Пайғамбар өсиеттері

14
П П А А Й Й Ғ Ғ А А М М Б Б А А Р Р Ө Ө С С И И Е Е Т Т Т Т Е Е Р Р І І

Transcript of Пайғамбар өсиеттері

Page 1: Пайғамбар өсиеттері

ППААЙЙҒҒААММББААРР

ӨӨССИИЕЕТТТТЕЕРРІІ

Page 2: Пайғамбар өсиеттері

2

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Пайғамбар өсиеттері

Кіріспе

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

«Әй мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман

болған күйде ғана өліңдер!» (әл-‘Имран сүресі, 102-аят).

«Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан

оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді

таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар! Сол арқылы өзара сұрасқан

Аллаһтан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар! Шәксіз Аллаһ сендерді

Бақылаушы» (ән-Ниса сүресі, 1-аят).

«Әй мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер! Аллаһ

істеріңді оңалтып, күнәларыңды кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа,

Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады» (әл-Ахзаб сүресі, 70-

71-аяттар).

Одан кейін:

Шын мәнінде, ең жақсы сөз – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл

Мұхаммедтің жолы. Ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген жаңалықтар, ал

әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық,

ал әрбір адасушылық Тозақта.

Уа, Аллаһтың құлдары! Жаратушы Раббымыз адам баласына ақиқатты

жеткізуші, насихат етуші, қуандырушы әрі ескертуші ретінде ардақты Елші

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын - салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм)

жіберді. Жаббар Иеміз елшісін бізді қараңғылықтан жарыққа шығаратын сәуле

етіп, адасушылықтардан тура жолға бастайтын нұр етіп жіберді.

Page 3: Пайғамбар өсиеттері

3

Аллаһ Елшісі (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) алғаш пайғамбар болған сәттен

бастап жұртшылықты ең әуелі – Аллаһтан өзге біреулерге құлшылық қылудан

бас тартып, тек жалғыз Аллаға ғана ғибадат етуге шақырды. Яғни таухид

(бірқұдайшылық) сеніміне шақырды. Осы сенім жұрттың жүрегінде мықты

бекіп, сол арқылы Жәннатқа кіру үшін барлық күш-жігерін салды.

Хақ Тағала пайғамбарды күпірлік түнегінен иман нұрына бастайтын жолсерік

етіп жіберді. Сондықтан, біз пайғамбарымыздың өзінен кейін қалдырған

насихаты мен өсиеттерін алуға тырысуымыз қажет. Оның айтқан әрбір сөзі –

даналыққа толы қазына!

Дәл қазіргі уақытта жер бетін мекендейтін адамзаттың көпшілігі дүние қуып

бір бума ақша тапсам деп байлықтың ізінен жүгіріп жүр. Ал сіздер, Аллаһтың

мейірімімен, асыл өсиеттер мен насихаттар алу үшін Аллаһтың үйіне

келдіңіздер. Жұрттар үйіне доллар мен теңге алып қайтып жатса, сіздер, Аллаһ

қаласа, Пайғамбардың өсиеттерін алып қайтасыздар! Сол себепті мен сіздер

өте бағалы, қазыналы өсиеттер алып қайтуларыңызбен шын жүректен

құттықтаймын!

Пайғамбарымыздың (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) өсиеттері өте көп. Біз

бүгін соның бірімен танысуға мүмкіндігіміз бар. Зәйд ибн Арқам былай деп

баяндаған: “Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһқа Оны

көріп тұрғандай құлшылық ет! Егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.

Және өзіңді өлдім деп есептей бер! Сондай-ақ, мазлұмның1 дұғасынан сақ бол,

себебі оның дұғасына міндетті түрде жауап беріледі» - деді”.

Қараңыздар, пайғамбарымыздың қандай керемет өсиеті! Шын мәнінде, бұл

өсиет – адамның бұ дүние мен о дүниедесінде бақытты болуының кепілі!

Азаптан құтылудың кепілі. Неге деп сұрайтын шығарсыз. Себебі, азаптан

құтылу үшін кісі Аллаһқа бойұсынып, күнәлардан аулақ болуы керек. Бұдан

басқа жол жоқ. Ал осындай насихаттар бізді Аллаһқа бағынып, күнәлардан

абай болуға итермелейді.

Кейбіреулер маған хадис айтпай-ақ қой, мен бұл хадисті естігенмін, қайталай

бермеші дейді. Мүмін кісі пайғамбардың сөздеріне ешқашан тоймайтын

шығар. Әркез оқыған сайын хадистердің ішінен өзіне керек, жүрекке қажет

рухани азық табады.

