамаларының мәні мен мазмұнын зерделеді.

Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы бастауыш мектеп мұғалімі кәсіби қызметінің сапалық мазмұнына қойылатын талаптармен танысып, бастауыш сынып мұғалімінің үздіксіз даму үдерісіндегі әлеуметтік - мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын, құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болу керек екенін өздерінің міндеті ретінде түсінді.

Проблемалардың шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктердің қалыптасу жолдарын іздестірді.

Арнаулы курстар нәтижесі олардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін тиімді болғанын көрсетті. Студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілік туралы түсініктері кеңейіп, оларды өз бойларында қалыптастыруға ұмтылыстары артты.

Үшінші кезеңде атқарылған жұмыстар студенттердің кәсібилікке ұмтылу құлшынысын, баламен жұмыс істеуге деген қызығушылығын арттырып, дидактикалық біліктілігін көтеруге үлкен әсер етті.

Анықтау эксперименті кезінде алынған сауалнаманы студенттер арасында қайтадан жүргізгенімізде олардың жауаптарынан теориялық білімдері мен дидактикалық біліктерінің алғашқыдан әлдеқайда жақсарғанын байқадық.

Сөйтіп, үшінші қалыптастыру кезеңі болашақ мұғалімдердің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда біраз ілгерілеушілікке мүмкіндік жасады.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың соңғы төртінші кезеңі алдындағы кезеңдерде зерделеген теориялық, практикалық білімдерін тәжірибеде қолдануға машықтануға арналды. Соңғы курстағы өндірістік тәжірибе барысында жүзеге асырылатын тапсырмалар жүйесі жасалып, орындалуы қадағаланды. Педагогикалық тәжірибе кезінде студенттердің мектептің әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік шараларына кеңінен қатысуы, өздерінің ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын өткізуі жүзеге асырылды. Сабақтарда оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын қолдану, дидактикалық талаптардың орындалуы, ақпараттық технологияны пайдалану назарда ұсталды.

Біздің зерттеу жұмысымыз математика пәнінің мысалында болғандықтан, студенттерге математика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер, тест тапсырмаларын түзу, дидактикалық тапсырмалар топтамасын жасау, анализ және синтез әдістерімен есепті талдау үлгісі, оқулықпен жұмыс істеу: есептерді бағытына қарай классификациялау, мемлекеттік стандартта көрсетілген міндетті және мүмкіндік деңгейінің материалдарын оқулықтан іріктеу сияқты тапсырмалар беріліп, студенттер оны тиісті дәрежеде орындай алды.

34

Page 34: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

Қорытынды кезеңде ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, студенттерге түйінді құзыреттіліктердің қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалар пайдаланылды.

Студенттердің өзін кәсіби маман ретінде сезінуін, өзіне сенімін арттырып, мұғалім ретінде қалыптасуға мүмкіндік беретін амалдардың бірі – «Болашақ жыл мұғалімі» конкурсы өткізілді.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға тиімді әсер ететін жұмыстардың бірі–жаңашыл мұғалімдер тәжірибесін үйрену. Бұл тұрғыда да студенттер көптеген практик мұғалімдердің сабақтарына қатысу, оны талдау, «жыл мұғалімі», бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық әртүрлі байқауларына көрермен ретінде қатысып, өз тәжірибелерін байытуға мүмкіндік алды.

Соңғы кезеңнен кейінгі студенттердің қалыптасу деңгейі біршама жақсы жағына өзгерген. Төменгі деңгейдегі студенттер жоқ, орта деңгейдегі студенттер саны да азайып, көпшілік студент жеткілікті деңгейге жеткен. Эксперименттік топ студенттердің төрттен бір бөлігі жоғары деңгейден көрініп отыр.

Бұл көрсеткіш болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін жүйелі де мақсатты жұмыс нәтижеге жеткізетінін көрсетеді.

Эксперимент тобының тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында әр деңгей бойынша көрсеткіштері туралы мәліметтер 5 суреттегі диаграммада пайыз (%) есебімен көрсетілді.

5 сурет- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің диаграммасы

Эксперименттік топтың бақылау қорытындыларын бақылау тобының бастапқы және қорытынды бақылау нәтижелерімен салыстырдық (3 кесте).

