Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1-...

41
"№6 Хромтау гимназиясы" мемлекеттік мекеме Сыныптан тыс шаралар

Transcript of Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1-...

Page 1: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

"№6 Хромтау гимназиясы" мемлекеттік мекеме

Сыныптан тыс шаралар

Page 2: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Қозғалыстың жас инспекторлары «Қыран» жасағының сәлемдесуі

Олар- жол қозғалысының қырандары,

Олар-адам өмірінің сақшылары.

Олар-жол-көлік ережесін үйрететін,

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы.

Билеп шығады.

Сіздердің алдарыңызда көңілді, әдемі, талантты,білгір, қарапайым

қозғалыстың жас инспекторлар жасағы «Қыран».

Бірге: Сәлем достар!

Білесіздер ме, қозғалыстың жас инспекторлары бар жерде жол қозғалысы одан сайын

жақсарады. Біздерді мектептегі оқушылар, бала-бақшадағы балалар , тіпті үлкендер де күтеді .

Себебі:

Бірге:

Ережені оқып, сақтай білуге,

Үйретеді жас инспектор әрқашан!

Гаухар:

Өмір – сенің қуанышың, байлығың,

Өмір – сенің жан-тәніңнің саулығың.

Сақта оны, аялап өт әрдайым,

Қадағала көңіліңнің жайлығын.

Тамерлан:

Көлік – қазір тіршіліктің тірегі,

Өміріңде көп қой оның көмегі.

Сол көлікті игілікке пайдалан,

Сонда ғана болар оның керегі.

Құрманғали:

Бұзба жолдың ережесін ешқашан,

Сақтап отыр талаптарын әрқашан.

Жол белгісі тек әшейін нәрсе емес,

Қорғайды олар назар салып сақтансаң.

Нұрдаулет:

Сол үшін де біздер көмек береміз,

Қиындықты алдын ала көреміз.

Ескертеміз, жөн сілтейміз, айтамыз,

Сақтанудың жөн екенін білеміз.

Тамирлан:

Жол сақшысы сол себептен тұр алда,

Ол қамқорың - жөн сілтеуші қырандар.

Сол себептен алдарыңа келіп тұр,

Аты менен затынына сай «ҚЫРАНДАР»!

Тамирлан:

Биыл қозғалыстың жас инспекторлар жасағының құрылғанына 40 жыл .

Олай болса, барша қозғалыстың жас инспекторлар жасағын төл мерекелерімен құттықтаймыз.

Бейне ролик арқылы жасаған жұмыстар көрсетіліп тұрады.

Ән: Чудесный город» әуенімен

Таңқалдырар бар әлемді,

Жас инспекторлар әдемі,

Мақтанышы қазағымның.

Игі істерімен әйгілі.

Page 3: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Күннен күнге құлпыратын,

Армандарға жол ашатын.

Еліміздің мақтанышы,

Қырандары қозғалыстың.

Қайырмасы:

Қыран- қозғалыс инспекторлары,

Қыран- жол қозғалыс сақшылары.

Қыран - көмекшісі МАИ-дың,

Құттықтаймыз сіздерді!

ЮИД – сказочный город мечты,

ЮИД- будем с тобою мы расти.

ЮИД-мы поздравляем тебя,

И счастье желаем тебе!

«Ғажайыптар елінде» атты үгіт-насихат жұмысы

Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте

сақтауға үйрету. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Музыка ойналып тұрады.

Жас инспектор:

Ережесіз жүргенде бәрі орманда,

Бағдаршамды көтеріп,

Алып келді аю, орманға.

Содан барлығы жиналып:

Кірпі: Құрманғали

Бұл дегенің түк те емес!

Бағдаршам тоқсыз, сымсыз істемес.

Егер ол жөнімен жанбаса,

Онда бұған қарап тұру далбаса.

Қасқыр: Тамерлан

Мен кірпімен келісем!

Ол жұмыс істеп тұрғанмен қандай пайда?

Қоянды қуып келе жатқанда қызыл жанса,

Кім тоқтап тұрсын ,Қоян ба?

Сондықтан маған бәрі бір, жанса да қызыл, жасыл да

Жүгіре берем, жүгіре берем, жасылға.

Қоян: Нұрдәулет

Мен де жүгіріп келе жатқанда,

Кешіріңіз! Қарау мүмкін емес бағдаршамға.

Тышқан: Сержан

Маған де керек емес!

Өзім-ақ қазып алам жер асты жолын.

Үкі: Махамбет

Мен ұшып жүрем.

Жас инспектор:

Бұларың не, достар!

Барлық жолда бізге жақын,

Бағдаршам бізге көмекші.

Ол әрқашан ескертеді,

Түсімен жол жүруді.

-Ал сендер ғажайыптар еліне барғылар келе ме?

Бәрі:

-Онда не бар?

Жас инспектор:

Page 4: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

-Онда сиқырлы бағдаршам және ғажайып жол белгілері бар.

Бәрі:

Ендеше не істеп тұрмыз барайық.

«Ертегілер» әні орындалып үш бала билеп шығады.

Ғажайыпқа келдің

Таң ата сіз бүгін

Ертегі әлемнің қызығына жүріп

Нұрына шомыласың бүгін.

Жол белгілері көркем

Әдемі бұл неткен!

Бағдаршам сөйлейді,

Белгілер тербейді

Қандай ғажап ,міне, неткен!

Қайырмасы:

Жол белгілер, жол белгілер,

Неткен ғажап, көркемсіңдер.

Әлемге бүгін ережені

Үйретесіңдер сендер.

Жол белгілері:

-Ғажайыптар еліне қош келдіңдер!

Бағдаршам: Тамирлан

Қайғысыз өмір сүруге,

Жүгіріп, ұшып, жүзуге.

Ереже білу міндетің

Сақта мұны есіңде!

Қасқыр:

-Не деген, ғажап!!! Біз, енді жол белгелерін үйренгіміз келеді.

Бәрі :

Менде, менде........../шуласып/

Бағдаршам:

Жарайды, ендеше мұқият тыңдаңдар!

Музыка әуенімен ортада жол реттеушісі, айналасында төрт бала жол белгілерін көрсетіп

жүреді.