Назар салып қараңыз, пайғамбарымыз «Аллаһқа Оны көріп тұрғандай 1Мазлұм – зұлымдық көрген адам. Яғни біреу оған зұлымдық жасаған.

Page 4: Пайғамбар өсиеттері

4

құлшылық ет! Егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр. Және өзіңді өлдім

деп есептей бер! Сондай-ақ, мазлұмның дұғасынан сақ бол, себебі оның

дұғасына міндетті түрде жауап беріледі» дейді. Елестетіп көріңізші, егер

мұсылман кісі осы сөздерді естігеннен соң соған амал ете бастаса, ол Аллаһқа

бағынатын, күнә жасаудан қорқатын, басқаларды ренжітпейтін, әділетсіздік

қылмайтын, зұлымдық қылмайтын, алдамайтын, өсек айтпайтын, жала

жаппайтын, ғайбаттамайтын, өзгені тілімен тырнамайтын, қолымен зиян

тигізбейтін ғажап тұлға болмай ма?! Бұл насихат – шынымен саф алтыннан да

қымбат сөздер емес пе?!

Егер біз осы өсиетке құлақ түріп, соған амал етер болсақ, өміріміз түбегейлі

өзгерер еді. Әрбір жанның жеке өмірі де, жалпы қоғамның дамуы да асқақтай

түсер еді. Пайғамбардың бұл хадисі бір құлақтан кіріп, екінші құлақтан шығып

кететін жәй бос сөз болып қалмасын, бауырлар! Егер осы сөздерді ұстанар

болсақ, ақиқатында, бақытқа жетеріміз сөзсіз.

«Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық ет!

Егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр»

Әй, адам баласы! «Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық ет! Егер сен Оны

көрмесең, Ол сені көріп тұр» делінген хадисте. Бұл мурақабатуллаһ деп

аталады, яки Аллаһ Тағала бізді әрдайым бақылап тұратынын сезіну. Жалғыз

өзің қалған кезде, жұртшылықтың көзінше, күндіз де, түнде де Аллаһ саған

қарап тұрғанын сезіну. Сен айтқан әрбір сөзің, ойлаған ойың, жүрегің мен дене

мүшелеріңнің әрбір қозғалысын Аллаһ қадағалап тұрғанын сезіну. Қай жерге

барсаң да сен Аллаһтың бақылауындасың!

«Расында, Аллаһ сендерді Бақылаушы» (Ниса сүресі, 1-аят).

«Көрмедің бе? Аллаһ көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі

сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі Ол әлбетте бестің алтыншысы Аллаһ.

Тағы бұлардан аз немесе көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге

болады. Содан кейін Қиямет Күні оларға не істегендерін білдіреді.

Шүбәсіз Аллаһ әр нәрсені толық Білуші» (Мужадала сүресі, 7-аят).

Әй, адам баласы! Өзіңді әркез Аллаһтың қадағалап тұрғанын сезінуге үйрет!

Аллаһ Тағала жаныңнан қалмайтын екі періштені саған қосып қойғанын

ұмытпа! Олар сенің не істегеніңді, не айтқаныңды, не деп сыбырлағаныңды

жазып отырады. Олар тіпті науқастың ыңырсыған дауысын қалыс қалдырмай

жазып алады. Жақсы сөз айтсаң да, жаман сөз айтсаң да жазылады. «Расында,

Page 5: Пайғамбар өсиеттері

5

адамзатты жараттық. Оған нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені

Біз оған күре тамырынан да жақынбыз» (Қаф сүресі, 16-аят). Яғни сенің не

ойлағаныңның барлығы Аллаһқа мәлім. «Оның оңынан да, солынан да екі

байқаушы отырады» (Қаф сүресі, 17-аят), яғни, екі періште не істеп, не

қойғаныңды тіркеп жазып отырады. «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды,

алдында аңдушы дайын» (Қаф сүресі, 18-аят). Олар ауыздан шыққан сөзді,

істеген қимыл-әрекетті аңдып отырады.

«Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар. Ардақты жазушылар.

Олар не істегендеріңді біледі» (Инфитар сүресі, 10-12-аяттар).

Қиямет Күні не істегеніңді көресің, әрбір ұсақ-түйек амалдарыңды көресің.

Тіпті майда-шүйде істеріңді тіркеп жазып алғаннан кейін саған алып келіп

көрсетеді. Жақсылық қылсаң – оны көресің, жамандық қылсаң – оны да көресің,

еш нәрсе жасырын қалмайды. Амалдарың жазылған кітабыңның ішінде

барлығы баяндалған.

