«Ашық әкімдік» -...

8
№47 (7134) 22/11/2018 ж. www.ordazhuldyzy.kz [email protected] www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress. Аудандық қоғамдық-саяси газет «Ашық әкімдік»: арыз тыңдалып, идея қолдау тапты Сейсенбіде аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Ашық әкімдік» қабылдауы өтті. Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шарада ауыл тұрғындары толғандырған мәселелерін аудан әкімі мен бөлім басшыларына тікелей айтып, толымды жауап естуге мүмкіндік алды. Ш ара аясында он тұрғынның мұң- мұқтажы тыңдалды. Олардың дені баспана мәселесін шешіп беруді сұрайды. Алайда кейбіреулері тұрғын үй кезегіне тұрмақ түгілі, тиісті құжаттарын да жинамапты. Мәселен, сайқындық Гүлсара Сертекова біраз жылдан бері біреудің үйін паналап келсе де, баспана мәселесін шешу- ге тырыспапты. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов тұрғын үйге қол жеткізудің талабы бәріне ортақ екендігін айтып, Сайқын ауылдық округінің маманы Дәурен Ирановқа қандай құжат қажеттігін түсіндіруді тапсыр- ды. Сондай-ақ арыз иесінің тұрақты жұмыс табылса деген тілегі де ескерусіз қалмады, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің басшысы Шыңғыс Абдоллин екі қолға бір күректің табылатынын айтты. Үш баланың анасы сайқындық Рысгүл Өтеғалиеваның да пәтерден пәтерге көшкеніне сегіз жылға жуықтаған. 2013 жылы тұрғын үй кезегіне тіркеліпті. Әзірге ұзынсонар кезекте он бесінші болып тұрған көрінеді. Аудан әкімі оған да үйдің әділ түрде берілетіндігін жеткізді. Орал қаласындағы «Такси Сити» секілді такси орталығының жұмысымен танысып, «Сайқыннан таксистердің диспет- черлік орталығын ашсам» деген Аслан Шапиқовтың да ұсынысы жерде қалмады. Аудан басшысы бастамашыл жастың идеясын қолдап, бұл топты ауыл картасы- мен жабдықтап, арнайы орын- мен қамтуды тиісті мамандарға жүктеді. Басқа да келушілерге сала мамандары тұшымды жауап қайтарды. Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА «ОРДА ЖҰЛДЫЗЫ» ОҚЫЛЫМДЫ БОЛСЫН! Тереңге тартар түбірі, тамыры бар елдің бүгінгі тірлігінің жаршысы – газет екені хақ. Тасқа басылған басылымның бүгінгі беттері – ертеңгі тарих. Төл басылымымыз «Орда жұлдызының» оқылымды болмағы бізге серт, таралымды болмағы сізге серт, құрметті оқырман! Жұп жазбайық, жазылыңыз! ҰЛТ ТАРИХЫН АйШЫҚТАй ТҮСТІ Елбасымыз Нұрсұлтан На- зарбаев күні кеше жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында былай дейді: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы баста- лады». Елбасымыздың өзі айтып өткендей біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар аз болмады. Тарих парақтарында қатталған бұл оқиғаларды ұмытуға әсте болмайды. Дегенмен нақты ғылыми деректерге сүйене отырып жаһандық тарихтағы өз рөлімізді анық көрсетуге тиістіміз. Сол үшін де Нұрсұлтан Әбішұлы мақаласында ұлтымыздың ұлылығын айқындайтын «Ұлы даланың» жеті қырына арнайы тоқталды. Қазіргі қоғамның ажырамас бөлшегіне айналған көптеген тұрмыстық бұйым біздің жерімізде пайда болған. Біздің арғы ата-бабамыздың ойлап тапқан тың дүниелері әлі күнге шейін қолданыста. Әсіресе жылқы жануарын қолға үйрету арқылы ата-бабамыз атқа міну мәдениетінің негізін қалады. Сол арқылы қазіргі киім үлгісінің негізгі компоненттері қалыптасты. Ат үстінде сарбаз еркін сезінуі үшін киім астыңғы және үстіңгі киім деп екіге бөлінді. Сіз бен біз киіп жүрген шалбардың ең алғашқы нұсқасы осылайша пайда болды. Аттылы адамның еркін шабуы үшін ойлап табылған басқа да дүниелер бүгінде маңыздылығын жойған жоқ. Тілеген АРЫСТАНБЕКОВ, «Нұр Отан» париясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАЛҒАСЫ ІСПЕТТЕС Елбасымыздың өзі айтқандай, «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегіндегі жобалар сол «Руха- ни жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Себебі өткені жоқтың келешегі бұлыңғыр. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың ғана болашағы зор болмақ. Өткенді білу жолында кино өнерінің орнын айшықтап ай- тып, Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, жаңа тарихи теле- кино туындылардың жанрларын барынша кеңейтуді, оған Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға үндегені көңіліме қонымды болды. Әсіресе ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдардың балғындардың өз елінің патрио- ты болып өсуіне зор ықпал етері сөзсіз. Біздің даңқты батырла- рымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ күллі әлемде еліктеуге лайықты тұлғалар емес пе. Шынымен-ақ, біз жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға, келешек ұрпаққа ұғынықты етіп жеткізуге тиіспіз. Аягөз ТҮСІПҚАЛИЕВА, Хан ордасы ауылындағы «Ақбота» ясли-бақшасының директоры

Transcript of «Ашық әкімдік» -...

Page 1: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

№47 (7134) 22/11/2018 ж.

[email protected]

www.facebook.com/zhaikpresstwitter.com/zhaikpresswww.instagram.com/zhaikpress.

Аудандық қоғамдық-саяси газет

«Ашық әкімдік»: арыз тыңдалып, идея қолдау тапты

Сейсенбіде аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Ашық әкімдік» қабылдауы өтті. Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған шарада ауыл тұрғындары толғандырған мәселелерін аудан әкімі мен бөлім басшыларына тікелей айтып, толымды жауап естуге мүмкіндік алды.

Шара аясында он тұрғынның мұң-мұқтажы тыңдалды.

Олардың дені баспана мәселесін шешіп беруді сұрайды. Алайда кейбіреулері тұрғын үй кезегіне тұрмақ түгілі, тиісті құжаттарын да жинамапты. Мәселен, сайқындық Гүлсара

Сертекова біраз жылдан бері біреудің үйін паналап келсе де, баспана мәселесін шешу-ге тырыспапты. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов тұрғын үйге қол жеткізудің талабы бәріне ортақ екендігін айтып, Сайқын ауылдық округінің маманы Дәурен Ирановқа қандай құжат

қажеттігін түсіндіруді тапсыр-ды. Сондай-ақ арыз иесінің тұрақты жұмыс табылса деген тілегі де ескерусіз қалмады, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің басшысы Шыңғыс Абдоллин екі қолға бір күректің табылатынын айтты. Үш баланың анасы сайқындық

Рысгүл Өтеғалиеваның да пәтерден пәтерге көшкеніне сегіз жылға жуықтаған. 2013 жылы тұрғын үй кезегіне тіркеліпті. Әзірге ұзынсонар кезекте он бесінші болып тұрған көрінеді. Аудан әкімі оған да үйдің әділ түрде берілетіндігін жеткізді. Орал қаласындағы «Такси Сити» секілді такси орталығының жұмысымен танысып, «Сайқыннан таксистердің диспет-черлік орталығын ашсам» деген Аслан Шапиқовтың да ұсынысы жерде қалмады. Аудан басшысы бастамашыл жастың идеясын қолдап, бұл топты ауыл картасы-мен жабдықтап, арнайы орын-мен қамтуды тиісті мамандарға жүктеді.

Басқа да келушілерге сала мамандары тұшымды жауап қайтарды.

Арайлым ЕСМАҒҰЛОВА

«ОРДА ЖҰЛДЫЗЫ» ОҚЫЛЫМДЫ БОЛСЫН!Тереңге тартар түбірі, тамыры бар елдің бүгінгі тірлігінің жаршысы – газет екені хақ.

Тасқа басылған басылымның бүгінгі беттері – ертеңгі тарих. Төл басылымымыз «Орда жұлдызының» оқылымды болмағы бізге серт, таралымды болмағы сізге серт, құрметті оқырман! Жұп жазбайық, жазылыңыз!

ҰЛТ ТАРИХЫН АйШЫҚТАй ТҮСТІ

Елбасымыз Нұрсұлтан На-зарбаев күні кеше жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында былай дейді: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы баста-лады». Елбасымыздың өзі айтып өткендей біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар аз болмады. Тарих парақтарында қатталған бұл оқиғаларды ұмытуға әсте болмайды. Дегенмен нақты ғылыми деректерге сүйене отырып жаһандық тарихтағы өз рөлімізді анық көрсетуге тиістіміз. Сол үшін де Нұрсұлтан Әбішұлы мақаласында ұлтымыздың ұлылығын айқындайтын «Ұлы даланың» жеті қырына арнайы тоқталды. Қазіргі қоғамның ажырамас бөлшегіне айналған көптеген тұрмыстық бұйым біздің жерімізде пайда болған. Біздің арғы ата-бабамыздың ойлап тапқан тың дүниелері әлі күнге шейін қолданыста. Әсіресе жылқы жануарын қолға үйрету арқылы ата-бабамыз атқа міну мәдениетінің негізін қалады. Сол арқылы қазіргі киім үлгісінің негізгі компоненттері қалыптасты. Ат үстінде сарбаз еркін сезінуі үшін киім астыңғы және үстіңгі киім деп екіге бөлінді. Сіз бен біз киіп жүрген шалбардың ең алғашқы нұсқасы осылайша пайда болды. Аттылы адамның еркін шабуы үшін ойлап табылған басқа да дүниелер бүгінде маңыздылығын жойған жоқ.