Гаухар:

Ешқашан жол ережесін,

Бұзбас үшін балалар!

Әр түрлі көп белгілерді,

Есте сақтаған жөн болар.

Жол белгілері 7 топтан тұрады.

1оқушы: Нұрай

Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында

жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

2оқушы: Сержан

Басымдылық белгілері. Бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің

көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту кезектілігін белгілейді.

3оқушы: Махамбет

Тиым салынатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс

атаулының бәріне тиым салады.

4 оқушы: Нұрай

Нұсқау белгілері. Бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін

жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы

қозғалысына рұқсат береді.

5 оқушы: Тамерлан

Page 5: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер. Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға , жаяу

жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын т.с.с

туралы хабарлайды.

6 оқушы: Нұрай

Қызмет көрсету белгілері. Тиісті обьектілердің орналасуын хабарлайды.

7 оқушы: Нұрай

Қосымша ақпарат белгілері. Қосымша ақпарат белгілері өздерімен бірге пайдаланылатын

белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.

Жас инспектор:

-Достар,естеріңде болсын!

1оқушы: Гаухар

Көшеден өтерде бағдаршамға назар аудар.

2оқушы: Тамирлан

Жол ортасында ойнау қауіпті.

3оқушы: Тамерлан

Көшеде тек жаяулар өтпелері бойынша өт.

4 оқушы: Құрманғали

Жол қиылысында аса абай бол.

5оқушы: Әмірхан

Мектепке барарда көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

6 оқушы: Лаура

Құрметті ата-аналар! Жолда жүру ережелерін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар!

7 оқушы:Нұрай

Құрметті жүргізушілер! Жолда кішкентай жаяу жүргіншіні немесе велосипедшіні көрсеңіз,

ерекше назар салыңыз, өйткені олардың іс-қимылын болжау қиын.

8 оқушы:Сержан

Қай көше , қай қалаға барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру ережесі заңты тәртіп

Ол-ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

«Крокодил Генаның» әнімен

Үлгі алып сақшылардан,

Ол бізге басты қорған.

Балалар кәне, алға бастайық,

Ереже есте болса

Бастысы ойға қонса

Жүргінші ешқашан саспайық.

Қайырмасы:

Сақшы болған қандай жақсы

Үлес қосар тәртіпке

Батылданып, өжеттеніп

Үйренеміз тез тіпті

2.40 жыл толды, міне, ҚЖИ ұйымына

Қоғамда тәртіпті сақтаймыз

Машина келе жатса

Жүйіткітіп бара жатса

Ешқашан алдынан шықпаймыз.

Көшеде жүру ережесін білесің бе?

Сабақтың мақсаты :

1.Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін үйрету. 3.Оқушыларды

көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Page 6: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Көрнекілігі : Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар ,

буклет.

Сабақтың мақсаты: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер

тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай

жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны

,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан

кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал

кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын " Жолда жүру ережесі " мұқият тыңдап, әр

сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру

ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Тақтада

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.

Өміріңді күзеткен, (Автобус)

Ысқырығы күзеткен.

( Милиционер )

3. Көліктің қаншасын жанынан өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. ( Жол)

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам.)

Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп ,

тіліп алу баршамызға керек.

- Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше

қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық

жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға

жауап беріңдерші.

1. Жиек жол деген не ?

- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .

2. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды ?

- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білесіңдер ?

1. Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен , ал олар болмаса , жол жиегімен

немесе велосипед жолымен жүруге тиіс.

Елді - мекеннен тыс жерлерде жолдың шетімен немесе жиегімен жүріп келе жатқан

көліктің жүрісіне қарама - қарсы жүру керек.

2. Жолдан өтіп бара жатқан жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс .

Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа , ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа

қарау керек.

3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар

жолдан өтпей тоса тұруы тиіс.

4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда ,жаяу адамдар үстіне жарық

қайтарғыш тағып алу керек.

Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіңдер ?

Page 7: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

1. Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе жол жиегіне күтіп

тұруға рұқсат етіледі.

2. Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.

3. Жүк көліктердің кузовында тұруға , борт қырына отыруына тыйым салынады.

3.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады ?

Тақтада

Қызыл - Тоқта !

Сары - Сақтан !

Жасыл - Жол ашық!

1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

2- оқушы : Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

3 - оқушы : Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба !

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Ән: Бағдаршам

1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата - ана .

Жолда сен бол лайық,

Жас ұлан деген атыңа

Қ- сы :

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін .

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман !

2.Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: Айболит атаның үйі. Музыка ойналады

Инспектор :

Айболит атамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да емдейді .

Отырған мынау Айболит атаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып - шып шыққан аю өкіріп келе

жатады .

Инспектор :

Ата , қараңыз мына сұмдықты ,

Маймақты кім қыңжылтты ?

Айболит .

Маймағым, не болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас - өзіңе ?

Аю.

Айтайын мен жасырмай шынымды - ай,

Сақтап қал , ата, жанымды шыбындай.

Жарасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Айболит

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят - ақ,

Page 8: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Айболит ата, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.

Мұғалім : Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады ?

1 -оқушы : Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе ақ жолақтары бар жерінде

және бет алдындағы бағдаршамның жасыл сигналы жанған кезде өтуге болады.

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

2-оқушы : Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа

қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан

машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз.

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

Инспектор :

Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға ,

Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені далаңдап.

Ал, канеки , үйренейік біз де жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер , жатқа білер бар кімің ?

Кім айтар жол белгісі неше топтан тұрады ?

Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

Сахнаға шығу

Бағдаршам :

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып - қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.

Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу белгісі : Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.

Міндеттеу белгісі :

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті орында !

Ңұсқау белгісі :

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім : Біз ауылда тұрғандықтан , ауыл арасында да белгілер болады. Жалпы жол беттері

өздерінің атқаратын қызметіне қарай 7 топқа бөлінеді .

Тақтада

1. Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер.