35

Page 35: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

3 кесте - Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуының тәжірибелік – педагогикалық жұмыстан

кейінгі деңгейінің өзгерісі (бастапқы және қорытынды бақылау (% есебімен)

Топтар

Деңгейлер төмен орта жеткілікті жоғарыБастапқы бақылау

Қорытынды бақылау

Бастапқы бақылау

Қорытынды бақылау

Бастапқы бақылау

Қорыт бақылау

Бастапқы бақыл

Қорытынды Бақылау

Эксперименттік топ

43,2 - 52,5 13,2 4,3 61,7 - 25,1

Бақылау тобы

44,7 34,2 50,5 52,1 4,8 12,3 - 1,4

Кестеден бақылау тобында аздаған өзгерістер бар екені, ал эксперименттік топта жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың оң нәтижесі байқалады. Атап айтар болсақ, анықтау эксперименті басында эксперимент тобындағы студенттердің 43,2 %-і төменгі деңгейді көрсеткен болса, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен студенттер болмады; жоғары деңгейді бастапқыда ешбір студент көрсете алмаса, эксперимент соңында олар 25,1% ке жетті; жеткілікті деңгей алғашында студенттердің 4,3%-ін құраса, соңында 61,7% болды; орта деңгей алғашында 52,5% болса, эксперимент соңында 13,2% ге төмендеді.

Эксперименттік және бақылау тобы студенттерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуының (эксперименттің басы мен соңы) даму деңгейі көрсеткіштерінің динамикасын 6 және 7 суреттерден көруге болады.Экспериментке дейінгі көрсеткіш (% есебімен)

6 сурет- Студенттердің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігі деңгейінің көрсеткіштері (экспериментке дейінгі)

Эксперименттен кейінгі көрсеткіш (% есебімен)

36

Page 36: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

7 сурет- Студенттердің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігі деңгейінің көрсеткіштері (эксперименттен кейінгі)

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің негізгі тұжырымдарын ғылыми негіздеу аяқталып, зерттеу нәтижелері практикаға енгізілді; бақылау диагностикасы жүргізілді; зерттеу нәтижелеріне талдау, жүйелеу, жалпылау, қорытындылау жұмыстары жүзеге асырылды.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында алынған әдістер мен құралдар жүйесінің, зерттеу барысында қолданылған оқытудың қазіргі технологиялары мен әдістеменің тиімділігін бағалау үшін мониторинг мұғалімдер студенттерді, студенттер мұғалімдерді бағалау түрінде жүргізілді. Студенттік кәсіби дайындық деңгейін көрсететін ұстанымдар мен өлшемдер бойынша өзін-өзі бағалау, қарым-қатынас жасай білудің психологиялық тренингі, пәндік және психологиялық тестілер, сауалнама, эксперименттік топтардағы студенттердің мектепте жұмыс істеуге кәсіби (психологиялық, теориялық және практикалық) дайындықтарының деңгейін бақылау, студенттердің кәсіби маман ретінде қалыптасуына әсер ететін «Болашақ жыл мұғалімі» конкурсы, «Дөңгелек стол» т.б. шаралар өткізілді.

Эксперимент жүргізу барысында алынған деректерді талдап, оларды математикалық және статистикалық өңдеу әдістерін қолданып, студенттердің әр кезең нәтижесіндегі өзгеру динамикасы құрылды. Осылайша, тәжірибелік –педагогикалық жұмыс кезіндегі болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасу көрсеткішінің динамикасына талдау жүргізілді.

Сонымен, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесінде «егер, жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс болашақ бастауыш сынып

37

Page 37: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың көкейкестілігі мен болашақ дамуына бағытталған ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік тұғырларға негізделсе, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жүйесі жасалса және ол жүзеге асырылса; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұнының моделі және оны меңгеру әдістемесі ұсынылса және жоғарғы оқу орнында оқу барысында белгілі бір дәрежеде барлық студентке ол әдістеме меңгертілсе; жоғары оқу орнында қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуына тиімді жағдайлар жасалынса, онда болашақ мұғалімнің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасып, мұғалімнің кәсіби сапасы артады, өйткені кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің мазмұны мен әдістемесі жалпы орта білім және жоғары мектеп дидактикасындағы тұжырымдамалар, теориялар мен идеяларға негізделіп жасалды» деген жорамал расталды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Диссертациялық жұмыс жоғары білім берудің көкейкесті мәселелерінің бірі – орта білім берудің ең маңызды буыны бастауыш сынып мұғалімін дайындауда оның кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналды.