Тілеген АРЫСТАНБЕКОВ, «Нұр Отан» париясы аудандық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАЛҒАСЫ ІСПЕТТЕС

Елбасымыздың өзі айтқандай, «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегіндегі жобалар сол «Руха-ни жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Себебі өткені жоқтың келешегі бұлыңғыр. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың ғана болашағы зор болмақ. Өткенді білу жолында кино өнерінің орнын айшықтап ай-тып, Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейтуді, оған Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға үндегені көңіліме қонымды болды. Әсіресе ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдардың балғындардың өз елінің патрио-ты болып өсуіне зор ықпал етері сөзсіз. Біздің даңқты батырла-рымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ күллі әлемде еліктеуге лайықты тұлғалар емес пе. Шынымен-ақ, біз жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға, келешек ұрпаққа ұғынықты етіп жеткізуге тиіспіз.

Аягөз ТҮСІПҚАЛИЕВА, Хан ордасы ауылындағы «Ақбота»

ясли-бақшасының директоры

Page 2: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

2 аҚПаРаТ“Орда жұлдызы”

№47 (7134) 22/11/2018 ж.

Қазір шүкіршілік шаруасы оңтайлы деген екі шаңырақтың бірі көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Көгілдір отынның пайдаланылуы бар да, төлемақысы мен ақаулық шыққан жағдайдағы жөндетуің тағы бар. Бақсақ, көгілдір отынның «қожайыны» көп, газ қосуды бір мекеме, тұрғын үйдегі газдың қолданысын екінші біреуі қадағалап, үшіншісі тұрғындардан төлемақы қабылдайды, ал төртінші біреу осы үшеуге қызмет жасай-тын мекеме. Сайқындағы газ шаруашылығы мекемесінің «Нұр Отан» партиясы аудандық филиа- лымен қоңсы қонғанынан, яғни бір ғимаратта екенінен хабардар болғанымызбен ол мекеменің өзі үш-төртке бөлінетінін естімеппіз. Ол жайында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және авто-мобиль жолдары бөлімі бас-шысы Бисенбек Насимоллин-

мен сұқбат барысында білдік. Өйткені газ плитасынан, өзге де қондырғыдан ақау білінсе тұрғындар 21-9-76 телефоны-на қоңырау шалып, ондағылар маман жібертіп, оңдата сала-ды. Көбінің білетіні – кезінде аудандық комсомол, партия ко-митеттерінде, ішкі істер бөлімінде басшы қызметте болған Рахым-жан Кенжеғалиев. Сондықтан бәріміз де ауданға келген газдың «құдайы» Рекең деп жүрміз.

– Менің мекемем – «ИнтергазОрталықАзия» акцио-нерлік қоғамы «Орал магист-ральды газ құбыры» басқармасы филиалының Жәнібек газ шаруашылығына қарайтын Бөкей орда бөлімшесі. Директорымыз – Жәнібектегі Раул Өтемісов,-деп мән-жаймен таныстырды Рахымжан Насиполлаұлы. – Міндетіміз аудан жеріндегі газ құбырын бақылап, ауылдардағы, көшелердегі шкафтарға табиғи газдың үздіксіз жеткізілуін

қамтамасыз ету. Он шақты адам осы бағытта жұмыстанудамыз.

– Газ қондырғылары істе-мей қалғандар телефонмен сізді мазалап жатады ғой.

– Иә, «соқыр көргенінен жазбас» деген, білетіндері мен болған соң хабарласады да. Мен тиісті мамандарға айтамын. Бәріміздің илейтініміз бір терінің пұшпағы болғандықтан санасып жатқанымыз жоқ. Қиналғанда қол ұшын созу сауап емес пе?».

Басшылардың, қызметкерлердің бәрі осылай ойласа ғой, шіркін?!

Көгілдір отынның үй ішіндегі қалыпты жануына жауапты меке-ме «РЦКУ-Орал» ЖШС-і (дирек-торы Ерлан Мырзабеков) болып шықты. ЖШС-тің ауданымыздағы менеджер-операторы Ербол Ғабдоллин Сайқын, Орда, Бисен ауылдарында бір-бір бақылаушыдан барын, аудан орталығындағы штаттағы және келісімшартпен істеп жүрген

слесарьдің екеуі де жұмыстан шығып кеткенін жеткізді.

– Заң бойынша табиғи газ-ды пайдаланып отырған әр тұрғын бізбен келісімшартқа отыруы тиіс. Әзірге 400-дей ғана сайқындықпен келісіміміз бар. Қалғандары асығар емес. Шартқа отырмағандарға қызмет көрсетілмейтінін, яғни ақаулы жабдықтарын жөндеттіру үшін алдымен шарт жасасу қажеттігін ескертеміз, – деген Ербол Жасталапұлы слесарьлардың тұрақтамау себебін айлықтарының төмендігінен деп түсіндірді. Сондай-ақ қажетті аспаптар, кілт құралдар мен қосалқы бөлшектер жетпейтін көрінеді.

Көгілдір отынға қол жеткізгісі келген мекеме, заңды және жеке тұлғалар «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан өндірістік филиалы-на жолығып, құжат толтырып, шарт жасасуы керек екен.

КІСІДЕГІНІҢ КІЛТІ АСПАНДА немесе қашанға өзгеге тіркесе береміз

Олардың біздегі өкілдері ше-бер Рафхат Ғабитов пен кассир Сара Абдолғалиева Жәнібек газ шаруашылығына қарайтын көрінеді. Газды тұтынушылар да ақшаларын осында төлейді. Жұмыс ырғағы қалыпты.

Ауданымыздағы газдандыру жұмысы да қарқынды жүріп жатыр. Биылдың өзінде 12 елді мекенге құбыр тартылып, қазір көшелер мен тұрғын үйлерге, мекеме ғимараттарына жеткізу қолға алынуда. Сонда ауыл-дарымыз 100 пайыз газбен қамтылмақ. Солай бола тұра, неге біздің ауданымыздан дербес газ шаруашылығы мекемесі құрылмаған? Газ қондырғыларын жөндеушілерге тұрақты айлық тағайындауға болмас па еді?! Тапқаны қапқанына жетпейтін қызметке кім жақындасын?! Түйінді, түйткілді мәселе баршылық сияқты. Бірақ кісідегінің кілті аспанда. Олар әуелі өздеріндегі (Жәнібектегі) істі шешіп ал-май, бөкейліктерге қарай ма? Жәнібектіктерге неге тіркесе береміз? Отау үйдің ыдыс-аяғы бөлек болғаны да жақсы емес пе?

Каримолла ҒАЙСИН

Биылғы көктемде облысымызға келген сапарында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары-на қатқыл табанды жол салу мәселесін қозғап, арнайы орындарға тапсырма бер-гені баршаға мәлім. Сол тапсырма негізін-де Алматыдағы «АИС Проект» ЖШС-і жоба жасап та тастапты. Сәрсенбінің сәтінде жобаның бас инженері Дмитрий Корне-евский, инженерлері Сергей Ермоленко мен Константин Прачкин Сайқынға келіп,

аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен қоғамдық тыңдау өткізді. Шараны аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ашып, жүргізіп отырды.

Жобалаушылар жиылғандарды республикалық маңызға ие бұл жол жобаның «Өнеге-Бисен-Сайқын» бөлігімен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жалпы ұзындығы 103 шақырымдық бұл бөліктің Тайғара тұсына аялдама, жолдағы қыстақтарға бару

үшін бұрылыстар салу қарастырылған. Сондай-ақ, Бисен, Орда, Мұратсай жол қиылыстарына демалыс алаңы, әжетхана, жүк және жеңіл көліктер тұрағын, эста-када тұрғызу көзделіпті. Зейнеткерлер Чарльз Қойшыбаев, Меңдібай Қаресов, Надежда Әменова, эколог Ғарифолла Бисенғалиев, қызметкер Уағиолла Нұрғалиев жол бойындағы жанар-жағар- май құю, техника жөндеу орындары, су жиналатын тұстарға тұрба төсеу жайын қозғап сауал тастаса, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолау-шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Бисенбек Насимоллин республикалық жол мен облыстық, аудандық маңыздағы жолдардың айырмашылығын түсіндіріп, ауылішілік жолдарды жақсарту бағытында қолға алынып жатқан жұмыстар жайынан біраз мәлімет берді.

Қоғамдық тыңдауды қорытындылаған Рүстем Мүлкайұлы жобалаушыларға рақмет айтып, білдірілген сын-ескертпе, ұсыныстарды (оның ішінде Сайқындағы демалыс алаңын жылжыту, жобада көрсетілмей қалған бір тұсқа тұрба салу бар) аяқсыз қалдырмауды тапсыр-ды. Бұдан басқа жолдың Хан ордасы айрығына орнатылар белгінің макетін ұсынып, айнытпай тұрғызып беруді сұрады.

Дәулет ӘЛИЕВ

ЖОЛ ЖОБАСЫ әЗІР

Аудандық сотта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын талқылау бойынша жиын өтті. Оған сот қызметкерлерімен қатар аудандық ішкі істер бөлімінің, проба-ция қызметінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңес мүшелері қатысты. Сот төрайымы Гүлжиһан Сағитова жасаған баяндамада Стратегияның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру, қоғамның жемқорлыққа деген көзқарасын нөлдік шыдамдылыққа дейін жеткізіп, сыбайластықты тамырымен жою екені ашып көрсетіліп, жергілікті жағдайға бай-ланысты негізгі бағыттар талқыланды.

