Президент күніне тәрбие сағат

41
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
  • Upload

    -
  • Category

    Education

  • view

    435
  • download

    15

description

Президент күніне тәрбие сағат

Transcript of Президент күніне тәрбие сағат

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы

• 1) Баяндама• 2) Президенттің ант қабылдауы сәті• 3) Тұңғыш президент туралы тақпақтар• 4) Қазақстан Республикасының

символдарына сипаттама.• 5) Астана арман қаламызға саяхат• 6) Егер мен президент болсам тақырыбында

әнгіме • 7) “XXI- ғасыр көшбасшы” интелектуалды

оиыны

Сабақтың мақсаты:

• Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылырдың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерін ояту. Болашақта отанымыз Қазақстанның өсіп өркендеуіне білімді , білікті адамдар керек екендігін аңғарту,

Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны

Бaлалық шағы• 1940 жылы 6 шілдеде

Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келеді.

Нұрсұлтан деп ат қояды.

Жас өспірім шағы• Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес,

мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Жастық шағы

• Теміртауға орналасқанан кейін Н.Назарбаев өмірбаянының жалынды кезеңі басталды. 1960жылы 3 шілдеде Қазақстан мен Орталық азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Солда жас металург болып жұмыс жасады.

Отбасы

• Сара Алпысқызы Назарбаева-Қазақстан қоғам қайраткері, Қазақстан Республикесының тұнғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың зайыбы

Бақыт-бағасын білгеннің ғана басында тұрады

Мемлекеттік басшы қызметіне

• 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Ресми ант беру рәсімі

Мемлекеттік символдар

Ту Елтаңба Әнұран

Елтаңбасымен еңселі,

Тумен тұғырлы,

Әнұранымызбен әйгілі елміз.Алтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаны —Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой,Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы (1 рет):Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,Мәңгілік досындай.Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай!

Қайырмасы (2 рет):Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің — Қазақстаным!

Президент туралы тақпақтар

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет.Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген.Өз туы, елтаңба, әнұраны барАйтыңдаршы, енді елім кем де неден

Астана арман қаламызға саяхат

Автобусымызға міну үшін билеттер сатып алайық ол үшін мына сұрақтарға жауап беру керексіңдер

• 1) Еліміздің тәуелсіздік алған жылы ?• 2) Қазақстан республикасының Астанасы?• 3) Астананың туылған күні?• 4) ҚР-ның конститтуция қай күні тойланады?• 5) ҚР тілдер мерекесі қашан тойланады?• 6) Астанамыз Астанаға қай жылы көшірілді?• 7) ҚР да ЕХРО қай жылы өтеді?• 8) Астана қаласын Қазақстанның қай өңірінде

орналасқан?• 9) Астана қаласының бұрынғы аты?• 10) ҚР-ның президент күні қай күні тойланады?

Астананың сыртқы келбеті

1 ші бәйтерегке барып тамашалайық

Президенттің қол таңбасы

Думан орталығы

Думан орталығының ішкі сипаты

Думан

Хан шатыр

Бейбітшілік және келісім сарайы

Алау мұз сарайы

Нұр мешіт

Мешіт

Егер мен президент болсам тақырыбында

пікірталас.

Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.Ең тәтті-аспазшы, кондитер.Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.Ең жауапты- сот, бухгалтер.Ең салмақты-мұғалім,заңгер.Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

Фигуралардың бірін таңда

Квадрат.

Үшбұрыш

Шеңбер.

Зигзаг

• Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады

• Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

• Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

• Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

XXI ғасыр көшбасшысы