«Сол Күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының

арасы мен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды. Аллаһ

сендерді Өзі сақсындырады (ескертті). Аллаһ құлдарына тым жұмсақ» (әл-

‘Имран сүресі, 30-аят).

Әр адамның істеген амалы мойнына байланады. Аллаһ Тағала ол туралы: «Әр

адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ Қиямет Күні оның

кітабын шығарамыз. Оған (кітабы) ашылған түрде кездеседі. “Кітабыңды

оқы! Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің” (делінді)» - дейді (Исра

сүресі, 13-14-аяттар).

Қиямет Күні ізгі, тақуа кісі кітабын оң жағынан (алдынан) алады да, ашып келіп

оқыған кезде қатты қуанғаннан айқайлап шаттана бастайды. Өмірде бұдан

асқан зор қуаныш жоқ. Себебі, бұл мәңгілік құтылдың, саған ендігәрі

жамандық жоламайды деген игі хабар. Ол кітабын оң қолына ұстап, жоғары

көтеріп адамдарға: «”Алыңдар, кітабымды оқыңдар!” – дейді. “Расында мен

осы есепке кездесетініме сенген едім”» (Хаққа сүресі, 19-20-аяттар), яғни мен

осы Қиямет Күні болатынына, ол күні есеп болатынына сенген едім дейді.

Ал Аллаһқа бойұсынбаған күнәһар өз кітабына қараған сәтте ішіндегі өмір

бойы жасаған күнәларын көріп, қатты қайғыға түсіп дірілдей бастайды. «Амал

дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәһарлардың одан қорыққанын

көресің. Олар: “Бізге нендей өкініш! Бұл не кітап! Мына кітапта

кішкентай, үлкен күнә тастамай бәрін түгендепті” – дейді. Сондай-ақ олар

істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік

Page 6: Пайғамбар өсиеттері

6

қылмайды» (Кәһф сүресі, 49-аят).

Әй, Аллаһтың құлдары! Өздеріңді әрдайым Аллаһ мені қадағалап қарап тұр

деген сенімге үйретіңдер!

Пайғамбарымыз да (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) сахабаларды осыған

үйрететін. Әбу Зарр (оған Аллаһ разы болсын) деген сахаба былай деп

баяндаған: “Менің сүйіктім (пайғамбар) маған: «Аллаһтан Оны көріп

тұрғандай қорық, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр» деп өсиет еткен

еді”.

Пайғамбарымыз (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) Ибн ‘Умардың иығынан

ұстап: «Бұл дүниеде бөтен елдің азаматы немесе сапардағы адам сияқты

бол!» - деген.

Бір күні Пайғамбарымызға (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) бір кісі келіп: “Әй,

Аллаһ елшісі! Маған бір сөздер айтыңыз, бірақ ол сөздер қысқа болсын!” – деді.

Сонда Пайғамбарымыз (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) оған: «Аллаһты көріп

тұрғандай намазды қоштасып бара жатқан адам секілді оқы, егер сен Оны

көрмесең, Ол сені көріп тұр!» - деген.

Әй, адам баласы! Аллаһ Тағала сені үнемі бақылап тұрғанын есіңде ұстап,

өзіңді соған тәрбиеле және күнәлардан аулақ бол! Сонымен қатар, егер бір

жерде жалғыз өзің қалсаң, “мен жалғызбын” деп айтпа! Өйткені, Аллаһ сол

сәтте сені бақылап тұрады. Істеп жатқан ісіңді Аллаһ байқамай қалады деп

есептеме! Аллаһтан жасырын қалатын еш нәрсе жоқ.

Бір әйел шөл далада жалғыз өзі қалған. Әлгі әйелді көрген бір бедуин арсыздық

жасағысы келіп оны азғыра бастайды. “Қорықпа, қорықпа! Бізді анау аспандағы

жұлдыздардан басқа кім көріп тұр?” – деген бедуиннің сөзіне, әйел: “Ал

жұлдыздардың Раббысы қайда қалды сонда?!” – деп жауап берген екен.

Омар ибн Хаттаб халифалық құрып тұрған заманда бір қыз бен оның анасы сүт

сауып сатумен айналысады екен. Бірде анасы қызына сүтке су қосып сатайық

деген ой тастайды. “Омар олай істеуге тыйым салды ғой” – деген қыздың сөзіне,

анасы: “Омар бізді көріп тұрған жоқ” – деген. Сонда әлгі ақылды қыз: “Анашым,

егер Омар көріп тұрмаса, Омардың Раббысы көріп тұр ғой” – деп қайырған екен.