Ықылас АБДОЛЛИН, аудандық соттың бас маманы,

сот мәжілісінің хатшысы

МҮЛІКТІ ТІРКЕУДЕ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жыл-жымайтын мүліктерді тіркеуде өзгерістер туындап отыр. Осы өзгерістер негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор-порациясы жылжымайтын мүліктің орналасуы бойынша мемлекеттік тір-кеуді жүзеге асыратын орган болып белгіленді.

Осыған байланысты, 2018 жыл 30 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу фунция-лары, барлық ақпараттық қызметтер, тіркеу істері құжаттарының көшірмелерін және жылжымайтын мүлікпен байланысты барлық істер «Азаматтарға арналған үкімет» мем-лекеттік корпорациясының аумақтық бөлімшелер филиалдарына тапсы-рылды. Әділет органдары жылжы-майтын мүлікке құқықтарды мемле-кеттік тіркеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып қалады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқық ауыртпалығы) туындауы кезінде заңдық факт басталған, оның ішіне шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзгеде құқық бел-гілеуші құжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей жылжымайтын мүліктің орналасқан мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы филиалының – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бөкей ордасы ауданының бөлімі арқылы қабылданады. Термин тіркестерін былай қойып, қарапайым тілмен баяндасақ, қандай ма бір жылжы-майтын мүлік (тұрғын үй, ғимарат) сатып алғаннан кейін осы мүлікке қатысты барлық құжатты алты айдан кешіктірмей, «Азаматтарға арналған үкіметке» тапсыруыңыз қажет.

Октябрина МОЛДАҒАЛИЕВА, аудандық әділет басқармасының бас

маманы, «Қазақстан заңгерлер одағы» БҚО филиалының мүшесі

СЫБАйЛАСТЫҚПЕН КҮРЕСУ СТРАТЕГИяСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Page 3: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

сҰҚБаТ 3“Орда жұлдызы”№47 (7134) 22/11/2018 ж.

Соңғы уақытта елдің аузынан «Пәленше бан-комат карточкасындағы

ақшасынан айырылып қалыпты», «Түгенше банко-маттан ақшасын түгел ала алмай, ақшасын даулап қалаға кетіпті» дегенді жиі еститін болдық. Тиын-тебен емес, жүз мың теңгеден жоғары сомадағы ақшалары ізім-қайым жоғалып, дал болып қалғандар бар екен. Ұзынқұлақтың осы бір «ақпараты» біздің де құлақты елең еткізді. Сұрастырып бақтық, айлықтарын ала алмай, әуре-сарсаңға түсті дегендерді түгендеп, сөзге тартқанбыз. Данияр Теміралиев, Табылды Сариев пен Қазима Әнесовалар есепшотта бар ақшаларын ала алмай, әбігерге түскендерін, бірақ мәселе кейін оңтайлы шешіліп, бір тиындарын да шығын қылмай, қайтарып алғандарын айтады. Тағы бір бір-екі факт бойынша нәтиже әлі де жоқ екен.

Банкоматтан басқа «поштаға барсаң, таблоға телміріп, уақыт жоғалтасың», «операторлардың ісі өнбейді, тасбақа қимылмен үш сағат анық күттіреді» деген екінің бірі айтатын базына тағы бар. Көпшіліктің көптеген қызметін атқарып отырған ұядай мекеменің «жыры» мен «жұмбағы» көптей көрінді. Осы жайттардың ақ-қарасын білмек боп, аудандық пошта байланыс торабының басшысы Гүлнар Мұқановаға арнайы барып, жолыққан едік.

Әу дегеннен әңгімені банкоматтың пәлесінен бастадық.

– «Есепшотымда бар ақшаны толық ала алмай қалдым», «Интернет айы-рылып-қосылып тұрғанда, банкомат есепшоттағы ақша алынды деп, айлығым өзіме бұйырмай қалды» деп шағым айтатындар баршылық. Осындай шағыммен сізге жүгінгендер бар ма? Олардың шағым-арыздары қалай шешілуде?

– Бірден айтайын, аудандық пошта банкомат қызметін ұсынғанымен банкомат карта-сына қатысты мәселені тексе-руге еш құзыреті жоқ. Біз тек арызды қабылдап алып, облыс орталығындағы басшылыққа жолдаймыз. Банкомат қартасына байланысты бір ғана мәселеге қатысты көмектесе аламыз, ол – банкомат картасын ұмыт қалдырғанда, не болмаса қандай да бір техникалық себептер-мен банкомат картасы шықпай қалған жағдайда картасын уақыт өткізбестен алып бере аламыз. Банкоматтағы ақшаны дер кезін-де ала алмай қалған жағдайлар болды. Жоққа шығармаймын. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында оннан астам клиенттен осы мәселеге қатысты шағым түсіп, алтауының ақшасы қайтарылды. Тағы да қайталап айтамын, бұл мәселе аудан көлемінде шешілмейді, банкомат кар-тасына қатысты іс қозғалып, есепшоттағы ақша қозғалысы түгел қарастырылады. Біреудің нәпақасын қармап қалу – біз-ге жат. Шағымданушылардың арасында «Халық банкі» мен «Қазком» банкі біріккен кезде ақша алу, аудару операцияла-рына қатысты шектеулер мен кедергілер орын алған болатын.

«... БІРЕУДІҢ НәПАҚАСЫНҚАРМАП ҚАЛУ – БІЗГЕ ЖАТ»

Аудандық пошта байланыс торабының басшысыГүлнар МҰҚАНОВА:

Бұл мәселе бойынша барлық дерлік шағым оңтайлы шешімін тапты. Айтпасқа болмайтын тағы бір мәселе бар. «Банкомат картасындағы ақшам жоғалды» деп байбалам салушылардың «ұрылары» өз үйлерінен та-былып жатады. Өткенде осы жерге атын айтпай-ақ қояйын, бір апамыз келіп, айтпасты айтып, қарғауға дейін барды. Іс қаралып, карта бойынша барлық қаржылық операциялар тек-серілді. Сөйтсек, банкоматтың еш «кінәсі» жоқ екен, «ұры» апамыздың өз қасынан табыл-ды. «Банкомат картасы өзімде, әмиянымда болды, менен басқа ешкім пайдаланбайды» деп бәйек болған апамыздың үйіндегі

«ұры» банкоматтағы есепшоттан ғаламтор ойындарына жүз рубль-ден 4-5 рет аударым жасапты. Бұл тек бір ғана арызданушының басындағы жағдай емес, осын-дай арызбен бес адам келсе, соның үшеуі келіп кешірім сұрап кетті. Ал бар ақшасын тұтастай ала алмай қалыпты ғой деген фактіге қатысты айтарым, іс әлі де қарастырылуда.

– Пошта қызметіне айтылар сынның бірі

– клиенттерге қызмет көрсететін операторлардың тұрақсыздығы. Жалақы мардымсыз ба, әлде ақша кем боп, жауапқа тартылып кетіп жатыр ма?

– Бұл мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Залда қызмет көрсететін операторлардың жиі ауысуы орын алғанын жоққа шығара алмаймын. Жұмыстан шығып кеткендер бар. Бірақ, олар ақша «жеп», қылмысты боп кеткен жоқ. Ауылдық жер болған соң, бір-бірімізді жақсы танимыз, бір туысының атынан келіп тұрған соң, нотариустың сенімхатын талап етпейміз де, тиісті ақшасын қолына ұстатып жібере саламыз. «Марқұмның

апасы не қарындасы екенін жақсы білемін, сосын бере салып едім» деген ақталу дәлел бола алмайды. Осындай заңсыздықтар салдарынан бір-екі операторымыз қызметтен кетті. Соңғы жылдары операторлардың жалақысы өсті, қолға елу мың теңгедей ала-ды. Операторлардың қызметін ынталандыру мақсатында мотивациялық бағдарлама қолға алынған. Сәлемдеме

қабылдаса да, ақша аудары-мын не ұялы байланысқа төлем қабылдаса да, бонус беріледі. Қазір ұялы телефон нөмірін тіркеу науқаны қолға алынды. Әрбір нөмерді тіркегені үшін бес теңгеден бонус беріледі. Яғни, жалақысының қандай болмағы – оператордың өз ынтасынан.

– Банкомат жиі істен шығады. Онлайн кезек болса да, қызмет көрсету қарқыны төмен. Бұл сіз тұтынатын интернет ұтқыр емес пе, әлде операторлар шабан қимылдай ма?

– Айтып отырған бұл сыныңыз тек бізге ғана тән емес, облыстың оңтүстік ауданда-ры Жәнібек пен Қазталовта

да осындай жағдай. Өйткені біз «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметіне жүгінеміз. Интер-нет жылдамдығы төмен. 2021 жылға дейін бұл сыныңызға «айтылған сын қаперге алын-ды, жолға қойылды» деп жауап бере алмаймыз-ау. Банкомат істен шықса да, өзі ішімізде-гі компьютерлерді жөндеу, бағдарламаларды орнатуға басқа сервистік қызмет көрсететін мекемелер қызметке

тартылады. Аудандық аурухана ғимаратындағы банкомат екі аптадай жұмыс жасамай тұрды. Облыс орталығынан маман шақырттық. Балалардың тен-тектігі болар, банкоматқа тиын қыстырған, соның салдарынан банкомат жұмыс жасамай қалды. Жете білмей жатып, сын айтуға құмармыз. Дәлелі бар сынды қабылдауға, жұмысымызды ілгерлетуге тырысамыз. Ел аузында «банкоматта ақшаны неғұрлым ұзақ ұстаса, поштаның өздеріне ақша түседі екен. Бан-коматты жиі-жиі істен шығарып, техникалық ауытқушылықты қолмен жасайды» деген сөз бар. Бұл түбірімен қате. Неғұрлым қарқынды, өнімді жұмыс жасасақ, аудандық пошта байла-ныс торабының соғұрлым мерейі өседі.