Арнайы жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыста қол жеткен нәтижелер төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1 Қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтап, мамандардың құзыреттілігін көтеруді талап етіп отырғандығына байланысты болып отыр.

2 Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі - әлеуметтік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді құзыреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады.

3 Бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы, әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр

38

Page 38: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

студенттің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасуында оларды өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал етеді. Іс-әрекеттік тұғыр болашақ мұғалімнің іскерлігінің, жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына түрткі болады. Жүйелілік тұғыр студенттің білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне үйретеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда құзыреттілік тұрғыдан келу дайындықтың мазмұнын таңдауға және мақсатын белгілеуге, нәтижелі білім беруде пәндік және түйінді құзыреттіліктерді айқындауға себеп болды. Мәдениетнамалық тұғыр болашақ мұғалімнің қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастағы мәдени қатынастардың негізі ретінде олардың адамилық, өркениеттік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Ақпараттық тұғыр қазіргі заман талабына орай болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін дамытуға себепші болады.

4 Болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негізі біртұтас педагогикалық үдеріс, оқыту үдерісіндегі пәнаралық интеграция, құзыреттілікті қалыптастыру, инновациялық теорияларына сүйенеді.

5 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында көрсетілген жалпы білім, базалық, кәсіптендіру пәндері, педагогикалық тәжірибелермен қатар арнайы ұйымдастырылған оқу курстары («Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру», «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби – дидактикалық құзыреттілігінің негіздері»), болашақ мұғалімдерді дайындауға тікелей қатысты профессор-оқытушылардың жұмысын осы бағытқа бағдарлау, факультет, кафедра жұмыстарының бірлігі арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін біртұтас ғылыми-әдістемелік жүйесі жоғары педагогикалық оқу орнындарының оқу-тәрбие үдерісін жаңа мазмұнмен толықтырады.

6 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуы әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттердің бірлігінде және өлшемдер мен көрсеткіштердің негізінде жасалған құрылымдық – мазмұндық – үдерістік модельге байланысты.

7 Студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда болашақ маман дайындайтын оқу орны профессор-оқытушыларының осы бағыттағы және білім, ғылым саласындағы жаңалықтардан хабардар болып, өз білімдерін үздіксіз көтеріп отыруларының маңызы зор.

8 Зерттеу барысында теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау арқылы бастауыш сыныптың болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру жоғары оқу орындарында маман даярлаудың бүгінгі күнгі талаптарын ескере отырып жасалған бүртұтас, жүйелі жұмысының

39

Page 39: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

сапалы құрылған мазмұнда жүргізілуіне және болашақ мұғалімнің өзінің ынтасы мен жігеріне, ұмтылысы мен қызығушылығына байланысты екені анықталды.

Зерттеу жұмысы бойынша төмендегідей ұсыныстар әзірленді: 1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындауда

университетте білім беру үдерісінде кәсіби-дидактикалық құзыреттілік қалыптастырудың мүмкіндіктерін пайдалану өз жемісін беретіндігін үнемі назарда ұстау, ол үшін ұсынылып отырған ғылыми-әдістемелік жүйені негізге алуға болады.

2 Бүгінгі әлеуметтік, педагогикалық және кәсіби дайындықтың сұранысын қанағаттандырудың басты бағыты - болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық курсын жоғары оқу орнының типтік оқу жоспарына міндетті пәндер қатарына енгізу керек.

3 Мамандыққа дәріс оқитын профессор-оқытушылардың қызмет бағдарын жұмыстың негізгі арқауы кәсіби құзыреттілік қалыптастыруға бағытталатындай дәрежеге көтерген жөн.

4 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартымен үйлестіруді ескеру керек.