Қиямет Күні ешқандай көлеңке болмайтын күні Аллаһ Тағала бір көлеңке

жаратып оған жеті адамды паналатады. Сол жеті адам туралы айтылатын

хадисті естеріңе түсіріңдерші! Солардың жетеуі де осы Аллаһтың әрдайым

бақылап тұратынын сезінген жандар. Сол жетеудің бірі – әділетті патша.

Page 7: Пайғамбар өсиеттері

7

Патшада билік болады, ол қалағанын істейді, бірақ әділетті патша ешқашан

олай бассыздық қылмайды, себебі ол Аллаһтың оны әркез бақылап қарап

тұратынын сезініп қорқады. Немесе сол жетеудің екіншісі – сұлу, бай-бақуатты

әйел зина жасауға шақырған кезде “Мен Аллаһтан қорқамын” деген жас жігіт.

Немесе сол жетеудің үшіншісі – жалғыз өзі қалған кезде Аллаһтан қорқып

жылаған кісі.

Міне, айтайын деген Пайғамбарымыздың бірінші өсиеті осы.

«Және өзіңді өлдім деп есептей бер!»

Хадистің жалғасында пайғамбарымыз (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм): «Және

өзіңді өлдім деп есептей бер!» дейді. Яғни, дәл осы мезеттен бастап өзіңді о

дүниелік болғалы тұрмын деп сана! Өзіңді қаза тапқандардың тізіміне іліктім

деп ойла! Өйткені, сен ерте ме, кеште пе – түбі о дүниелік боласың. Себебі, өлім

айтып келмейді, ол кенеттен ойламаған жерден шыға келеді. Аллаһ Тағала

әрбір тіршілік иесінің тағдырына жан тапсыратынын жазған. Өлім бір сәтке де

кешікпей өз уақытында келеді.

Аллаһ Тағала: «Әрбір жан өлімнің дәмін татады» - деген (Әл-‘Имран сүресі,

185-аят).

Аллаһ Тағала былай деген: «Бүкіл жер жүзіндегілер өлім құрығынан

құтылмайды» (әр-Рахман сүресі, 26-аят).

Біз уақыт өткен сайын өз өлімімізге қарай бет алып барамыз. Шын мәнінде,

біздің өмірім сүріп жатқан осы күндеріміз – өлімге алып баратын кезеңдер.

Күн өткен сайын өлімге қарай қадам басып барамыз. Бәлкім, өлімнен асқан

ақиқат жоқ. Бірақ арман-қиялдарымыз осы ақиқатты бүркемелеп, көзімізге

тұсау болады да тұрады. Сондықтан өлімді тым алыс сияқты көретініміз рас.

Иә, бүгін біреу қайтыс болыпты, бірақ мен тірімін ғой деп ойлаймыз. Өзімізше

өлімнің маған қатысы жоқ деп топшылап қоямыз.

Жастық шағында Аллаһ Тағалаға құлшылық қылуды ұмытқан жанды нашар

адам екен дейміз, ал шашына ақ түскен кісі құлшылық қылмай қойса – оны

ақымақ, жексұрын деуден басқа шарамыз жоқ. Ол не нәрсеге үміт артып жүр

екен?! Кімнен не күтіп жүр?

Page 8: Пайғамбар өсиеттері

8

О дүниеге Аллаһқа жағатын істермен, сауаптармен, тақуалықпен аттанбай ма?!

Ізгі іс жасап, қайырымдылық қылып әзірленбей ме?! Өмір сүретін

күндеріміздің саны белгіленіп қойылған.

«Және өзіңді өлдім деп есептей бер!»

Суфиян ибн ‘Уяйна: “Адам баласы үш жағдайда өзін бөтен сезініп, уайым мен

қорқынышқа салынып, ең ауыр қинышылыққа түседі: біріншісі – ана құрсағынан

шығып, осы дүниеге келген сәтте. Кішкентай сәби өзін бұ дүниеде бөтен сезініп

ыңғайсызданады. Себебі, ол ана құрсағында жатып үйренісіп қалған, шыққасын

көрмеген нәрселерін көріп қиналады. Екіншісі – адам бұ дүниеден о дүниеге аттанған

сәтте. Ол бұ дүниеде алпыс-жетпіс жыл өмір сүргесін осы өмір оған өз үйі

істпеттес болып кеткен. Осы мезетте де қатты қиналады. Себебі, ол көрмеген

мақұлықтарды көріп қатты қиналады. Ол періштелерді көре бастайды. Үшіншісі –

адам Қиямет-қайым болған кезде шет-шегі жоқ сан мыңдаған өзі сияқты

адамдардың арасында қайта тірілген сәтте қатты қиналады. Өйткені, ол күні

Аллаһ Тағала үкім шығару үшін бірде-бір адам баласын қалдырмай жинап алады. Осы

үш жағдайда ауыр қиыншылықтан құтқаратын тек тақуалық” – деген екен.