– Операторларға қатысты бағдарлама құптарлық екен. Пошта тасымалдаушыларға қатысты не айтасыз? Шынын айту керек, басылымдардың тұрақты оқырманы аға буын, ақсақалдар. Осы ағаларымыз газет-журнал-дарды кешігіп аламыз деген уәж айтады. Бұл мәселе қазан айындағы медиахол-динг басшыларының ауданға сапарында да айтылды. Бұған не айтарыңыз бар?

– Газет-журнал тасымалын жүзеге асыратын екі бірдей пошта қызметкері бар. Біреуінің жүктемесі толық болса, енді бірінікі – 0,7. Жалақылары 40 000 мың теңгенің үстінде. Басы-лым уақтылы жеткізіледі. Қазір көп жазылушылар түбіртектегі мекенжайына мекеме атын көрсетіп қояды. Газет-журнал осы көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Келген поштаны үйіне жұма сайын алып кете ме, айына бір жинап апара ма? Ол –жазылушының өз еркі. Рас, алыс ауыл, елді мекендерге пошта кешігіп барады. Ал шара ба-рысында айтылған ақсақалдың арызына келсек, айтылған жайт бойынша тексердім, газет кел-мейді деп шағымданған ағамыз газетке мүлдем жазылмаған.

– Уақыт бөліп, сұқбат бергеніңізге рақмет! Ісіңіз берекелі болсын!

Сұхбат құрған Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

Page 4: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

4 МаМан кеңесі“Орда жұлдызы”

№47 (7134) 22/11/2018 ж.

Мұратсайда өрт шықтыАудандық төтенше жағдай

бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Бибігүл Хайроллинаның ай-туынша, үстіміздегі жылдың 16 қараша күні түнгі сағат 2:32-де аудандық өрт сөндіру бөліміне Мұратсай ауылындағы М.Өтемісов көшесінде өрт шыққандығы жөнінде хабарланған. Күндізгі 11.00-ге дейін жалғасқан өрт сөндіру әрекетінен соң анықталғандай, М.Өтемісов көшесіндегі №3,5 үй тұрғындары, көршілер Дидар Қабдулов пен Талғат Қойшекеновтердің шөп қоралары қызыл жалынға шарпылған екен. Үй иелерінің мәлімдеуінше, қысқы маусымға әзірленген 25 тонна (руллон) және 5 тіркеме шөптің тек күлі ғана қалған, Б.Хайроллина бұл факті бойынша бастапқы құжаттар жинақталып, өрттің шығу себептерін анықтау үшін аудандық ішкі істер бөліміне жолданғандығын да жеткізді.

Жоспардан тыс отырысЕртесіне аудан әкімдігінің

кіші мәжіліс залында шұғыл түрде өткізілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның жоспардан тыс отырысы негізінен осы мәселеге арналды. Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімінің орынба-сары Рүстем Зұлқашев облыс бойынша өрт салдарынан 137 млн. теңгенін шығыны келтіріл-генін, тұрғын үй секторындағы өрт оқиғаларының 20%-ы жемшөп қоймалары мен сақтау орындарында орын алған, өткен 10 айда қызыл жалын 15000 центнер мал азығын жалмағанын, жыл басынан бері ауданымызда тіркелген осындай 3 өрт оқиғасы енді тағы біреуге толыққанын айтты. Осының өзі халық арасында өрттен сақтану жұмыстарының бәсең жүргізілуінен бе деген пікірін де білдірді. Әсіресе, тұрғындардың құқықтарын білгенімен, міндеттемелеріне салғырт қарайтынына қынжылды. Мәселен, егер мұратсайлық көршілердің қоралары біріне-бірі жалғаспай, өрт сөндіру қауіпсіздігі ережесіне сай пішен маяларының аралары 3 метр-дей болғанда көршісінің мал азығын қызыл жалын жалма-мас та еді. «Абырой болғанда, жел өзге бағытқа соқты. Олай болмағанда бұл жалын мал азығын сайлап қойдым деген талай тұрғынды зар жылатар

еді»,- деді Мұратсай ауылының әкімі Жалғас Ташуов мұндай жағдай көптеген көршілер арасында байқалатынын меңзеп. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Тұрарбек Апақаевтың баянда-масынан, ағымдағы жылдың 10 айында ауданда жалпы 25 өрт оқиғасы орын алғанын, Сайқын, Мұратсай, Саралжын, Ұялы, Хан ордасы ауылдық округтерінде 2222 гектар жер, 14 қора жай және 1 автокөлік өртенгендігін білдік. Өрттің алдын алу шаралары да жоспар-лы жүргізіліп, есепті мерзімде 850 нысан өрт қауіпсіздігіне тексерілген. Отырыста жақында жаңа автокөлікпен қамтылған Сайқындағы №17 өрт сөндіру бөлімі (бастығы Сабыржан Ибрашев) 19 штат бірлігімен және биыл 4 өртке қатысқан Хан ордасындағы № 29 өрт сөндіру бөлімдері де өздеріне жүктелген міндетті нормаларға сай атқарып

келе жатқандықтары мәлімделді. Ауданымызда 2 мемлекет-

тік өрт сөндіру бөлімі, Хан ордасы ауылындағы орман шаруашылығында өрт сөндіру бөлімшесі бар. Бұған қоса 7 ауылдық округ әкімдігі жа-нынан 70 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру құрамалары жасақталған. Оның сыр-тында аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың қолдауымен аудандық бюджеттен 6 млн. 600 мың теңге қаржы бөлініп, Ұялы ауылында ашылған ауылішілік өрттер мен дала өрттерін сөндіруге арналған №49 өрт сөндіру бекеті Саралжын, Т.Масин ауылдарында шыққан өртті ауыздықтап, қызметтерін мүлтіксіз атқаруда. Бұл бекетте жеті азамат тұрақты қызметке алынып, «Өрт сөндіруші» ЖШС-і арқылы 1 бірлік «Зил-130» өрт сөндіру автомашинасы мен жанар-жағармай, арнайы киімдермен қамтылды. Алдағы уақытта тиісті құжаттары

жасақталғаннан кейін аудан әкімдігі арқылы қосымша «Газ-66» өрт сөндіру автома-шинасын беру де жоспарлану-да,- деді Асылбек Ерешев, аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас мама-ны.

Биыл көп жағдайда дала жанулары мен өрттерін сөндіруге ауыл әкімдіктерінің ерікті өрт сөндіру құрамалары мен техникалары жеткілік-ті болғандықтан өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамалары мен техникалары толық қатыстырылмаған екен. Десе де өрт сөндіру бөлімдерінде түрлі ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстар ақсап тұрғанын баса айтқан Рүстем Мүлкайұлы өрттен бос уақытты тиімді пайдаланып, осы олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Сонымен қатар отырыста тиісті мамандарға тапсырмалар тап-сырылып, хаттамалық шешім қабылданды.

Тілсіз жаудан сақтану үшін не істелінді?

Бұл мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Асылбек Ерешев төмендегідей сақтық ережелерді сақталуы шарт дейді.

Дала жанулары мен өрттерін болдырмау және дер кезінде сөндіру мақсатында:

– аудандағы 22 елді мекен-дегі құрылыстардың аумағы былтырғы қалдық шөптерден тазартылып арнайы белгіленген жерлерге шығарылды;

– шөп шабу науқанына қатысатын ауыл шаруашылығы техникалары 28 мамыр - 6

маусым аралығында техникалық бақылаудан өтті;

– аудан аумағындағы 70 шақырым шекара бойы және 50 шақырым өрт қаупі бар жерлер-ге жырту жұмыстары жүргізілді;

– өрт қаупі мезгіліне 2000 литр бензин, 3000 литр дизель отыны дайындалып, оған аудандық бюджеттен 1000000 (бір млн.) теңге қаржы бөлінді;

– ауыл әкімдіктері жанындағы ерікті өрт сөндіру құрамаларын материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында аудандық бюджеттен 2 млн. 500 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті өрт сөндіру құрал-жабдықтары сатып алынды;

– ауылдық округ әкімдері дала өрттерін сөндіруге шаруа қожалықтары басшыларымен келісімшарт жасасты.

2015 жылы облыстық бюджет-тен бөлінген қаражатқа арнайы өрт сөндіруге арналған көлік пен құрылғылар алынған.

Сақтық шаралары қандай?

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Тұрарбек Апақаев сақтық шарала-рын қатаң ұстау артықтық қылмайды дейді.

– Пішен үйілетін жерлер-де найзағайдан сақтану қондырғысын монтаждау, оның аумағын шөптен тазарту, өрт сөндіру құралдарымен және су қорымен қамтамасыз ету.

– шөп шабуда және жемшөп тасуда жүрген барлық ауыл шаруашылығы агрегатта-ры ұшқын сөндіретін және өрт сөндіретін құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

– науқанға қатысатын аза-маттар міндетті түрде өртке қарсы нұсқаудан өтулері керек. Далада, дала қостарында жөндеу және темір дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Әсіресе, пішен қоры сақталатын орындарға ерекше көңіл бөлген жөн.

– бір мая пішен сақталатын алаң 300 шаршы метрден, ал тайлап буылған пішен мен сабан сақталатын алаң 500 шаршы метрден аспауы тиіс. Әрбір үйілген қатарлардың ара қашықтығы 20 метрден кем бол-мауы керек. Қатарлар мен мая-ларды парлап орналастырғанда аралары 6 метрден, ал көрші парлар кемінде 3 метрден кем болмайды.