5 Күтілетін нәтижені және оның түрлері мен тәсілдерін өзгерту. Студенттің базалық, кәсіптендіру пәндерін меңгерудегі күтілетін нәтижесі олардың кәсіби біліктілігін түйінді құзыреттіліктер негізінде әлеуметтік - құқықтық, ақпараттық - технологиялық, тілдік аясында өзбетінше көтере білу және жүзеге асыру қабілетіне байланысты екендігін үнемі назарда ұстау;

6 «Бастауыш мектептегі байқау сабағы» және өндірістік тәжірибелердің мазмұнына кәсіби-дидактикалық құзыреттілік қалыптастыру бағытына бейімдеп өзгерістер енгізу керек.

7 Университеттің педагогикалық факультеттерінде студенттердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін кеңейтуге арналған ғылыми жобалар түрлерін ұйымдастыру және осы бағыттаға жұмыстарды жандандыру қажет.

Қарастырылып отырған мәселе өте ауқымды және тың болғандықтан, ол толық зерттеліп болды деуге болмайды. Келешекте болашақ бастауыш сыныптың мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасуының біртұтас жүйесін студенттердің зерттеушілік, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бағыттарында құруға болады.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:Монография, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар:

1 Математикалық білім беруде қазіргі технологияларды қолдану: оқу құралы. - Алматы: “Өлке”, 2002. -160 б.

2 Бастауыш сынып математика есептері мен мысалдары: есептер жинағы. -Алматы: “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2001. -51 б.

40

Page 40: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

3 Студенттерді мұғалімдік мамандыққа кәсіби даярлау (Әдістемелік жинақ). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. -Атырау: 2006. -77б. (Б.Д. Қалимұқашевамен авторлық бірлестікте)

4 Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы: оқу құралы.-Атыорау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. - 2008. -151 б.

5 Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі (электрондық оқу - әдістемелік құрал). -Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. 2006. -162б.

6 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру: оқу курсының бағдарламасы. -Алматы: «Әрекет-Print». -2008. - 18 б.

7 Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамасы, теориясы және технологиясы: Монография. - Алматы: «Әрекет-Print». -2009. - 310 бет.

Ғылыми мақалалар мен баяндамалар8 Болашақ мұғалімдердің ақпараттық іскерліктерінің қалыптасуы –

олардың жаңа технологияны меңгеруінің құралы. //“Еңбектер” 3 том “ХХІ ғасырда білім беру және тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басым бағыттары”. Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Шымкент, 2001. -Б.90-92.

9 Бастауыш сынып математикасында қолданылатын оқыту технологияларының негізгі ерекшеліктері мен сипаттамалары және оларды таңдау критерийлері //“Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тәжірибе, проблемалар және перспективалар: тәжірибе, проблемалар және перспективалар”: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Атырау, 2001. -Б.316-321.

10 Оқытудың қазіргі технологияларын қолдану арқылы оқушылар белсенділігін арттыру жолдары //“Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында жоғары педагогикалық білім беруді реформалау: тәжірибе, проблемалар және перспективалар: тәжірибе, проблемалар және перспективалар”: халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2001. -Б.321-328.

11 Бастауыш сынып мұғалімдерінің өз бетінше кәсіби білімін көтеруінің теориялық мәселелері // Бастауыш мектеп. -Алматы, 2001. -№ 12. -Б.51-52.

12 Болашақ мұғалімдерді өзінің кәсіптік білімін жетілдіруге дайындау- оқытудың қазіргі технологияларын меңгертудің қажетті шарты // Республикалық “Досмұхамедов оқуларына” арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2002. -Б.117-120.

13 Болашақ мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын қолдануға дайындығын әлеуметтік-педагогикалық пәндер арқылы қалыптастыру // «ХХІ

41

Page 41: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

ғасырға – сапалы біліммен»: облыстық ғылыми – практикалық конференция материалдары. 1 бөлім. -Атырау, 2003. -Б. 53-57.

14 Бастауыш сынып математикасы бойынша электрондық жаттығулар жасақтау технологиясы //«ХХІ ғасырға – сапалы біліммен»: облыстық ғылыми – практикалық конференция материалдары. 1 бөлім. -Атырау, 2003. -Б.57-63. (А.Хамметовпен авторлық бірлестікте)

15 Оқу үрдісінде оқытудың жаңа технологиясын қолдану – бүгінгі күн талабы // «ХХІ ғасыр – оқытудың жаңа технологиялар ғасыры»: облыстық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары. -Атырау, 2004. -Б.20-24.