«Және өзіңді өлдім деп есептей бер!»

Себебі, өлім сені аңдып жүреді. Қай жерге барсаң да ізіңнен қалмайды.

Тағдырыңа жазылған күні келіп бас салып ұстап алады.

Аллаһ Тағала былай деген: «Расында сендер қашқан өлім – әрине ол

сендерге кездеседі» (Жұма сүресі, 8-аят). Яғни сән-салтанат құрып, бай-

бақуатты бола бастаған кезде, табыс тауып, ақша жинап қорың енді көбейген

мезетте, үй тұрғызып, коттедж көтерген шақта, міне, нағыз рахат өмір басталды

дей берген сәтте өлім келеді де, сені алып кетеді. Жоғары лауазымға ие болып,

өз офисіңде, өз кабинетіңде отырған сәтте, немесе өз дүкеніңде сауда сатып

отырған сәтте өлім келеді де, сені алып кетеді. Өлім сенің тамыр-танысыңа,

сенің істеп жатқан маңызды ісіңе, сенің дамыған бизнесіңе қарамастан алып

кетеді. Сен ауада ұшып жүрсең де, жер бетінде жүрсең де, суда жүзіп жүрсең

де – өлім келіп сүйреп алып кетеді. Өзің қашқан өлім алдыңнан шыға келеді.

Аяттың жалғасында «Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаһқа

қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді

(хабарлайды)» делінген (Жұма сүресі, 8-аят).

Тағы Аллаһ Тағала былай дейді: «Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты

қорғандарда болсаңдар да өлім жетеді» (Ниса сүресі, 78-аят).

Page 9: Пайғамбар өсиеттері

9

Қандай нәрсеге қарасаң да – сол нәрсенің ақыры бар. Жүзіңді қай жаққа бұрсаң

да, көріп тұрған заттардың барлығы жоқ болады, топыраққа айналады. Тек

Аллаһ Тағала ғана мәңгілік. Жинаған дүние-мүлік, артта қалған ұрпақ –

бұлардың барлығы сенен кетеді немесе сен олардан кетесің.

Өткен замандарда өмір сүрген әміршілер қайда?! Өлім келген кезде сол

патшалардың байлығы, билігі қайда қалды?! ‘Ад қауымы мәңгілік өмір сүріп,

жер бетіне нығайып бекігісі келген еді, беки алмады. Сүлеймен пайғамбарға

жел, жындар мен адамдар бағынған еді, бірақ бұл да оны өлімнен құтқара

алмады. Жер бетінде билік құрып, жұртты ашса алақанында, жұмса

жұдырығында ұстаған билеушілер қайда?! Ең құрығанда олардан қалған

сыбдыр естимісің?! Түбі Раббымыздың алдына барамыз. Осыны ұмытпағайсың,

бауырым!

«Және өзіңді өлдім деп есептей бер!»

Сондықтан, сол өлімге дайындал! Тиын-тебен, байлық жинау арқылы емес, ізгі

амалдар мен сауаптар арқылы дайындық жаса! Өйткені, күн санап о дүниеге

қарай бет алып барамыз.

Қараңыздар, өткен жұмада тірі кісілер, бүгінгі жұмаға жетпей қайтыс болып

кетті. Кеше ғана жердің бетінде жүр еді, енді бүгін жердің астында жатыр. Сен

бүгін топырақ басып жүрсең, ертең сол топыраққа көмілесің. Ал жердің

үстінде басқа адамдар жүретін болады. Олар сені тіпті еске де алмайды.

Сондықтан, Аллаһпен кездесетін күнге тақуалықпен қамданып ал!

Көп байлық жинамай-ақ қой, ерте ме, кеше пе оларды тастап кетуге тура

келеді. Бір күні Хасан әл-Басри бір кісімен бірге біреудің жаназасына қатысқан

екен. Хасан әл-Басри әлгіге: “Мына қайтыс болған жан тірі болса, Аллаһ разы

болатын сауапты істер жасар ма еді?” – деп сауал қойды. Әлгі кісі: “Әрине” – деп

жауап қатқан кезде, Хасан: “Егер ол сауапты іс істей алмаса, сол сауапты іс істеуге

саған не кедергі?!” – деп керемет сөз айтқан екен. Яғни, мақұл, ол істей алмайды,

бірақ сен сол сауапты, ізгі амалды істей аласың ғой, ендеше істесеңші, бұл

мүмкіндікті жіберіп алма дегені ғой.