– пішен қоймаларында өртке қарсы қатаң режим, сенімді күзет орнатылып, оған бөтен адамдардың, әсіресе балалардың кіруіне жол беріл-меуі керек.

– өрт байқалған бойда жақын орналасқан елді ме-кендер тұрғындары мен шаруа қожалықтары «менікі, сенікі» демей, барлығы бір кісідей жұмылуы шарт.

Қысқы азық деп жинаған қорыңыз қызыл жалынның құрбаны болмасын, баспанаңызды өрт шалып, опынып қалмау үшін сақтық шараларын естен шығармаңыз. «Сақтансаң сақтармын» деген әр кез ойыңызда жүрсін!

Раушан БАҚЫТОВА

ӨРТ БОЛЫП, ОПЫНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!

Page 5: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

ҚОҒаМ 5

Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі

Шыныменде, көненің көзіндей болған ғимараттарға тіл бітсе, талай тарихтан сыр шертер еді-ау. Елімізде ұлтымыз үшін ауқымы зор, өнегесі мол, маңызы терең «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әр өңірдің тарихы, киелі орындары мен ұлы адамдары туралы деректер кеңінен таралып насихатталуда.

“Орда жұлдызы”№47 (7134) 22/11/2018 ж.

«Шәкірт – шәкірт емес,Ұстазын ол сүймесе.Ұстаз – ұстаз емес,Шәкірті үшін күймесе», – деп

ұлы ағартушы Ыбырай Алтын-сарин айтқандай, бастауыш сынып оқушыларының ой-қиялын біліммен нұрландырып, дүниетанымын кеңейтіп жүрген тәжірибелі ұстаздардың бірі – Салтанат Сарбаева. С.Шайқықызы 32 жылдан бері Ш.Жексенбаев атындағы мек-тепте бастауыш сынып мұғалімі

болып еңбек етіп келеді. Ізденім-паз ұстаздың ұзақ жылғы жемісті еңбегінің нәтижесі де жоғары. Биылғы жылы мектеп түлектері арасынан төрт «Алтын белгі», бір «Үздік аттестат» иегерлерінің шығуы бастауышта білім негізін қалаған ұстаздарының еңбегі. Айта кетелік, 2014 жылы ХІ облыстық «Intel-junior – 2014» бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиададан І.Болатқалиева ІІ орын иеленсе, К.Рамазанова, Ф.Шынболатова

Суретте: Салтанат Сарбаева (сол жақта) әріптестері және шәкірттерімен.

Ордада әлі күнге өңірде болған тарихи оқиғалар мен тұлғалардың болмысын айқындайтын, мәнімен, сәнімен келісті етіп көпшілікке жеткізетіндей дәрежедегі көне ғимараттар баршылық. Мыса-лы, 1860-1870 жылдар шама-сында салынған, өлкетанушы, ҚазКСР-сына еңбегі сіңген, Ленин орденді ұстаз, Орда, Жәнібек аудандарының «Құрметті аза-маты» А.Тажетдинов тұрған үй (бүгінгі күні құрылысы өзгерген) ХІХ ғасырда пошта қатынасында істейтін лаушылар үйі болған. Осы орайда сәл шегініс жасасақ, бір ай шамасында Алматыдан ха-барласып, туыстарын сұраған бір жерлесіміз өздерінің отбасылық альбомынан фотосурет жіберген болатын. Сурет кеңес заманынан бұрын түсірілген. Онда сән-салта-наты келісті ғимарат қақпасынан үш пар ат жеккен пәуеске үстінде және жерде ерекше киім үлгідегі адамдар бейнеленген. Үй мен қақпаның әрірегінен мұнара көрінеді. Суретке қарап: Ордада болған қазақ мешітінің мұнарасы емес пе екен деген ойға қалдық. Назар аударарлығы биік қақпаның жақтауына «Рынь Пес-ковская конно – почтовая станция

До Горько Реченской станции 2...Шунгайской ...Хорохой ...Владимировской ...» деп

жазылған жарнамалық тақта ілін-ген. (Тақтадағы сөздердің кейбірі анық көрінбесе де, аталған жер-лер заманында пошта станциясы болғаны тарихтан мәлім).

Ал, ауылдасымыз Е.Сайфетдиновтың меншігіндегі үй – 1867 жылы есімі белгісіз бір бай саудагер салдырған құрылыс. Ол үй аумағында қосалқы үй, шаруашылық құрылыстары мен құдығы болған. Үй қабырғасында «Застраховано Петербургским страховым обществом» деп жазылған тақтасы таяу уақытқа дейін болғаны, үлкен үйде саудагер отбасы, қосалқы үйде аспаз, үй тазалаушы тұрғаны баяндалды. Осы ғимаратта 1905-1907 жылдардағы революцияға қатысып, жер аударылып келген түрлі ұлт өкілдерінен құралған революционерлер тұрған, ал

1925-28 жылдары милиция басқармасының үйі, одан кейін 40 жылдай пошта мекемесі болған.

Қазіргі таңда ауылымызда ХІХ ғасырлық 76 ғимарат бар. Оның 13-і музейлік кешен қарауында болса, 18-і сақталуы қажет ғимарат. Бұлардан басқа тарихи тұлғалар тұрған, түрлі мекеме-лер болған 45 архитетуралық нысан өз алдына бір төбе. Бұл ғимараттардың дені бөрене ағаштан қиюластырып, есік, терезе жақтауларын сына қағу арқылы орнықтырып жасаған.

Әрине, ХІХ ғасырлық ғимараттарды сақтау, қорғау оңай болған жоқ. Олардың бірі уақыттың тезіне салынып, қирап-бүлінсе, тұрғын үйге берілгендері үй иелерінің қолымен өзгерістерге ұшырап, бастапқы кейпін жойып алды.

Осы ғимараттарды жас ұрпақ білуі үшін қалай сақтап жеткі-земіз? Осы орайда ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссиясына Бөкей ордасы музейлік кешенін тарихи-мәдени, табиғи қорық музейіне айналдыру жөнінде түсірген ұсыныс әлі өз күшінде екенін айта кеткім келеді. Батыс Қазақстан облысы бойынша тарихы терең, табиғаты ерекше, ашық аспан астындағы музей, ту-ристік орын болуға лайықты деп танылған Бөкей ордасы ескерт-кіштер кешені «Каспий қақпасы» кластеріне енгізілгенмен, туристік қызмет көрсету дәрежесін артты-ру үшін атқарылар жұмыстар көп.

Музейлік кешен осы орайда ірі жобалар қабылдап, қарауына алынған көне ғимараттарды қалпына келтіру, оларға ескерт-кіш тақта орнату, республикалық маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдени ескерткіштер ансам-блі тізіміне қосу, макеттік үлгісін жасау сынды жұмыстар жоспа-рын жасап, түрлі басшылықтар алдына ұсынуда. Аталған істердің жүзеге асуы үшін ел болып түсіністікпен қарап, осы бір сәулет ескерткіштерін бүлдірмей сақтау – баршаға ортақ парыз.

Гүлжиян САПАРҒАЛИЕВА, Бөкей ордасы тарихи-музей

кешені қызметкері

ҒИМАРАТТАРҒАТІЛ БІТСЕ...

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастар саясатын жүзеге асырып, жастар мен жастар ұйымдарын қолдау мақсатында қызмет етіп келеді. Ауданның барлық ауылдық округтерінде жастармен жұмыс жөніндегі мамандар өздерінің функционалдық қызметтеріне сай жастарға арналған мемле-кеттік бағдарламалар мен жо-балар жөнінде түсініктер беру, жаңа бастамаларына қолдау көрсету, кәсіптік бағдар беру, еріктілердің корпусын дамыту, жастар арасындағы ахуалды зерделеп, мониторинг жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.

Аудандағы жастар саясатының іске асырылуына тоқталсақ, «Дипломмен ауылға» жобасы

негізінде 35 жас көтермеақы алса, 19-ы тұрғын үй сатып алуға құжаттарын өткізген. Жазғы маусымда «Жасыл ел» еңбек жасақтарында ІІ кезеңмен 40 жас еңбек етсе, «Студенттік құрылыс және еңбек жасақтарында» 14 жас, «Жастар тәжірибесінде» 58 жас жұмыстанды. Ал 21 жас «Бизнес бастау» бойынша оқыса, білімі жоқ 53 жас қысқа және ұзақ мерзімді оқуларға жіберілді. Бұлардан басқа 23 жас әлеуметтік жұмыс орында-рына, 35 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 55 жас бос вакансиялық орындарға жұмысқа орналасқан, ал 9 жас өз кәсібін ашуға несие алды.

Ауданда еріктілерден құралған

«Қамқор» еріктілер қозғалысы, аудандық мекемелер мен ұжымдарда жастар комитеттері бар. Бекітілген жоспарға сай аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің І оты-рысы өтіп, ауданның жастар саясатына қатысты көкейкесті мәселелері талқыланды.

Осы орайда, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының атқарған І жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы бойынша об-лыста 2-орыннан көрініп, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың атынан «Алғыс хат» алғанын айта кету керек.

Исатай ҚҰРМАШЕВ, аудандық жастармен

жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы

Жастық бар жерде жалын бар

белсене қатысқаны үшін ма-рапатталды. Республикалық қашықтық пәндік олимпиада-дан С.Жоламан, Г.Әжігерей, С.Шынболат, Д.Нохат жүлделі орындардан көрінді. Республикалық «Ақбота» ин-теллектуалды ойынына бірнеше шәкірттері қатысып, ІІ орынмен ұстаз сенімін ақтады.