2. Ескерту белгілер

3. Тыйым салатын белгілер

4. Сервис белгілері

5. Алдын ала қиылатын белгілер

Page 9: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

6. Басымдылық белгілері

7. Жол таңбалары

Тақпақ тыңдау

Балалар , сендер Тұманбай Молдағалиевтің " Болар бала еді ол " деген өлеңін тыңдап

көріңдерші.

Мұғалім : Арман не себепті қаза болды ?

Қорытындылау : Осы белгілер мен ережелерді есте сақтау үшін еңбек сабағында қима

жұмыстар арқылы аппликациядан белгілерді жапсыру тапсырылды.

«Көшеде сақ бол!» сайыс

Мақсаты: 1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол

белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне

байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін

түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер. Барысы. Мұғалім: Құрметті

ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген

автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен

жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын

автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен

жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын

қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері

мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға

тиіссіңдер.

Жүргізуші: Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол

ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі

жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар

алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы.

«Үлгілі жолаушылар» тобы:

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

«Жас инспекторлар» тобы:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»

1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір

машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол

бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам

тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр

бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла

бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда

бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда

бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.

2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен

жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І

Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.

Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары

республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз

миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты

дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының

Page 10: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-

тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу»

1-топ 1-оқушы:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен.

2-топ 2-оқушы:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес.

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

3-оқушы: Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жанғанда,

Сақ, абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстың бағасын беруді сұрайық.

3-сайыс «Кім байқағыш?»

Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі.

4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу»

Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек.

1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.

1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру

1) Бағдаршам деген не?

2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?

Page 11: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

3) Көлік күтетін жерді қалай атайды?

4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады?

5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім?

6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады?

7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады?

8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?

9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек?

10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?

11) Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді?

12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді?

6-сайыс «Кім жылдам?» Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі.

7-сайыс «Жұмбақтар шешу» Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар

көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады.

Жүргізуші жұмбақтар жасырады.

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)

2) Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

3) Екі аяқты, бір ізді,

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмін ол менің

Аяғымды жүргізді. (Велосипед)

4) Үзенгісін тептім,

Зымырап кеттім. (Велосипед)

5) Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өмірінді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

6) Үш көзді батыр

Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)

7) Өзі тым күшті,

Аяғы тісті.

Ілезде тындырар

Қыруар істі. (Трактор)

8) Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау.

Жүргізуші: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі –заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз.

Біз, жаяу жүруге дайынбыз!

«Жол тәртібін жадыңда ұста»

Мақсаты: 1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;

Page 12: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты

дағдыға айналдыру;

3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:

бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған

суреттері.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін жадында

ұста» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ -Үлкен кіші баршамызға!

2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Жиынымыз басталсын сәлемменен .

1-жүргізуші: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,

Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,

Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Ендігі сөз кезегін оқушыларға береміз.

І топ. «Бағдаршам» Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.

ІІ топ. «Жол белгілері» Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

«Бағдаршам» І топ. «Бағдаршам» (Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды)

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап

көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі

тарихта сақталмаған.

2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт

болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3-оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды.

Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4-оқушы: Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан

жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5-оқушы. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б.

қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл

және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк

көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

ІІ топ. «Жол белгілері»

1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлынғыр.

Page 13: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3-оқушы: Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5-оқушы:

Елімізде жол апаты салдарынан көз жұматындар жүрек, қан-тамыр ауруы салдарынан қайтыс

болатындардан кейінгі екінші орында тұр. Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан қайтыс

болып немесе жарақат алатындардың көпшілігі жас жеткіншектер екен.

Мұндай мәлімдемені Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары айтуда.

Осылайша еліміздегі автокөліктердің көбеюімен бірге жол апатынан зардап шегетіндердің саны

да арта түскен.

Викториналық сұрақтар.

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?

Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе

жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

Құрметті оқушылар! Осымен бігіні іс-шарамыз осымен аяқталды. Сөз кезегі Алмагүл

апайымызға беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Менің досым – бағдаршам

Мақсаты: Оқушылардың тілін төселдіріп, жол ережесін жасына сай меңгерту.

Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін

түсіндіру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде

жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа

тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сүрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс

Көрнекілігі: плакаттар, бағдаршам макеті, жол реттеуші құралы,карточка, жол белгілері.

Сынып сағатының барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып айту.

1-жүргізуші:

Жолға шықсаң далаға,

Жол оңай деп санама.

Ережені әрқашан,

Қатаң ұста санаңда.

Бөгет болма басқаға,

Page 14: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Жүрексініп саспа да,

Жаңылысса көмектес,

Қарттар менен жас бала.

2-жүргізуші:

Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді,

Сары жанса дайындыққа кір дейді.

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

1-жүргізуші:

Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий

Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

2-жүргізуші:

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене

берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолда жүру

ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің ең белгілі түрі - бағдаршам.

1-жүргізуші:

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы

АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

2-жүргізуші:

Енді бүгінгі «Менің досым – бағдаршам» тақырыбы бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп

сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.

І топ – «Бағдаршам»

ІІ топ «Аялдама»

1-жүргізуші:

Сайыс болған жерде әділ бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін «қазылар алқасын»

таныстырайық.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың шарттары мынадай:

1- Топты таныстыру

2- «Жолдан өте біл» капитандар сайысы

3- «Саналы жүргіншілер» сайысы

4- «Жол белгілері» сайысы

5- «Жолды реттеуші» сайысы

1-сайыс. Топты таныстыру.

«Бағдаршам» тобы:

Ұраны:

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл шамы жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

Сәлемдеме:

Данышпан ағалар қылған талап,

Жол бойын тұру үшін қадағалап.

Орнатып қойыпты олар бағдаршам,

Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.

«Аялдама» тобы:

Ұраны:

Тоқта, демал, аялда.

Күтеді әлі жол алда.

Сәлемдеме:

Page 15: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Жол бойында тұрады аялдама,

Жолаушыңды отырғыз аялда да.

Жүргізушіден жолаушы өтінеді,

Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.

2-сайыс. «Жолдан өте біл» - 5 ұпай.

Бұл сайыстың шарты: екі топтан капитандар шығады. Екеуі де бірдей тапсырма орындайды.