16 Оқытудың жаңа технологиясын қолданып оқушылар белсенділігін арттыру жолдары // «Применение новых технологии в образовании: проблемы и пути их решения»: Республикалық ғылыми–практикалық конференция материалдары. -Ақтау, 2005. -Б.88-92.

17 Жоғары білім жүйесінде бәсекеге қабілетті бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау мәселелері // «Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі»: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2006. 1 том. -Б.13-17.

18 Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру //«Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі»: Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2006. 1 том. -Б.18-21.

19 Математиканы оқыту әдістемесі пәнінен студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру //«Проблемы высшей школы – сквозь призму новых идей»: халықаралық симпозиум материалдары. -Көкшетау, 2006. -Б.71-73.

20 Деңгейлік саралау технологиясын бастауышта математиканы оқытуда қолдану // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы. -Атырау, 2006. -№ 2 (7). -Б. 225-228.

21 Құзыреттілік-кәсіби маман дайындығының басты сапасы // Республикалық ғылыми-практикалық конференция «Компетентностная ориентация в развитии высшего профессионального образования в Республике Казахстан: состояние, проблемы и перспективы». -Алматы, 2007. -Б.126-128.

22 Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің математикалық біліктілігін қалыптастыру //Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру: қазіргі жағдайы, тенденциялары және даму мәселелері»: халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2007. -Б.384-389.

23 Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасының кепілі // «Бәсекеге қабілетті маман дайындаудың өзекті мәселелері»: облыстық ғылыми – практикалық конференция материалдары. -Атырау, 2007. -Б.7-11.

24 Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияны қолдана білуге даярлау //«Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді реформалау:

42

Page 42: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

тарихы, тәжірибесі және болашағы»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. –Атырау, 2007 -Б.140-143.

25 Педагогикалық оқу орындарында мұғалімнің дидактикалық біліктілігін қалыптастыру // Академик З.Қабдолдың 80 жылдығына арналған “Қазақ әдебиеті және қазіргі заман”: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -Атырау, 2007. -Б.158-159.

26 О необходимости формирования дидактической компетентности будущего учителя начальных классов //“Педагог кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы инновациялық технологиялар мәселесі және даму ерекшеліктері”: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2008. -Б. 298-303.

27 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларды есеп шығаруға үйретуде шығармашылыққа тәрбиелеуге бағыттау // “Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау: мәселелері, шешу жолдары”: аймақтық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары. -Атырау, 2008. -Б.100-103.

28 Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби дидактикалық біліктілігін қалыптастыру жолдары //Ұлт тағылымы. -Алматы, 2008, -№1(1) -Б. 82-85.

29 Дидактическая компетентность будущего учителя начальной школы // М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. -Орал, 2008, №1, -Б.141–147.

30 Х.Досмұхамедовтың бастауышта математиканы оқытуға қосқан үлесі // Х.Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл толуына арналған “Х.Досмұхамедов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері”: Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. –Атырау, 2008. -Б.143-145.

31 Методологические основы формирования дидактической культуры учителя начальных классов в системе университетского образования // Альманах «Продуктивное образование»: от школьного проекта – к профессиональной карьере: материалы международной конференции / Под ред. Е.А. Александровой. - Саратов: ООО Издательство «Научная книга», 2008. Выпуск 11. -С.246 – 249.

32 Құзыреттілік – педагогтің кәсіби дайындығының маңызды сапасы //Білім-Образование. - Алматы, 2008. -№ Б. 41.

33 Педагогическая направленность и профессионально-значимые качества учителя начальных классов // Қазақстан кәсіпкері (Профессионал Казахстана). -Алматы, 2008. -№11(66), -Б. 19-21.

34 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби-әдістемелік құзыреттілік тұрғысынан даярлау мәселелері // «Қазақстандағы психология ғылымының көкейкесті мәселелері: теориясы, тәжірибесі және болашағы»: Республикалық ғылыми практикалық конференция материалдары. -Атырау. 2008. -Б.78 – 80.