Өз ісін жетік білетін, үнемі ізденісте жүретін білікті ұстаз, ел болашағының тізгінін ұстайтын жас бүлдіршіндердің жүрегінен жол тауып жүрген ол әріптестеріне өнеге. Жүзінен мейірім шуағы тараған, кісілік келбеті мол, мінезі байсалды ұлағатты ұстаздың сабағына кіріп, озық тәжірибесін үйреніп алуға жас мамандар да құштар.

Гүлвира ЗҰЛҚАРНАЕВА, мұғалім

Page 6: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

6 ТаРИХ

КАВАЛЕРИя ГЕНЕРАЛЫ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАСЫН

“Орда жұлдызы”№47 (7134) 22/11/2018 ж.

1978 жыл. Орда тарихи-революциялық музейінде жұмыс жасап жүрген кезім. Бір күні музейге хат келді. Хат күнде келеді ғой, бірақ мынау әдеттегі көз үйренген емес, бөлек: бөтен адрес, конверті де, маркасы да одақтікіне ұқсамайды, өзгеше. Ашып қарадық. Болгарияның Плеван қаласындағы әскери-тарихи музейден екен. Хат иесі музей директоры Галина Тодорова ел тәуелсіздігінің 100 жылдығына байланысты Болгарияның азаттығы жо-лында тарихи шайқастарға қатысып, ерлік көрсеткен әскери қайраткерлерді із-дестіріп жатқанын, солардың бірі жерлесіміз Ғұбайдолла Жәңгіров екенін айта келіп, мүмкіндік болса, ол тура-лы деректі материалдан көмек көрсетуімізді өтінген екен. Біз жауап хатымызда Ғұбайдолланың өмірдерегі мен генерал шеніндегі фотосуретін салып, Плевендегі музейде жерлесімізге қандай деректі материал барын сұрап, болса олардың фотосуретін жіберуді өтіндік. Көп кешікпей, музей басшылығы «Памятники при-знательности» атты кітап-аль-бом салып жіберіпті. Деген-мен, ол кітапта жерлесімізге қатысты еш дерек жоқ екен. Кітап арасындағы бір парақта орыс-түрік соғысын зертте-ген тарихшылар еңбектерінің тізімін көрсетіпті. Онда: «При-казом от 30-го сентября 1877 года за проявленное мужество и храбрость в боях с турками под Плевной 11-12 сентября

1877 года военном орденом «Святой Георгий ІV –й степнеи были награждены майор Горта-лов и штабс-капитан Седов из 61-го пехотного Владимирского полка, а полковник Чингизхан (Губайдолла Джангиров) по-лучил золотую саблю с надпи-сью «За храбрость» (Сборник «Плевенская эпопея» 1877 г. стр.147).

Өзге елдің Ғ.Жәңгіровтің есімін елеп, ерлігін бағалап, құрметтеп жатқанына, жоқшысы боп отырғанына қуандық. Даңқты жерлесіміз-ге қатысты мәліметтерді жинақтауда Қазақстан-Ресей елдері өлкетану қоғамдарының белсенді мүшесі Айболат Құрымбаевтың көмегін айтуға тиіспін. М.Мәметова атындағы орта мектепке басшылық жасап жүрген кезінде Ай-болат интернетті ақтарып, Ғ.Жәңгіровке, орыс-түрік соғысына қатысты біраз тарихи дүниені тауып, қолымызға ұстатқан еді.

«Чингизиды» деген сөзді естуіміз бар-тұғын. Бірақ ол қайдан пайда болды? Олай деп кімдерді атайды? Ғұбайдолла Жәңгіров ата-тегіне Шыңғыс (Чингиз) есімін қосып атауға рұқсат сұрап, 1869 жылы 9 шілдеде ақ патшаның атына, 1871 жылы 1 қаңтарда әділет министрінің атына жазған өтініштерінің фотокөшірмелері сақталған. Патша ағзамның өкімімен, Сенаттың тиісті жарлығымен Ғұбайдолланың өтініші қанағаттандырылып, ресми құжаттарға Ғұбайдолланың ата-тегі

Ғұбайдолла Жәңгір Бөкеев Чингизхан болып берілді. Ол мұны өзінің түп-төркінінің Шыңғыс ханнан тарайтынымен түсіндірген.

Ғ.Жәңгіровтің ерлігі туралы Л.Варшавскаяның «Аргументы и факты» газетінің 2000 жылғы қарашадағы №47 санында «Повелел император золотую саблю за храбрость» атты мақаласында баяндалған. Бұл мақала Ғұбайдолла тағдырын зерттеген Шолпанай Аман-жоловамен сұқбат түрінде көрініс тапқан. Ш.Аманжолова Болгарияның Қазақстандағы елшісі Ивановпен сөйлесіп, Плевендегі әскери-тарихи музейден жерлесімізге қатысты құнды құжаттарға қол жеткіз-ген. Музейден алынған тарихи жылнамада Ғ.Жәңгіровтің Пле-венге барар жолдағы алынбас қамал болған Гривицк бекінісін алуда асқан шеберлікпен соғыс тактикасын ұйымдастыра білді деп көрсетілген.

Тағы бір ғұбайдоллатанушы доцент Ғалым Бөкейханов «Егемен Қазақстан» газетін-де (2003 жылғы 13 мамыр) «Кавалерия генералы» деген үлкен мақаласын жарияла-ды. Ғұбайдолла Жәңгіров 1856 жылы Петербордағы паж корпусын бітіріп, 1857 жылы 17 жасынан Орынбор генерал-губернаторының қарамағында, 1866-76 жыл-дар аралығында Ресейдің түрлі әскери құрамаларында қызмет етіп, полковник шенін иеленген. 1877-78 жылдары орыс-түрік соғысына қатысып, генерал-майор, 1888 жылы

генерал-лейтенант, 1894 жылы кавалерия генералы (генерал шенінің ең жоғары сатысы) шенін алып, есімі Кремель сарайындағы Георгий залының қабырғасына ойы-лып жазылған екен. Әскери қызметте 38 жылын өткізген Ғұбайдолла 1895 жылы 55 жасында доғарысқа кетіп, Ялтадағы император сыйға берген имениесінде 1909 жылы 28 ақпанында 69 жасында бақилық болған. Ялтаға таяу Дерекой елді мекеніндегі мұсылмандар зиратына жер-ленген.

Қазақ генералдары тарих ғылымдарының кандидаты Мұрат Әбдіровтің «Ақиқат» журналының 1997 жылғы №3 санында жарық көрген «Шенді шекпен» ғылыми мақаласына да арқау болған. Тарихшы XVI ғасырдың аяқ кезінде орыс армиясында 200-ге жуық жоғары шенді қазақ офицері қызмет еткенін, кіші жүзден төрт генерал-майор шыққанын айтқан. М.Әбдіров көрсеткен шенділердің бәрі дерлік атақты қолбасшы Әбілқайыр ханның ұрпағы. Оның біреуі – ханның шөбересі Жәңгір Бөкеев, 1840 жылы 1 желтоқсанда генерал-майор шенін иеленген. Бұл турасында «Саратовские ведо-мости» газетінде жарияланған. Әбілқайыр ханның немерелері Айшуақұлы Баймұхамед пен оның баласы Мұхамеджан. Бұл екеуінің генерал шенін не үшін алғаны айтпаса да түсінікті. Сырттан келіп атой салған жауды емес, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісті

тоқтатқандары үшін алған. Генералдарды тақырып

еткендердің бірі – Серік Жұмабекұлы. Журналист «Еге-мен Қазақстан» (2003 жылғы 26 қараша) газетіне «Қазақ генералдары» атты танымдық мақаласын жариялады. Гене-рал лауазымының өз заманын-да үлкен құрметке ие болғаны, доғарысқа шыққан генералға патша өкімімен жер беріліп, ге-нералды төрт минуттан артық күткізіп қойған шенеуніктердің қатаң жазаланғаны айтылған.

Ғұбайдоллатанушы Ш.Аманжолова патшалық Ресейдің өзі ұлық көрген дала перзентінің өз жерінде лайық бағасын алмай отырғанын, әскери оқу орындарының бірін Ғ.Жәңгіровтің атымен атауға әбден лайық екенін айтады. Аманжолованың бұл ұсынысы қолдауға тұрарлық. Бұратана саналған қара халықтан шығып, ерлігімен, көрегенділігімен мойындатқан текті тұлғаның есімін неге бір әскери оқу орны-на бермеске?! Тарих қойнауында қалған есімді елге танытсақ, рухани жаңғыруымызға сеп болмай ма?!

Амантай ХАМЗИН, тарихшы, өлкетанушы,

Сайқын ауылы

МУЗЕйДЕ ІЗІ ЖАТЫР ЗәКИяНЫҢ

генерал-майор, 1888 жылы Махамбет бастаған көтерілісті

ЖАТЫРЗәкия Ислямованың есімі

ханордалықтар үшін жақсы та-ныс. Ауылдың мәдениеті мен мен білім саласына өзіндік қолтаңбасын қалдырған музей саласының ар-дагері Зәкия Ислямқызының өмір жолы үлгі тұтарлық. Өнегелі ғұмыр иелерін жас ұрпаққа жария қып айтқанның еш артықтығы жоқ. Елба-сы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Өнегелі құндылықтар» базалық жобасы да туған жерінің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер азаматтардың есімдерін ұрпаққа насихаттауды көздейді.

Зәкия апай Сайқын ауылдық округінің Шоңай темір жол стансасының ту-масы. Оралдағы Мемлекеттік Қазақ оқытушылар институтына түсіп, гео-графия және жаратылыстану пәнінің

мұғалімі мамандығын алған Зәкия Ислямқызы алғашқы еңбек жолын мектептің комсомол ұйымы комитетінің хатшысынан бастаған. 1952 жылы Орда ауданы тарағанша жұмыс жасап, кейін Жәнібек, Орда мектептерінде ұстаздық қызмет атқарған. Іскер де алғыр маман депутат боп, республикалық түрлі съездерге делегат ретінде қатысқан. Партия қатарына өтіп, кейін жоғары партия мектебінде оқыған.