Жасыл белгі жоғары көтерілгенде алға 1 адым жылжиды, қызылды көтергенде 1 адым артқа

шегінеді, ал сары жарықты жоғары көтергенде орындарында қозгалмай тұрып қалады.

3-сайыс. «Саналы жүргіншілер» - 5 ұпай. Викториналық сұрақтар беріледі.

І топтың сұрақтары:

1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң

жаққа мойныңды бұр)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

(жиекжолдың оң жақ шетімен)

З.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?

(аялдамада)

ІІ топтың сұрақтары:

1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

(14 жастан)

2.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді) 3.Жол-көлік оқиғасына

куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?

(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)

4.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

(ішімдік ішкен жағдайда)

5.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?

(иә міндетті)

6. МАИ деген сөзді талдап беріңдер.

(Мемлекеттік авто инспекция)

4-сайыс. «Жол белгілері» - 5 ұпай

Оқушыларға жол белгілері тақтада көрсетіледі. Оқушылар белгінің атауын айту қажет.

І.Мына белгі нені білдіреді? (Абайлаңдар, балалар!)

2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса.

(сары-дайындал, жасыл -жүруге рұқсат, қызыл-тоқта)

3.Мына белгі нені білдіреді?

(жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі)

4. Мына белгі нені білдіреді? (жылдамдықты азайту белгісі)

5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі)

6. Плакаттағы белгілерді түсіндіріп беріңдер.

1.жаяу жүргінші өтетін жол белгісі

2.метро, жер асты жолдарына ену

З.тайғақ жол

4.велосипедпен жүруге рұқсат бар

5.жол жоқ

6.машиналардың бірін-бірі басып озуына рұқсат

7.ашық жол

8.шұғыл бұрылыс жасауға болмайды

9.жақын маңда демалыс орны бар екенін білдіреді

10.көлік жуатын жер жақын екенін білдіреді.

5-сайыс. «Жол реттеуші» - 5 ұпай

Page 16: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Жолдың ортасында жол реттеуші тұрып, әр түрлі қимыл жасайды.

2 топ жол реттеушінің көрсетуіне байланысты жолдан өтеді.

Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.

1-жүргізуші:

Айналайын абайла,

Жан-жағыңа қарайла.

Жолда-жүру ережесін,

Есте сақта қалайда.

2-жүргізуші:

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ержесін әрқашан есте

сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы

ережелерді әрқашан орындап, аман болайық.

4 сыныптар арасында өткізілген «Көңілді бағдаршам» сайысы

Мақсаты:

1.Білім алушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға , білуге жол ережесінің белгілерімен

таныстыру.

3. Білім алушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп-

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, балалар!

Бүгінгі 4 сыныптар арасында өткізгелі тұрған «Көңілді бағдаршам» сайысына қош келдіңіздер.

Сайыс үш бөлімнен тұрады:

1. Таныстыру

2. Сұрақ-жауап бөлімі

3. Қойылым

Олай болса 4а сыныбының «Бағдаршам», 4ә сыныбының «Жол белгілері» топтарын

қошеметтеп ортаға шақырайық.

І бөлім: Таныстыру

ІІ бөлім: Осымен екі топпен таныс болдық. Ендеше бүгінгі сайысымыздың екінші бөлімінді

сіздерге бірнеше сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру қажет.

Сұрақтар:

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?

Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе

жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.

Page 17: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Осы бөлімде екі велосипедшіден тест алынады:

Сен жақсы велосипедшісің ба? Сен үнемі...

1. Бір жаққа барарда жүретін бағытыңды/ маршрут/ ойластырасың ба?

2. Велосипедтің жағдайын тексересің бе?

3. Велосипед тепкенде шлем киесің ба?

4. Велосипед тепкенде сені байқау үшін ашық түсті киім киесің бе?

5.Қозғалысты бастамас бұрын басқа көліктерді бақылап, белгі бересің бе?

6. Жол ережесін білесің бе?

7. Жол ережесін сақтап, бағдаршамның «қызыл» және «тоқта» деген белгілерін орындайсың

ба?

8. Түнде велосипедтің фарын жағасың ба?

Ұпайларыңды есепте:

Үнемі — 5 ұпай

Анда-санда— 3 ұпай

Ешқашан — 0 ұпай

30 өте жақсы — қауіпсіздік сақталған!

15–30 нәтиже жаман емес, дегенмен өзіңе қауіп-қатер төніруің мүмкін.

15-тен кем Саған велосипед тебуге бола ма ойлан? Өз өміріңді сақтау үшін не істей аласың .

Жұмбақтар шешу:

Көрермендерге жұмабақтар беріледі. Жұмбақты қай сыныптың білім алушылары тапса ұпай

сол сыныпқа қосылады.

1-жұмбақ:

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ:

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ:

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

«Шешімін тап!» тақтада берілген жол белгілерін анықтау.

ІІІ бөлім:

Бұл бөлімде балалар үгіт-насихат жұмыс жүргізу мақсатында көрініс көрсетесіздер.

Қорытынды: Құрметті, балалар! Бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келгендерің көрініп тұр.

Ендеше қорытынды сөз әділ-қазыларға беріледі.

Жүргізуші:

Ешқашан жол ережесін,

Бұзбас үшін балалар!

Әр түрлі көп белгілерді,

Есте сақтаған жөн болар.

Page 18: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Сәлемдесу.

Жүргізуші: № 6 Хромтау гимназиясының қозғалыстың жас инспекторлар отряды «Қыран»

Отряд әуенмен сахнаға адымдап шығады.

Алпамыс:

-Біз жол ережесін насихаттаймыз.

Мерует:

-Ал біз қандаймыз?

Дәулет:

-Үлігілі

Жанна :

-Тәртіпті

Рауан:

-Белсенді

Индира:

Жан-жақты

Темірлан:

Сыпайы

Жансая:

-Бір сөзбен айтқанда қазақтың қарапайым баласымыз.

Айгүл:

Ал біздің өмірлік ұстанымыз:

Бәрі: Өзің білсең-өзгеге көмектес

Музыка

«Қыран»-арманға алда күткен асығармыз,

«Қыран»-біз қалай толқын атпай басылармыз.