Яхья ибн Му’аз: “Мына үшеуі нағыз ақылды адам: қайтыс болмай тұрып о дүниеге

аттанған адам, жан тәсілім етпес бұрын өзіне қабір қазған адам, Аллаһпен

кездесемін дегенше Аллаһ разы болатын амалдар істеген адам” – деген. Яғни,

ақылды адам дегеніміз математика, физиканы қатты білетін, немесе ракета

Page 10: Пайғамбар өсиеттері

10

ойлап табатын адам емес, бұлар жәй әншейін тапқырлар ғана. Шынайы

ақылды адам дегеніміз – мал-мүлікке жүрегін байламай, қабірге түспес бұрын

қабірдегі бақытын дайындаған кісі.

Хасан әл-Басри: “Біреу сенімен байлық жинауда жарысса, сен онымен сауап

жинаумен жарыс!” – деген. Яки ол қызғанып, көре алмай, байлық жинау арқылы

сенен озып кеткісі келсе, сен сауапты істерің арқылы одан оз!

Жақсы амалдар істе! Сондай бір түн келуі мүмкін, ол түні таңды аттыра алмай

қалуың мүмкін. Қаншама дені сау, тепсе темір үзетін, ширақы кісілер кенеттен

қаза тауып жатыр. Дәл сол сияқты, қу сүйек болып төсек тартып жатып

қалғанына бірнеше жылдың жүзі болса да әлі күнге дейін тірі жүрген жандар

қаншама! Адамдар оған қарап “мынаның өмірі әлі алда, бұл әлі ұзақ өмір

сүреді” деген өрімдей жап-жас бозбалалар мен бойжеткендердің бұ дүниемен

қоштасқаны қаншама! Түріне қарасаң, қазір қайтыс болатын адамға

ұқсамайды, бірақ сен ол кісінің кебіні дайындалып жатқанынан бейхабарсың.

Әлі ұзатылмаған қаншама жас қыздар бар, бірақ қадыр түні олар осы жылы

қайтыс болады деп жазылған, олар тіпті некелесіп үлгермеді. Ертелі-кеш

орынды-орынсыз ыржалақтап күле беретін жас жігіттер бар, олардың да

тағдырына көп ұзамай келесі қазылып жатқан қабірге жату бұйырған.

Қаншама табысқа кенелген бизнесмендер, спортсмендер, сатушылар,

саясаткерлер, мансапқа жетіп қуанып жүргендер де өлім дәмін тататынын

білгін!

«Және өзіңді өлдім деп есептей бер!»

Міне, бұл Пайғамбарымыздың (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) ұлы

өсиеттерінің бірі. Осы ғұмырдан кетпес бұрын дайындық жасайық! Жұрт

сауапты іс жасау арқылы Аллаһтың мейіріміне жетудің орнына, күнәлі істер

істеу арқылы Аллаһтың қаһарына ұшырап жүр. Егер адам ізгі амал жасамаса –

ол Аллаһтың жазасына ұшыраған адам. Сондай-ақ ең жаман жаза – кісі өзі ізгі

іс істеуден мақұрым қалғанын сезбей қалуы. Аллаһ Тағала бізді мақұрым

қалудан сақтасын!

«Мазлұмның дұғасынан сақ бол,

себебі оның дұғасына міндетті түрде жауап беріледі»

Page 11: Пайғамбар өсиеттері

11

Пайғамбарымыз (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) хадистің

жалғасында: «Мазлұмның дұғасынан сақ бол,себебі оның дұғасына міндетті

түрде жауап беріледі» - дейді. Қалайша сен адамдарды әділетсіз түрде

қыспаққа алып ренжітесің?! Әкеңді, анаңды, әйеліңді, балаңды, көршіңді,

мұсылман бауырыңды ренжітуге қалай дәтің шыдайды?! Егер сенің байлығың

көп болса, саған кедейлерге зұлымдық қылуға рұқсат деп ойлаймысың? Егер

сен жоғары лауазымды тұлға болсаң, саған қол астыңдағы қарапайым

адамдарға зұлымдық қылуға рұқсат деп есептеймісің? Егер сен күшің көп,

білектіболсаң, саған әлсіздерге зұлымдық қылуға рұқсат деп санаймысың?

Қалайша сен тіліңмен, қолыңмен біреуге зиян тиігізіп зұлымдық

қылмақшысың?! Әй, адамдарға зұлымдық қылушы, Пайғамбарымыздың

(салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) не дегенін жақсылап тыңдап ал:«Мазлұмның

дұғасына жауап беріледі». Яғни сен зұлымдық қылған кісі саған қарсы дұға

қылса, оның дұғасына жауап беріледі. Тіпті ол кісі күнәһар болса да. Оның

күнәсі өзіне, ал сен біреуге зұлымдық қылуға хақың жоқ.