35 Бастауыш мектептер дамуының үрдістері // Қазақстан мектебі. -Алматы. 2009, -№5. -Б.56-59.

36 Технология формирования математической культуры будущих учителей начальных классов // Сборник «К единству России: аспекты

43

Page 43: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

регионального и национального взаимодействия». Материалы региональной научно-практической конференции с международным участием. - Элиста: ЖАО НПП «Джангар» 2009, -850. -С. 623-626.

37 Мектептің бастауыш және негізгі сатысында математика пәнін сабақтастыра оқыту мәселелері // Бастауыш мектеп. -Алматы, 2009. -№4. -Б.26-30.

38 Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дидактикалық құзыреттілігі- педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі факторы // Білім берудегі менеджмент. –Алматы, 2009. -№1. -Б. 73-75.

39 Математическая подготовка учащихся ориентированная на результат // Ізденіс. –Алматы, 2009. -№ 2. -Б.280- 283.

40 Бастауыш сыныпта математикалық білім беру барысында оқушы тұлғасын қалыптастыру // Қазақстан жоғары мектебі. - Алматы, 2009. -№ 4. -Б.16-19.

41 Бастауыш сынып оқушыларының математикалық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру // «Қазіргі заманғы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі инновацияның даму перспективалары мен мәселелері»: халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. -Алматы, 2009. -Б.113-115.

42 Характеристика особенностей развития ключевых профессиональных компетенций у будущих учителей начальных классов //«Наука и новые технологии». Республиканский научно – теоретический журнал. -Бишкек, 2009. -№5. -С.271-274.

43 Бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлауын қалыптастыру // Білім-Образование. -Алматы, 2009. -№ 5(47). -Б.20-22.

44 Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы – бастауыш сынып мұғалімін кәсіби дайындау мазмұнын құрудың негізі //Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы. –Атырау, 2009. -№ 3(14). –Б.57-60

45 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұны // Бастауыш мектеп. -Алматы, 2009. -№11. -Б.3-4.

46 Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық ұстанымдары мен тұғырлары (Ш.Таубаевамен авторлық бірлестікте) // «Инновациялық экономика жағдайында Каспий өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемалары»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Атырау, 2009. -Б.13-16.

47 Бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың отандық тәжірибелері // «Қазақстандағы білім және ғылым тарихының ұлттық болмысы»: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Арқалық, 2009. -Б.196-200.

48 Основы профессиональной естественнонаучной компетентности //Фундаментальные и прикладные проблемы получения новых материалов: исследования, инновации и технологии. Материалы IV международной конференции. –Астрахань, 2010. -С. 252-254.

44

Page 44: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

РЕЗЮМЕ

БАРСАЙ БАКЫТ ТЕЛЖАНКЫЗЫ

Научно-педагогические основы формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов

13.00.08 – Теория и методика профессионального образования

Актуальность исследования. По государственному стандарту всеобщего обязательного образования РК содержание среднего образования направлено на усвоение совокупности ключевых компетентностей: умение разрешения проблем, коммуникативная и информационная, ориентированных на достижение результатов образования, учитывающего особенности каждого ученика.

В связи с этим возникает необходимость подготовки конкурентоспособных учителей, обладающих необходимыми важными качествами, знаниями и умениями, обладающие профессиональной компетентностью, главной составляющей для учителей начальных классов которой, является профессионально-дидактическая компетентность.

Проблемой исследования является научное обоснование процесса формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов. Данная проблема обусловила выбор темы.

Цель исследования – научно-педагогическое обоснование и разработка методической системы формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

Объект исследования - система профессиональной подготовки будущих учителей начальных классов в вузе.

Предмет исследования - процесс формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

Гипотеза исследования – процесс формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов будет эффективным, если:

- педагогический процесс в вузе будет основан на научно-теоретической и научно-методической теории, которые направлены на актуальность и развитие, создается и реализуется система формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

- будет создана модель формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов и предложена методика её усвоения студентами высших учебных заведений в определенной степени;

- будут созданы благоприятные условия для использования учителями начальных классов современных педагогических и информационных технологий, тогда будет сформирована профессионально-дидактическая компетентность будущих учителей на высшем уровне, улучшатся

45

Page 45: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

профессиональные качества учителей, так как содержание и методика формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов основываются на теории и идеях дидактики начального образования и высшей школы.