«Қыран»-жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Ән орындалады «Ақтөбе» әні әуенімен

Көкке өрлеген самғап,

Талмайтұғын қанат,

Бала өмірін сақтар

Кеудемізде от бар

Ережені білген

Ойымызға түйген

Біз-Қыран

Халқын қорғар сүйіп,

Отан үшін күйіп,

Ел намысын қорғар,

Алда қиын жол бар

Ел қуанар бүгін

Ұрпағыңа сүйін

Біз-Қыран

Қайырмасы:

Қыранбыз-қауіпсіздік жаршысы

Ұланбыз –жол көрсетер басшысы

Сақтану, білу,оқу, үйрету,

Жолда жүру ержесін білу сенің басты ісің.

Үгіт насихат жұмысы «Жол ережесін есіңде сақта!»

Саламатсыздар ма, балалар!

Page 19: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Сіздерге жас жол инспекторлар атынан жалынды сәлем!

Балалар, сіздер білесіздер ме жол ережесінің ең басты қағидасы бұл -ұқыптылық.

Үстіміздегі жылдың 9 айында Ақтөбе облысында 245 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның

барысында 68 адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережесін бұзудың 81 391 оқиғасы анықталды.

Оның себептері:

Бiрiншiден, қарапайым жол қозғалысының ережелерiн сақтамауы.

Екiншiден, салақтық және санасыздық.

Үшiншiден, абайсыздық, алаңғасарлық

Дәулет:

Айналада қауіп бар ойла,

Жан-жағыңа қарайла!

Сырғанасаң көшеде,

Машина жолын абайла!

Индира:

Көшенің тар соқпағы,

Қулығыңды асырма!

Тежегішпен тоқтады,

Зулап келген машина.

Ұқыптырақ болсаңшы,

Аман қалған бақытты.

Бізге ескертті Жолсақшы:

«Үнемдеме уақытты!»

Алпамыс

Алға ұмтылма ентелеп,

Машинадан қаш, мына!

Түсіп кетпе асығып,

Дөңгелектің астына.

Айгүл:

Ештеңе жоқ алаңдар,

Өте берер, Адамдар.

Жол шетінде тұратын,

Жол белгіге қараңдар!

Рауан:

Асықпаңдар, балалар,

Үлкен жолға келгенде,

Жан-жағыңа қарап-ал!

Деме: Бізді кім елер,

Машина жоқ па? Жүре бер!

Темірлан:

Жұмысына таң қалған,

Көшеде бар «бағдаршам»

Қалып жүрме алданып,

Қызыл шам жанса «Жол жабық!»

Сонда болсын ойың бар,

Сары шам жанса «Дайындал»

Шатасады білмеген,

Жасыл жанса «жүр» деген.

Жансая:

Ата-ананың сенімін,

Еске ұстап, ақтай біл,

Жолдан өтер жаяудың,

Ережесін сақтай біл!

Ерлан:

Page 20: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Жарысып-ақ кетер ек,

Машиналар өте көп.

Жолдан өтем асықпай,

Велосипед жетелеп.

Меруерт:

Жол көліктің жүрегі,

Машина көп жүреді.

«Қауіп жоқ»,-деп ойлама,

Жолда футбол ойнама!

Жанна:

Жол тәртібін білеміз,

Сол жағымен жүреміз.

Қарсы келе жатқан көп,

Машинаны көреміз.

Балалар!

Егер бағдаршамның қызыл белгісімен жүрсең... Өзіңе айт: Тоқта!

Егер жақын келе жатқан көлiктiң алдынан жүгiрiп өтсең... Өзіңе айт: Тоқта!

Егер көлiк жүретiн жерді ойын алаңына айналдырсаң .... Өзіңе айт: Тоқта!

Егер аулада және көшеде велосипедпен жарыссаң ... Өзіңе айт: Тоқта! Тоқта! Тоқта!

«Қыран» отряды ескертеді /термелетіп/

Ау, ағайын, ағайын,

Сөзге құлақ салайық.

Жолда жүру тәртібін,

Маңызды деп санайық.

Мұқият жолда болыңыз,

Айырып оң мен солыңыз.

Қызыл шам жанса алдыңнан

Жолға аяқ баспаңыз.

Әрлі берлі алақтап,

Ойнай көрме көшеде.

Машина көрсең сасып қап

Жүгіре берме еселей.

Ала жолақ жолдағы,

Өзің көрші қолданып.

Қателеспей өте шық,

Сүрінбесің ол анық.

Қиылысы көшенің ,

Қауіпті жол деседі.

Ережені есіңе ал,

Қырандар айтқан бүгінгі.

Ережені сақтаңдар!

Жол белгіге тоқтаңдар!

Өмірің сенің қолыңда,

Осыны есте сақтаңдар!

Page 21: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Өткізілген іс- шаралардың суреттері

1. Жалпы ережелер Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы- білім алушылардың ерікті бірлестігі. Ол білім

алушылардың бойында азаматтылық, жалпы жоғары мәдениеттілік, ұжымшылдық, кәсіби

бағдар, төмен және орта жастағы балалар арасында жолдағы қауіпсіздікті насихаттауды

ұйымдастыруға кеңінен тарту мақсатында құрылады.

2. Қозғалыстың жас инспекторлар жасағының негізгі міндеттері:

Білім алушыларды тәрбиелеуде мектепке белсенді әсер ету, білім алушылардың бойында

белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.

Жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін үйрену, жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша

жұмыс жүргізудің дағдыларын меңгерту және осы жұмыстарды балалар арасында

ұйымдастыру.

Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттанушыларға алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету.

Қозғалыстың жас инспекторлар жасақтары жалпы білім беру мектебіндегі оқушылардан

тұрады. Жалпы білім беру мектебінің Әкімшілігі мұғалімдерден қозғалыстың жас инспекторлар

жасағымен жұмыс істейтін ұйымдастырушыны таңдап алады.