«Мазлұмның дұғасынан қорқыңдар, өйткені оның дұғасы бұлттармен

көтеріледі. Аллаһ Тағала оған: «Өзімнің Ұлылығым мен Құдіретіммен ант

етемін, Мен саған Өзім көмектесемін, тіпті шамалы уақыт өтіп кетсе де» -

дейді» делінген тағы бір хадисте. Яғни, Аллаһ Тағала мазлұмға зұлымдық

қылған кісіге қарсы көмектеседі, тіпті біршама уақыт өтсе де. Адам зұлымдық

қылғаннан кейін бірден оның жазасын алмағасын “өй, мұның жазасы жоқ екен”

деп ойлай бастайды. Расында, біз мұны ұзақ қылып көреміз, ал бұл Аллаһқа

жақын.

Пайғамбарымыздың (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) не дегеніне назар

аудар: «Мазлұмның дұғасынан қорық! Өйткені, оны мен Раббысының

арасында ешқандай кедергі жоқ».

Тағы бір хадисте: «Мазлұмның дұғасынан сақтан! Себебі, оның дұғасы оттың

алауы тәрізді аспанға көтеріледі» делінген.

Және бірде Аллаһ Елшісі (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм): «Мазлұмның

дұғасынан абай бол, тіпті ол кәпір болса да» - дейді. Біреуге әділетсіздік

қылма, зұлымдық жасама, қыспаққа алма! Өйткені, оның дұғасына бөгет болар

еш нәрсе жоқ.

Енді басқа бір хадисте: «Зұлымдық қылудан абай бол! Себебі, ол саған Қиямет

Күні қап-қараңғы түнек болып оралады» делінген.

«Аллаһ Тағала зұлымдық қылушының жазасын кейінге қалдыра береді де, бір

Page 12: Пайғамбар өсиеттері

12

күні қатты ұстаумен ұстап алады. Ал Ол ұстап алса, енді жібермейді» - деп

Аллаһ Елшісі мына аятты оқыды: «Раббың қолға алғанда, кенттердің залым

халқын өстіп алады. Күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді»(Һуд сүресі,

102-аят).

Баз біреуге зұлымдық қылғаннан соң, Аллаһтың тарапынан бірден азап келе

қоймайды екен деп өз-өзіңді алдамай-ақ қой! Әр нәрсенің өзі мерзімі бар. Сен

біреуге зұлымдық қылғаннан кейін, Жаратушы дереу жазасын бермегесін,

құтылып кеттім деп ойлама! Аллаһ Тағала бәрінің жазасын береді, сенің де

жазаңның мерзімі келер, бірақ жаза ешқашан келмейді екен деп есептеме! Кісі

басқаға зұлымдық жасайды, Аллаһ оған лезде жазасын бере қоймайды, ол

кісіде бәрі жақсы, былайша бай-бақуатты ғұмыр кешіп жатқан секілді көрінеді,

міне осылайша ол тіптен дүниеге деген шынайы көзқарастан айрылады. Ол

күнәсін одан әрі жалғастырып, өзі қазып жатқан орға өзі түсейін деп жатқанын

байқамайды. Кейін Аллаһ Тағала оны кенеттен оңдырмай ауыр азаппен ұстап

алады, ал Ол ұстаса, енді ешқашан жібермейді.

Сондықтан, сен тіпті күшің көп болса да, ешкімді ренжітпе, ешкімге зұлымдық

қылма, себебі, зұлымдық міндетті түрде өзіңе айналып келеді. Бәлкім сенің

көзің ұйқыда шығар, ал сен ренжітіп зұлымдық қылған адамыңның көзі ояу

болуы мүмкін. Сен көз шырымын алып тәтті ұйқыда жатқан шығарсың, ал сен

ренжітіп зұлымдық қылған адамың кірпік қақпай түнімен саған қарсы

Аллаһқа дұға қылып жатқан шығар. Сенің екі көзің ұйқыда болса, Аллаһтың

Көздері ұйқыда емес. Ешкімді ренжітпе! Бәлкім сен біреуге зұлымдық жасап

қойған кездеріңде түнде ұйықтай алмайтын шығарсың, міне сол кезде былай

ойла: сен зұлымдық қылған кісі түнде тұрып, дәрет алып, Аллаһқа саған қарсы

шағымданып дұға тілеп жатқан шығар?! Аллаһ сондай –жасырын мен

жарияны біледі, басына қатты ауыртпашылық түскен адамның дұғасына жауап

береді. Сондықтан зұлымдық етпе! Аллаһ Тағала: «Сондай зұлымдық

қылғандар жақын арада қайда оралатындарын біледі» - деген (Шу’ара

сүресі, 227-аят).