Задачи исследования:1. Определить и отобрать теоретико-методологические подходы к

формированию профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

2. Раскрыть сущность и содержание понятия «профессионально-дидактическая компетентность будущих учителей начальных классов»;

3. Разработать педагогическую систему формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

4. Разработать структурно – содержательную - процессуальную модель формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов;

5. Разработать методику формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов

6. Экспериментально проверить эффективность предлагаемой системы и методику формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов в ходе опытно-педагогической работы, подготовить методические рекомендации по исследуемой проблеме.

Методы исследования: изучение и теоретический анализ философской, социологической, психологической, педагогической литературы по теме исследования; наблюдение, анкетирование, беседа, тестирование; эксперимент; изучение и анализ учебных планов, учебных и типовых программ, государственных общеобязательных стандартов высшего профессионального образования педагогических специальностей; анализ и обобщение передового педагогического опыта; статистическая и математическая обработка полученных результатов исследования.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования: 1. Обоснованы методологические подходы формирования

профессионально - дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

2. Определены теоретические основы формирования профессионально -дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

3. Определены сушность и содержание понятий «профессионально -дидактическая компетентность», «профессионально-дидактическая компетентность будущих учителей начальных классов».

3. Разработана научно - методическая система формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов.

4. Создана структурно – содержательно - процессуальная модель формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов в единстве мотивационного, содержательного,

46

Page 46: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

технологического и результативного компонентов, определены критерии и показатели сформированности искомого качества.

5. Разработана методика формирования профессионально-дидактической компетентности будущих учителей начальных классов и предложены рекомендации по подготовке учителей начальных классов в образовательном процессе вуза.

Практическая значимость исследования состоит в том, что полученные результаты практико-ориентированного характера находят широкое применение в профессиональной подготовке будущих учителей начальных классов и внедрены в учебные процессы в вузах западного региона.

Разработанные учебно-методические материалы внедрены в учебный процесс высших учебных заведений, а также в общеобразовательные школы и колледжи.

На защиту выносятся следующие положения:1. Методологическими основами формирования профессионально-

дидактической компетенции у будущих учителей начальных классов выступают теория познания, деятельности и системности;

2. Теоретическими основами формирования профессионально-дидактической компетенции у будущих учителей начальных классов являются личностно-ориентированное образование, теория непрерывного педагогического процесса, теория межпредметной интеграции;

3. Научно-методическая система формирования профессионально – дидактической компетентности будущих учителей начальных классов, состоящая из методологического, теоретического, учебно-методического и информационно-технологического обеспечения.

5. Модель формирования профессионально – дидактической компетентности будущих учителей начальных классов включает в себя цели, задачи, педагогические условия, содержание, методы и средства обучения, технологии, методику формирования и результат.

6. Профессионально – дидактическая компетентность будущих учителей начальных классов, дающая возможность дать образование подрастающему поколению - будущему нашей страны, научного видения картины мира.

Перспективы исследования. В перспективе данное исследование может иметь направления в аспекте изучения исследовательской компетентности студентов, а также проблем формирования у студентов вышеназванных видов компетентности: информационнной, коммуникативной и др. Дальнейшее исследование проблемы может быть проведено в направлении расширения диапазона проектирования дидактических систем, обеспечивающих внутрипредметную и межпредметную интеграцию в совокупности с индивидуализацией и дифференциацией развивающего обучения.

47

Page 47: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

SUMMARY

BARSAY BAKHYT TELZHANKYZY

Scientific-pedagogical foundations of professionally-didactic competence of future teachers of elementary classes

13.00.08 – Theory and methods of professional education

Topicality of the research. 1) The primary school teacher’s professionally-didactic competence is

groundless from the scientific point of view, as a basic element of pedagogical competency;

2) Currently the primary school teacher’s professionally-didactic competence is necessary in a comprehensive school;

3)Absence of scientific-methodical system in the formation of professionally-didactic competence of future primary school teachers;

4) Lack of students’ special courses in the formation of professionally-didactic competence

5) Lack of figures and criteria for determination of maturity level in the formation of professionally-didactic competence of future specialists

The purpose of research - scientific-pedagogical rationale and development of teaching systems, the formation of professional and didactic skills of future primary school teachers.