3. Қозғалыстың жас инспекторлары жұмысының негізгі бағыттары: 1. ҚЖИ жасағының мүшелерінде полицияның батырлық, әскери және еңбек дәстүрлері

арқылы өз Отанына берілгендікті тәрбиелеу, құқықтық сана-сезімдерін, адамдаргершілік

қарым-қатынас, достық сезімдерін қалыптастыру.

Page 22: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

2. Жолда жүру Ережесін терең меңгеру, балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын алу

әдістерін және жол-көлік оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсету дағыдыларын үйрету.

3. Мектептегі жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша жұмыстың бұқаралық-түсіндірмелік

жұмысын жүргізу. ҚЖИ байқаулары мен слеттарына қатысу, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша

мектеп алаңдарының жұмысын ұйымдастыру .

4.Жас велосипедшілердің жұмысын ұйымдастыру.

4. Қозғалыстың жас инспекторлар жасағының жұмысын ұйымдастыру:

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағының мүшелері болып ҚЖИ жасағының жұмысына

белсенді қатысқысы келетін 10 жастан жоғары жастағы балалар бола алады. Жасақ кем

дегенде 10 адамнан құрылады.

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы мүшелігіне қабылдау ауызша өтініш негізінде

жүргізіледі.

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағының жұмысына күнделікті басшылықты жасақтың

жалпы жиналысында сайланған ҚЖИ штабы жүзеге асырады. Штаб өз құрамынан жасақ

командирін сайлайды және бөлімшелердің командирлерін бекітеді. Саны аз жасақтарда тек

командир сайланады.

5. Қозғалыстың жас инспекторының міндеттері мен құқықтары: Қозғалыстың жас инспекторының атағын бағалау, жасақтың жұмысына белсене қатысу. Жасақ

командирінің тапсырмасын дер кезінде бұлжытпай орындау.

Жолда жүру Ережесін меңгеру және оны орындауда үлгі болу.

Жолда жүру Ережесін насихаттау бойынша өз құрдастары мен бастауыш сынып балалары

арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Балалардың жолда жүру Ережесін бұзуының алдын алу жұмыстарына қатысу, қоғамдық

тәртіпті сақтау және нығайту.

Денсаулықты нығайту, спортпен және дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану.

Жолда жүрудің жас инспекторы құқылы: Жасақтың жұмысына қатысты барлық сұрақтардың талдауына қатысуға.

Жолда жүру қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша көмек пен кеңестер алу үшін

жергілікті полиция органдарына және МАИ жүгінуге.

Жолда жүру Ережесін сақтау бойынша мектеп шағын ауданындағы көшелердегі патрульдерге,

балалар мен жасөспірімдердің дұрыс қамтылуын ұйымдастыруға қатысуға.

Қозғалыстың жас инспекторы жасақтағы белсенді жұмысы үшін марапатталып, қозғалыстың

жас инспекторларының аудандық, облыстық, слеттарына қатысуы мүмкін.

6.Қозғалыстың жас инспекторлары жасағының қызметі: Балалардың жол-көлік жарақаты бүгінгі күні ең басты мәселелердің бірі болып

отыр. Балалардың жолдағы қайғылы оқиғаларының қалай алдын алуға болады, жол-көлік

жарақатының деңгейін қалай төмендетуге болады? Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстарының

әдіс-тәсілдері алуан түрлі, бірақ нәтижелі әдістерінің бірі білім алушыларды жолда жүрудің

жас инспекторлары жұмысына тарту болып табылады.

ҚЖИ жасағы немен шұғылданады? Ең бірінші мектепте жолда жүру ережесі бойынша:

-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

-сайыстар ұйымдастырады;

- қабырға газеттерін шығарады;

- насихат материалдарын жинайды;

-жарыстар;

-сайыстар;

-викториналар ұйымдастырады,;

-білім беру мекемесіндегі оқу-жаттығу алаңдарын орнатады.

-алаңда велосипедші балалармен сабақтар жүргізеді.

Барлығы - жолда жүру қауіпсіздігі сұрақтарын білім алушылар мен жасөспірімдер арасында

танымды етуге бағытталған мектепішілік жұмыстар. Жасақтың жұмысының негізгі мақсаты-

Page 23: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

білім алушылар, мұғалімдер,ата-аналар, қауымдастық арасында мақсатты және жүйелі жұмыс

жүргізу.

Жұмыстың негізгі тәсілінің бірі - сабақтан тыс іс-шаралар. Ол ақпараттық көрнекілік

материалдарды шығару, сайыстарды , сыныптар арасында КТК викториналарын

ұйымдастыру, бастауыш сынып білім алушылары мен

бала-бақшалардың балалары алдында насихат қойылымдарын қою.

ҚЖИ жасағы ҚЖИ жасақтар туралы Ережесі негізінде құрылады.

ҚЖИ жасағы жұмысының мазмұны

Ақпараттық жұмыс:

ҚЖИ жасағының жұмысының нәтижесімен балалар ұйымының кеңесін ақпараттандыру.

“Қозғалыс қауіпсіздігін қолдаймыз”“ҚЖИ әрекет үстінде”, “Қозғалыстың жас

инспекторы”қабырға газеттерін шығару,, «Қауіпсіз жол» және басқа ақпарат жұмыстарының

сынып бұрыштарын шығару..

отряд құжаттарын жүргізу.

Насихат жұмыстары: жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбы бойынша түсіндірме жұмысын ұйымдастыру.

әңгімелер, викториналар, экскурсиялар, жарыстар, сайыстар , КТК, тақырыптық ертеңгіліктер,

мерекелер, қойылымдар өткізуді ұйымдастыру.

жолда жүру Ережесін оқып-үйрену үшін көрнекі насихатты құру мен қолдану әдістемелік

базасын құру.

Шефтік қызмет: мектеп территориясында алаңдар құруға көмек көрсету.

жол қауіпсіздігі бойынша оқушылар арасында суреттер сайысын ұйымдастыру.

әндер мен тақпақтарды жаттау.

“Жол әліппесі”экскурсиясын өткізуде мұғалімдерге көмек көрсету.

Патрульдік қызмет:

мөлтек аудандарға қарасты жерлерге үлкендермен бірге рейдке шығып, патрульге шығу.