Өз заманында жауапты қызметтерді асқан жауапкершілікпен атқарған Зәкия апамыз өмірде де үлгі тұтарлық отанасы, ардақты ана, сыйлы жан бола білді. Ұлы Отан соғысының ардагері, география пәнінің мұғалімі, кейін Орда ауылдық Кеңесінің төрағасы болған Оразбай Ділмашевпен отбасын құрып, екі қызды тәрбиелеп өсірді.

Ал, 1967 жылы ол мемлекеттік статус алған Орда тарихи-революциялық

музейіне аға ғылыми қызметкер болып қызметке орналасады. Сол кезде екі бөлімнен тұрған музей экспозициясы үш бөлмеге орнала-сып, келушілердің назарына Бөкей ордасындағы білім саласы, 1836-37 жылдары. көтеріліс, Кеңес үкіметінің орнауы, баспахана тарихы, I үлгілі қазақ-кеңес атты әскер полкі, өлкеден шыққан танымал тұлғалар және «Әкелер даңқы жолымен» атты слеті тақырыптарында көрмелер ұсынылды. Зейнетке шыққанша осы музей-

де қызмет жасады. Ғылыми-ізденіс жұмыстарын аса жауапкершілікпен атқарған Зәкия Ислямованың музей саласында қалдырған қолтаңбасы айтарлықтай. Ол кісі атқарған істер мен ұйымдастырған жобалар әлі күнге музей қабырғасында келушілерге қызмет етіп тұр.

Бүгінде Бөкей ордасы тарихи-музей кешені құрамындағы Бөкей ордасында халыққа білім беру музейінде Жәңгір мектебінің мұғалімдеріне арналған экспозициясына Зәкия Ислямова мен жұбайы Оразбай Ділмашевтің да фо-тосуреттері қойылып, музей қорында құжаттары сақталған. Қызмет барысын-да 25 жылдай саналы ғұмырын ізгілік жолына арнаған З.Еслямқызының ұстанған ұстанымы мен тәжірибесі жас әріптестеріне өнеге болды.

Зәкия Ислямқызы егер тірі болса биыл тоқсан беске келер еді. Оның бойындағы толеранттылық қасиет, болмысына тән байсалдылығын, үнемі бір қалыпта жүретін байыптылығын, айналасына шуағын шашқан мейі-рімділігін оның көзін көрген дос-жара-ны мен ағайын-туыстары да жадыдан шығармақ емес.

Гүлзада АБУЛХАЙРОВА, Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің

бөлім меңгерушісі

Page 7: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

Меншік иесі:“Жайық Пресс” ЖШс

Бас директорРауан сӘБИТОВ

“Жайық Пресс” ЖШсБөкей ордасы аудандық

“Орда жұлдызы” қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы

Ұлпан ЖакИна

Газетті есепке қою туралы №12259-Г куәлікті 2012 жылғы 19 қаңтардаҚазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігініңАқпарат және мұрағат комитеті берген.

Газет БҚО әділет департаменті, Бөкей ордасы аудандық әділет басқармасында 09.01.2012 жылы тіркелген.Тіркеу №7-1926-15-ф-л

Мекенжайымыз: 090200 Батыс Қазақстан облысы,Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ. Әзербаев көшесі, 10/1 үй.Телефондар: Редактор: 21-5-30. Тілшілер: 21-8-42 (факс)Біздің электронды поштамыз: [email protected]

Белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет “Жайық Пресс”медиахолдингінде компьютерлікәдіспен теріліп, беттелді.“Полиграфсервис” ЖШС баспаханасында басылды.Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 27/6.

Газет аптасына 1 рет шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 47.Таралымы 1663 дана.

ХаТ-ХаБаР 7“Орда жұлдызы”№47 (7134) 22/11/2018 ж.

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2018 жылдың 9 айында қойылған негізгі бағыттары міндеттер мен функцияларына сәйкес: республикалық және жергілік-ті бюджеттің орындауда ҚР заңнамаларына сәйкестік аудиті, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының орындалуына бақылаулар жүргізді.

2018 жылдың 9 айында де-партаментпен 179 аудиторлық іс-шаралары жүргізіліп, 5 200 656,15 мың теңгенің қаржысы бақылаумен қамтылды.

Аудиторлық іс-шаралармен 3 486 234,6 мың теңгенің бюджет немесе басқа заңнамалардың бұзушылықтары анықталып, оның ішінде өндірілуге және қалпына келтірілуге жататын со-малар 809 474,51 мың теңге не-месе барлық бұзушылықтардың 29,0 % пайызын құрады.

Сонымен қатар мемлекет-тік сатып алулар бойынша бақылаумен қамтылған 2 849 942,93 мың теңге қаражаттың 168 сатып алу рәсімі 2 411 265,94 мың теңге заңнамаларды бұзушылықпен өткізілгендігі анықталды.

Департаментпен мемлекет-тік сатып алу заңнамаларын сақталуына жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен 249 299,2 мың теңгенің 54 мемлекеттік сатып алу рәсімі қорытындысы күшін жойды.

Осымен қатар құқық қорғау орындарына маман ретінде 70 қорытынды берілді.

Есепті мерзім ішінде депар-таментпен мемлекеттік сатып алу веб-порталы статистикалық деректері негізінде 83 милли-ард 536 миллион теңгеге 7359 сатып алу/лот камералдық бақылаумен қамтылып бақыланды.

Камералдық бақылау іс-ша-раларымен 978 анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерін, жағдайларды жою хабарлама жіберілді.

Жыл басынан 9 айдың қорытындысымен департа-ментке 833 арыз-шағымдар түсіп, оның 749-ы (89,9%) қаралды, соның ішінде 406 (54,2%) толықтай немесе іші-нара қанағаттандырылғандар, 270 (36%) арыз-шағымдағы дәлелдер расталмағандықтан департаментпен қарау бас тар-тылса, 40 (5,3%) заңнамаларға түсiнiк беріліп, 33 (4,4%) қарауды тоқтату туралы өтінімдер негізінде тоқтатылды.

Бақылаушылық іс шаралары-мен жіберілген кемшіліктермен бұзушылықтар үшін бақылау нысандарының 100 лауазымды қызметкері тәртіптік жауап-кершілікке тартылып, 147-іне әкімшілік іс қозғалды. Соның ішін-де 142-сі лауазымды тұлғаға, 5-еуі заңды тұлғаға қатысты. Қозғалған барлық әкімшілік істердің 70 пайызы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207- бабы «Мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар» болып табылады. Салынған айыппұлдардың сомасы 12 914 850 теңгені құрады.

Жылдың үздік жасырын

сатып алушысы!Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілетін – «Жылдың үздік жасырын сатып алушысы» атты байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқау 2018 жылдың 5-25 қараша аралығында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – әкімшілік кедергілерді, тұрмыстық сыбайлас- жемқорлық фактілерін, қызмет көрсетушілердің Этикалық ко-дексті сақтамауын, қызмет алушы-лар үшін қолайлы жағдайдың жоқтығын анықтау.

Байқауға қатысу үшін талап етіледі:

1. Байқауға қатысуға өтінім. Оны «Үздік жасырын сатып алушы» хатының тақырыбымен [email protected] мекенжайына жіберу керек.

2. Байқауға Батыс Қазақстан об-лысында мемлекеттік қызметтерді ұсынатын нысандар мен сала-ларда «Жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік қызметтерді алу барысында жазылған бейне-материалдар қабылданады.

3. Бейнематериалдарға болған жағдайды егжей-тегжейлі сипат-тай отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде ««Microsoft Word»» форматында мәтіндік құжатты тіркеу қажет.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша толық ақпаратты 8 7112 50-41-18 телефоны арқылы алуға болады.

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекеме-лер, квазимемлекеттік

сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушы-лар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері саналады.

Қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері заң және кәсіпкерлік кодексімен анықталған. Қадағалау объ-ектісі мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен, оның нәтижелерімен, тұжырымдарымен және ұсынымдарымен танысуға құқылы.

Бақылау мен қадағалауды

жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъек-тілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау жүргізу, тексеру, тағайындау туралы актіні ұсынбаған, мерзімге сәйкес келмейтін не асып кеткен, не олар өтіп кеткен актілер ұсынған, бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімділігі сақталмаған, бір кезең ішін-де сол мәселе бойынша өзіне қатысты бұрын тексеру болған, өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін тексеру тағайындалған жағдайларда ау-дит объектісі бақылауға келген лауазымды тұлғаларды тексеру-ге жібермеуге құқылы.

Аудит объектісі егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысана-сына жатпайтын болса, тексе-ру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және мем-лекеттік органдардың лауазым-ды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңнамаларда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Осымен қатар, қолданыстағы заңнамалармен бақылау және қадағалау субъектілері: бақылау және қадағалау органдары лауа-зымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, қағаз және

электрондық жеткізгіштерде құжаттарды беруге, сонымен қатар автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге, тағайындау туралы актіні алғаны туралы жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға белгі қоюға, объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген норматив-терге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Бұдан басқа аудит объек-тісіне тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

АУДИТ ОБЪЕКТІСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІБатыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес облысымызда Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган болып болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаларда атап айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте аудит, тексеріс объектілерінің мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауа-зымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауы-на кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып басшы орынба-сары Пак Виталий Львович тағайындалды. Байланыс телефо-ны 8 (7112) 50-57-03.