The object of study - vocational training system for future elementary school teachers in high school.

The subject of investigation - the process of forming a professional-didactic competence of future teachers of elementary classes.

The hypothesis of the study If the pedagogical process in the university will be based on the scientific and theoretical, and scientific-methodological theory, which are directed for the actuality and development, the formation system of future primary school teacher’s professionally-didactic competence is created and it will be implemented; If formation model of future primary school teacher’s professionally-didactic competence will be created and methods of its learning will be offered and it will be learned by students of higher education establishments to some extent; If there are favourable conditions for use of modern pedagogical and information technologies by primary school teachers, then future teachers’ professionally-didactic competence will be formed at the highest level, professional quality of teachers will be improved, since there occurs a possibility for improvement of professionally-didactic competence of future primary school teachers.

Scientific novelty and theoretical significance of the study:- Grounded theoretical and methodological principles of forming professional

and didactic skills of future primary school teachers.

48

Page 48: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

- Determined the essence and contents of conceptions of “didactic competence of future teachers of elementary school "," professional-didactic competence”.

- Collaborated a system of professionally-didactic competence of future teachers of primary classes.

- On the basis of the unity of motivation, content, technology and efficient components designed structurally informative model of professional didactic competence of future teachers of elementary classes and defined criteria and indicators.

- Created a method of forming a professional-didactic competence for future elementary school teachers and recommendations on a broad introduction to the educational process of higher education experience in the preparation of elementary school teachers.

The practical significance of the study is that the results are practically-oriented nature are widely used in the training of future primary school teachers and introduced into the educational processes Atyrau State University named after H. Dosmukhamedov, West Kazakhstan State University named after M. Utemisov, the Caspian state university of technology and engineering named after Sh Esenova, Aktobe State Pedagogical Institute, Atyrau College of Humanities named after K. Dutbaevoy and Atyrau Institute of advanced training and retraining of teachers.

For defense there are delivered the following provisions:1. The methodological basis of primary school teacher’s professionally-didactic

competence formation. 2. The theory of personal-directive education, the theory of pedagogical

tendency, the theory of action are the theoretical basis of formation of professionally-didactic competence while training of future primary school teachers;

3. Theoretical basis on development of professional and didactical competency system on training teachers of initial classes – the theory of personally-directed education is the principle direction in development of professional and didactical competency of future initial form teachers, theory of pedagogical process – is a subject of development of professional and didactical competency of future teacher, the action theory – is methodological basis of development of professional and didactical competency of future initial form teachers, and occupational directivity of person – is considered to be the basis of development of professional and didactical competency of future initial form teachers.

4. «Future primary school teacher’s professionally-didactic competence is determined as personal basic qualities of a teacher and psychological and pedagogical and theoretical knowledges, compliance with professional and didactic competence, ability to uninterruptedly develop personal and professional qualities» «scientific basics of all primary school subjects, their content, general training method, as well as a method associated with the specific character of a certain subject, a full acquirement of the technology, applied in training, the didactical requirements of training process (professional qualities, determined by principle and

49

Page 49: Болашақ Бастауыш Сынып Мұғалімдерінің Кәсіби – Дидактикалық Құзыреттілігін Қалыптастырудың Әдіснамалық

regularity of training, form of training, guidelines, results evaluation methods, etc), enough knowledge for implementation, learning, ability, skills», are recommended as a basis of determining the competency for the primary school teachers.

5. The scientific-methodical system of primary school teacher’s professionally-didactic competence formation is offered by “general to personal” logic, on the basis of methodological, theoretical, guidance and informative and technological provision.

6. Methodological, theoretical, methodical and technologic components are - the pattern of development of professional and didactical competency of future initial form teachers that is formed according to components, on the ground of parameters, indications and levels.

7. Professional and didactical competency of future initial form teachers gives them an opportunity to educate the oncoming generation - the future of the country in a professional level.

Perspectives of the research:In the future, the study may be the direction in the aspect of learning research skills of students, as well as the problems of formation of the students’ different types of competence: information, communicative.

50