балалар арасындағы жол –көлік оқиғаларының алдын-алу.

қабырға газеттерін шығару.

№6 Хромтау гимназиясы қозғалыстың жас инспекторлар жасағы: «Қыран»

Ұранымыз:

Біз «Қырандар» сақшысымыз өмірдің,

Жол тәртібін сақталуын қорғаймыз.

Жол апатын болдырмауға көңілдің,

Бөлінуін қадағалап, қолдаймыз!

Сап түзеу өлеңі:

Сайыстар жоқ біздер жеңіп алмаған,

Асулар жоқ біз төріне бармаған.

Хромтаудың гимназиясында оқитын

Біз қыранбыз ерікті елде самғаған.

Топтың әні:

Біз «Қырандар» тобы жас ұландармыз,

Жолда жүру ережесін сақтаймыз.

Көліктегі адамдардың, жаяу жүрген жарандардың,

Аман болу жағын біз баптаймыз.

Қайырмасы:

Біз- жол сақшысы болып жүрген «Қырандармыз»,

Біз-көмектен ешбір қашпаймыз.

Page 24: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Біз- егемен елдің жас буын өкілдері

Тәртіпті әркез сақтаймыз 2рет

Заңдары:

Құрмет және сыйластық,

Білгенге жол белгісін!

Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз.

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағының құрамы:

Р/с Білім алушының аты-жөні Сыныбы Қызметі

1 Мақсұт Амирхан Мадиұлы 7а Жасақ командирі

2 Орынбасар Тамирлан Жасұланұлы 7а Жас велосипедші

3 Ибраимов Тамерлан Әсетұлы 7а Жас тілші

4 Мардан Құрманғали Салауатұлы 7а Жас велосипедші

5 Мұңсызбай Нұрай Айымбетқызы 7ә Жас санитар

6 Абикен Нұрдәулет Адилжанұлы 6а Жас эрудит

7 Имангалиева Лаура Оспанқызы 7ә Жас реттеуші

8 Әміртай Махамбет Қанатұлы 6а Жас велосипедші

9 Қасаев Сержан Ғалымжанұлы 7а Жас велосипедші

10 Елеусизова Гауһар Қуандыққызы 7ә Жасақ командирінің

орынбасары

Жетістіктері:

Жылдар Сайыстың атауы Жетістігі

2010-2011 оқу

жылы

Аудандық қозғалыстың жас

инспекторларының слеті

Жүлделі ІІІ орын

2010-2011 оқу

жылы

Аудандық қозғалыстың жас

инспекторларының слеті

«Үздік үгіт-насихат тобы»

жұмысы

Page 25: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Бекітемін:

Гимназия директоры:

Мукашева Г.О

28.08.2012ж №144 н/қ

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағының 2012-2013 оқу жылы бойынша жылдық

жұмыс жоспары

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын

ескерту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алу,

жұртшылықтың назарын аудару.

Рс Өткізілетін іс-шаралар Түрі Уақыты Жауаптылар

1 Қозғалыстың жас инспекторлар

жасағының жалпы отырысы.

Міндеттерді бөлу, жылдық жұмыс

жоспарымен танысу. Құжаттарды

реттеу.

ҚЖИ отырысы 6.09 Акмурзаева А

2 «2011-2020 ж.ж. Жол қозғалысының

қауіпсіздігін қамтамасыз ету

бойынша әрекет ету он жылдығы»

халықаралық бағдарламасы бойынша

«Біріксек біз миллион өмірді

құтқарамыз!».

«Тоқта! Күт!

Жүр!» атты

ақпарат тарату

Қыркүйек ҚЖИ жасағы

3 «Абайлаңыз- балалар!» Жедел алдын алу

іс-шарасы

3-8.09 Жасаганбергенова Б

Акмурзаева А

4 «Жол тәртібін білейік, аман –есен

жүрейік!»

Ақпараттық

стендін шығару

Жоспарға

сәйкес

ҚЖИ жасағы

5 Велосипед,скутері бар балаларды

анықтау

Есеп Жоспарға

сәйкес

ҚЖИ жасағы

6 Жолда жүру ережесін білеміз бе? Үгіт-насихат

жұмысы

Қазан ҚЖИ жасағы

7 ҚЖИ жасағы мүшелеріне куәлік

табыс ету

Жиын 23 қараша Жасаганбергенова Б

Акмурзаева А

8 Жол тәртібін жадыңда сақта Сыныптан тыс

шара

Қараша Акмурзаева А

ҚЖИ жасағы

9 Менің досым бағдаршам 5-6 сыныптар

арасында сайыс

Желтоқсан Акмурзаева А

ҚЖИ жасағы

10 Көшеде сақ бол! Сайыс Қаңтар ҚЖИ жасағы

11 Біліміңді тексер! Тест Ақпан ҚЖИ жасағы

12 Есіңе сақта –жас велосипедист Үндеу қағаздарын

тарату

Наурыз

ҚЖИ жасағы

13 Жол-көлік оқиғаларының алдын алу Айлық Сәуір

Жасаганбергенова Б

Акмурзаева А

14 Көңілді бағдаршам 4сыныптар

арасында сайыс

Сәуір Жасаганбергенова Б

15 ҚЖИ аудандық слетіне қатысу Сайыс Мамыр Жасаганбергенова Б

16 «Сәлем, жаз!» Қауіпсіздік

шараларын

жүргізу

Мамыр Акмурзаева А

ҚЖИ жасағы

ҚЖИ жұмысын қорытындылау Отырыс Мамыр Акмурзаева А

ҚЖИ жасағы

Page 26: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

ЖЖЕ байланысты ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар

2012-2013 оқу жылы

Айы Жұмыстың мазмұны Жауапты

Қыркүйек «Мұқият болыңыз:балалар мектепке бара

жатыр»

Сынып жетекшілер

Қыркүйек

«Балалар мен жасөспірімдердің жолдар

мен көшелерде жол қауіпсізігін

болдырмау»

Акмурзаева А

Қазан Жалпы ата-аналар жиналысы

«Бұл жағдайлардың алдын алуға болады»

Жасағанбергенова Б.И

Қараша Күзгі каникул кезінде сақтық шаралары Сынып жетекшілер

Желтоқсан «Тайғақ жолда ұқыптылық сіздің

өміріңізді сақтайды» өзара пікіралысу

Акмурзаева А

Қаңтар Қауіпсіздік сабақтары Акмурзаева А

ҚЖИ жасағы

Ақпан «Балалармен ЖЖЕ байланысты ойындар

ойнау» кеңестер беру

Жас жол қозғалысы инспекторлары

Наурыз Кеңестер «Кішкентай жүргіншілер» Жас жол қозғалысы инспекторлары

Сәуір «Абайлаңыз жол!» кеңестер беру Сынып жетекшілер

Мамыр Жалпы ата-аналар жиналысы «Сәлем,

жаз!»