Аллаһ Тағала: «Аллаһ залымдардың істегендерінен қаперсіз деп әсте

ойлама! Шынында Аллаһ оларды көздер шарасынан шығатын бір күнге

дейін кешеулетеді» - деген (Ибраһим сүресі, 42-аят).

Аллаһ Тағала: «Расында Біз залымдар үшін дуалдары қоршалған Тозақ

отын әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарынса, еріген кен тәрізді беттерді

қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын, ол нендей жаман

орын» - деген (Кәһф сүресі, 29-аят).

Page 13: Пайғамбар өсиеттері

13

Әй, Аллаһтың құлдары! Зұлымдық қылудан сақтаныңдар! Сонымен қатар, ең

ұлы зұлымдық, ең сорақы әділетсіздік – бұл Аллаһқа серік қосу екенін

ұмытпаңдар! “Неге әрдайым осыны қайталай береді екен” деп айтпаңыздар!

Аллаһқа серік қосу – зор зұлымдық екенін әрқашан айтуға тиіспіз. Өйткені,

Пайғамбарымыз (салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) бұл туралы үнемі айтатын

болған: ең алғаш пайғамбар болған күнінен бастап демі таусылғанша қайталап

айта беретін. Біліп қойыңыз, ең ұлы зұлымдық – сені жаратқан Аллаһқа біреуді

теңестіру. Аллаһтан басқа біреуден тілек тілеу, яғни киелі әулиелер,

пайғамбарлар, елшілер, періштелер, жындар, ағаш пен талдардан, тау-тастан

қажетіңді сұрау –міне, нағыз Аллаһқа серік қосу дегеніміз осы. Аллаһ Тағала

адам баласын тек Өзіне ғана құлшылық ету үшін жаратқан. Демек, Аллаһ бізді

Өзіне ғана құлшылық қылу үшін жаратса, Аллаһтан өзге біреулерге құлшылық

қылу –ең ұлы зұлымдық болып табылады. Аллаһқа басқа біреуді теңеуден

(ширк) сақтаныңыздар!

Халықыма арнап үндеу жариялаймын! Бұл үндеуім әсіресе халқымның

қарттарына қарата айтылады. Сіздер осы тау-тас аралап, қабірге жағалап,

ағаштарға шүберек байлап, әртүрлі әруақтарға табынып жүргендердің алдына

қарсы тұруларыңыз қажет! Шын мәнінде, бұл біздің басымызға түскен үлкен

нәубет. Біз әулиелерді жоққа шығарып жатқанымыз жоқ, иә, біз оларды жақсы

көреміз, құрметтейміз, қадір тұтамыз, Аллаһтан олар үшін дұға тілейміз, бірақ

біз әулиелерді Аллаһпен арамызға қойып дәнекер етпейміз, себебі бұлай істеу

– ширк. Өйткені, Аллаһ Тағала бұл кешірілмес күнәні ешқашан ешкімге

кешірмейді. Егер еліміз осы аса зор күнәға түсіп қалар болса, сөзсіз,

жалпыұлттық қасіретке тап боламыз.

Қорытынды

Кім осы дүние мен о дүниеде есендік пен тыныштықта өмір сүргісі келсе,

азаптан аман қалғысы келсе, бүгін біз айтқан Пайғамбарымыздың (салаллаһу

‘аләйһи уас-сәлләм) өсиеттерін бұлжытпай орындасын! Аллаһ Елшісінің

(салаллаһу ‘аләйһи уас-сәлләм) осы өсиетін азу тісімен жабысып ұстасын.

«Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық ет! Егер сен Оны көрмесең, Ол сені

көріп тұр. Және өзіңді өлдім деп есептей бер! Сондай-ақ, мазлұмның

дұғасынан сақ бол, себебі оның дұғасына міндетті түрде жауап беріледі».

Ұлы аршының Раббысы Аллаһтан өзіміз зұлымдық қылып қоюдан, әрбірімізді

бассыздар мен қылмыскерлерден, қысымға алатындар мен әділетсіздерден

сақтасын деп дұға етеміз. Расында, Аллаһ Тағаланың құдіреті шексіз.

Page 14: Пайғамбар өсиеттері

14

Сөз соңында әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақтар айтамыз!

Дерек көзі: Ханифия форумы