Макуза МУКАЕВА, Батыс Қазақстан облысы

ішкі мемлекеттік аудит департаментінің № 1 аудит

сәйкестігі бөлім басшысы

БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің 9 айдағы қорытындысы

Процессуалды шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау орындарына жолданған 22 аудит материалдары негізінде 4 қылмыстық іс қозғалды.

Департамент бақылау функ-циясымен қатар мемлекеттік сатып алу заңнамалары норма-ларымен камералдық бақылау іс-шараларын жүргізу тәртібіне соның ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалары әкімшілерімен бірлесе, тұрғылықты түрде семинар- кеңестер ұйымдастырылуда.

Департаменттің жауап-ты қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, прокуратура, сот органдары-мен, облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған семинар, кездесу, «дөңгелек үстелдерге» белсенді қатысуда.

Көрсетілген мерзімде облыстық БАҚ беттерін-де 24 мақала, сыбай-лас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға түсінік беру туралы 39 семинар өткізілді.

Департамент басшылығымен республикалық канал арқылы

1, жергілікті канал арқылы 3 сұқбат берілді. Департа-ментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Жекелегенде об-лысымыз бойынша ішкі мемле-кеттік аудит қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, бас-шы бұйрығымен бекітілді.

Сонымен қатар қызметкерлермен этикалық нормалар мен ережелердің сақталуын, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарын қорғау үшін департамент-те Әдеп жөніндегі уәкіл анықталды.

Мемлекеттік аудиторлар тарапынан этикалық норма-лар мен ережелерді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзушылықтар анықтала қалса, Батыс Қазақстан облы-сы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Пак Виталий Львовичке 8 (7112) 50 50 28 телефона арқылы хабарлай аласыздар.

Page 8: «Ашық әкімдік» - ordazhuldyzy.kzordazhuldyzy.kz/wp-content/uploads/2018/11/орда_47.pdf · 2 аҚПаРаТ №47 (7134) 22/11/2018 ж.“Орда жұлдызы”

8 сОңҒЫ БеТҚұттықтаймыз!ЖЫР ЖЕБЕСІ – МАХАМБЕТ

Ұлы даланың дауылпаз жыршысы атанған Махамбет Өтемісұлының туғанына 215 жыл толуына орай Саралжын ауылдық мәдениет үйінде аудандық «Жыр жебесі – Махамбет» атты Махамбет оқулары өтті. Оған Бөрлі, Бисен, Мұратсай, Ұялы, Хан ордасы ауылдарынан келген сегіз жас ақын қатысты.

“Орда жұлдызы”№47 (7134) 22/11/2018 ж.

Қатысушылар Махамбет ақынның өлеңдерін жатқа айтты және патриоттық рухтағы төл туындыларын да көрерменге паш етті. Сон-дай-ақ қазылар алқасының төрағасы Жоламан Сисенғалиев үміткерлерді сахнаға шақырып, әрқайсысымен қайым айтыс жасап, ақындық қабілеттерін байқады. Сыннан сүрінбей өткен бөрлілік Жақсылық Зинетовке бас жүлде бұйырса, бірінші орын ордалық Ма-хамбет Мұханбетовке беріл-

ді. Саралжындық Асхат Өтеуғалиев пен Шыңғыс Ромашев екінші, Ұялыдан кел-ген Гүлшарат Бисенғалиқызы, бисендік Ақылбек Дудин және мұратсайлық Роман Мұратов үшінші орынды өзара бөлісті. Саралжын ауылдық округінің әкімі Нұркен Сабыров қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Мейрамгүл МҰХАМБЕДИЯРОВА,аудандық мәдениет

үйінің әдіскері

Сайқын ауылының тұрғындары Кәрім Сүндетов пен Сара Шәмилованы шаңырақ құрып, өмір теңізіне ескегін қатар салып, дауыл мен толқынды елемей бірге келе жатқандарына 50 жыл толуымен шын ниетпен құттықтаймыз. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда немере-жиендеріңнің қызығына бөленіп, ұл-қыздарыңның ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер.

Кім тосқауыл, уақыт өтті қаншама,Бақыт тәтті, мұңдар ащы болса да.Алтын тойдың иесі сен екеуің,Ел-жұртың тұр бақытыңа тамсана.Құттықтаушылар: жора-жолдастары Ержан-Күләш, Қитеш-Әсия,

Хамидолла-Рауза, Шайдолла-Зоя, Анна, Рабиға, Нәсіп, Дариға, Айтханым, Галя, Тамара

* * *Сайқын ауылының тұрғыны, өз ор-

тасына сыйлы жан, бірімізге ақылшы нағашы, қамқор қайнаға Жарылқасын Өтешқалиевті зейнеткерлік жасқа толуы-мен құттықтай отырып, деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз.

Шаттыққа толсын өмір жолыңыз,Алпыс үштің екеуіне толыңыз.Ортамыздан еш ұзамай, сыйлы боп,Ең құрметті ақылшымыз болыңыз.

Тілек білдірушілер: күйеу баласы Закария, жиен қарындасы Батима, жиендері Алмабек - Альфия, Мұрадым-Гүлдәурен,

Қайрат-Гүлмира және жиеншарлары

* * *Сайқын ауылының тұрғыны Өтешқалиев

Жарылқасын Игімбетұлын зейнеткер-лік 63 жасымен құттықтаймыз. Ел үшін тартынбай, төккен теріңіз ақталып, ұл-қызыңыздың ортасында немере-шөберенің қызығына бөленіп жүре беріңіз.

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,Күндеріңіз мұң салмасын қырына ап.

Игі тілекпен: аудандық қазынашылық басқармасының ұжымы

* * *Қамқоршы әкеміз, аяулы жар, ақылшы ата

сайқындық Жарылқасын Өтешқалиевті 63 жасқа толуымен құттықтаймыз. Деніңіз сау, мерейіңіз үстем болсын. Ортамызда аялы бәйтерегіміз болып қызығымызға бөлене беріңіз

Әке жаным, бақытымсың, бағымсың, Өмірдегі, төрімдегі тағымсың! Құтты болсын зейнеткерлік жасыңыз, Мақтанышым, қуанышым, асқар шың. Тілейміз біз таусылмайтын төзімді, Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді. Денсаулығың мықты болсын, жан әке, Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді. Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,Тіршілікте сәттіліктер қолдасын, Жанұямен мақтанамыз қашанда, Арамызда Сіздей әке болғасын!

Ақ ниетпен: зайыбы Жанна, ұлы Асхат, қызы Қарлығаш, қыз-күйеулері Назгүл-Сәлемғали,

Нұргүл-Владимир, Дәметкен-Исатай және жиендері

Орал қаласында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында пауэр-лифтингтен (зілтемірді жатып көтеру) облыстық чемпионат өтті. Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің Орда ауылы филиалының тәрбиеленушілері

осы аламанға қатысып, аудан намысын қорғады. Бапкер Рахим Қожағалиев бастап барған 6 оқушы да жүлделі 1-2 орындарға табан тіреді. Атап айтсақ, Әдемі Хамит (36 кг салмақта), Ұлмекен Сағидоллақызы (44 кг), Махаб-бат Қайношева (52 кг), Оралхан

Мұханбетқали (44 кг) – бірінші, Ерғанат Қайырбеков (40 кг), Рахатали Сираж (44 кг) және бапкердің өзі екінші орынды иеленді.

Қайрат ӘБДІРЕШЕВ, аудандық БЖСМ оқу ісі жөніндегі

орынбасары

ПАУЭРЛИФТИНГТЕ БәСІМІЗ БИІК Спорттың осы бір түрін серік еткен өрендеріміз облыс бойынша топ жарды.

Жан баласына рухани азық сыйлар кітаптың алар орны биік болмақ әманда. Еліміздің ертеңі жастардың әдебиетке сусап өскені маңызды. Осыған орай Бөкей ордасы колледжінің кітапханасында «Үздік оқырман» атты байқау өтті. Алдымен қатысушылар жеребе суырып, сахнаға шығу кезектерін анықтап алған соң «Әр оқырман бір әлем» дейтін алғашқы айналымның шартына сәйкес өздерін таныстырды. «Мықты болсаң тауып көр» кезеңінде олар оқытушылар дайындаған сұрақтарға жауап берсе, «Мақал-мәтел» кезеңінде мақал-мәтел айтып жарысты. «Кейіпкерлермен сырласайық» кезеңі де барынша тартысты өтті, студенттер жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлердің есімдерін, шығарма атауларын табуға тиіс болды. Ал, «Менің сүйікті кіта-бым» кезеңінде қатысушылар өздерінің оқыған кітабы туралы әңгімелеп, оны жарнамалады.

КІТАПҚҰМАРЛАР САйЫСЫ

ТӨЛ БАСЫЛЫМ ТӨРІҢІЗДЕН

ТАБЫЛСЫН!Ауданның экономикалық

ахуалын, әлеуметтік-қоғамдық жаңалықтарын, қасиетті мекеннің қастерлі тарихын, ел жақсыларының игі істерін назарда ұстаймын десеңіз, төл басылымыңыз «Орда жұлдызына» төрден орын беріңіз!

Байқау қорытындысында қазылар алқасы «ЭЕМ опера-торы» мамандығының ІІІ курс студенті Айкөркем Мақашеваны жеңімпаз деп танып, облыстық айналымға жолдама берді. Ауылшаруашылық өндірісіндегі «тракторшы-машинист»

мамандығының І курсында оқитын Сағыныш Жаннатов екінші орын алса, «аспазшы» мамандығының ІІІ курс студенті Аяужан Маратова үздік үштікті түйіндеді.

Рима ҚУАНШАЛИЕВА,колледж кітапханашысы