Жасағанбергенова Б.И

2012-2013 оқу жылы бойынша өткізілген іс-шараларды тіркеу журналы

Р/с Өткізілген іс-шара Күні Қамтылғ

ан бала

саны

Нәтижесі

1 «Абайлаңыз- балалар!» атты

жедел алдын алу іс-шарасы

3-8.09 461 Іс-шара өткізіліп, жүргізілген

жұмыстар қорытындысы бойынша

слайд дайындалды.

2 «Тоқта! Күт! Жүр!» атты

ақпарат тарату

3-8.09 461 Барлық сынып білім

алушыларына жаднамалар

таратылды.

/Барлығы 24сыныпқа/

3 «Абайлаңыз! Жол!» суреттер

байқауы

4.09 22 Жеңімпаздар гимназия

директорының мақтау

қағаздарымен марапатталды.

4 1-10 сыныптар бойынша

велосипед, скутер, ролигі бар

білім алушылардың тізімі

жинақтау

3-8.09 425 Барлығы 136-білім алушыда

велосипед, 83-білім алушыда

ролик, 28-білім алушыда скутер

бар

5 Жүргізушіге хат 8.09 22 22 біәлім алушының хаты

жиналды

6 5-8сынып білім алушылары

арасында «Көше мен жол

әліппесі» тақырыбында

викториналық ойын

өткізілді.

6.09 35 І орынға 8а сынып білім

алушысы- Егіз Азамат, ІІ орынға

7ә сынып білім алушысы –

Көптілеу Меруерт, ІІІ орынға 7ә

сынып білім алушысы-Мәсуадин

Арайлым ие болды.

Page 27: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

7 «Қауіпсіздік дөңгелек» атты

үгіт-насихат топтарының

сайысы өткізілді

7.09 120 І орынға - 6а сыныбы, ІІ орынға -

6ә сыныбы, ІІІ орынға -7ә сыныбы

ие болды. Жеңімпаз сыныптар

мақтау қағаздарымен

марапатталды

8 «Жол тәртібін білейік, аман –

есен жүрейік!» ақпараттық

стенд жабдықтау

Қыркүйек - ІІ қабатқа көтерілетін жердегі

қабырғаларға арнайы стендтер

ілінді.

9 Жолда жүру ережесін білеміз

бе? үгіт-насихат жұмысы

16.11 75 5-6сынып білім алушыларына

үгіт-насиахатты сыныптан тыс

шара өткізілді

10 ҚЖИ жасағы мүшелеріне

куәлік табыс ету

23.11 200 10 білім алушы ҚЖИ жасағының

куәлігі табыс етілді.

11 «Жол тәртібін жадыңда

сақта»

3 сыныптар үшін сыныптан

тыс шара

17.11 50 Іс шара өткізіліп, балаларға көп

мәлімет берілді.

12 «Менің досым бағдаршам»

5-6 сыныптар арасында

сайыс

7.12 75 Сайыстың нәтижесінде 6асыныбы

І орын, 6ә сыныбы ІІ орын,

5сынып ІІІ орынға ие болды

13 «Көшеде сақ бол!» сайыс

7сыныптар арасында

18.01 40 І орын 7әсыныбы

14 Біліміңді тексер! Тест 10 ҚЖИ өз білімдерін тексерді

15 «Есіңе сақта –жас

велосипедист» үндеу

қағаздарын тарату

1.03 150 Үндеу қағаздары таратылып,

ақпараттық газет шығарылды.

16 Жол-көлік оқиғаларының

алдын алу айлығы

Сәуір

461 Айлықтың жоспары құрыпылып,

іс-шаралар өткізілді.

17 «Көңілді бағдаршам» 4

сыныптар арасында сайыс

17.04 50 І орынды 4ә сыныбы иеленді

18 «Мектепке барар жол»

әңгіме

12.04 180 Бастауыш сынып білім

алушыларына әңгімелер

жүргізілді.

19 «Біз және көше»

викториналық ойын 18.04 73

ЖЖЕ бойынша үздік білім

алушылар гимназия

директорының мақтау қағазымен

марапатталды.

20 «Қызыл, сары,жасыл» үгіт-

насихат жұмысы

26.04 40 7сынып білім алушыларына

түсіндіру жұмыстары жүргізілді

21 «Жаяу жүргіншілердің

есіне!»

27.04 100 100 білім алушыға үндеу қағаздар

таратылды

22 «Ата-аналардың есіне!»

жаднамалар тарату

29.04 72 72 ата-анаға жаднамалар

таратылды.

23 Аудандық ҚЖИ

жасақтарының слетіне

қатысу

17.05 10 Жүлделі І орынға ие болып,

облыстық ҚЖИ слетіне жолдама

алды.

Page 28: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Үндеулер, жаднамалар

Page 29: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға
Page 30: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға
Page 31: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

№6 Хромтау гимназиясы

2012-2013 оқу жылы

Page 32: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Жалпы білім беретін мектептердің 1 – 8 сыныптарына арналған

Жолда жүру ережелерінің оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ 24 тамыз 2007 жылғы № 404

Қазақстан Республикасының

оқу және білім Министрлігі

бұйрығына

Қосымша 1

Жалпы білім беретін мектептердің 1 – 8 сыныптарына арналған

Жолда жүру ережелерінің оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ Жол қозғалысы ережелері бойынша 1-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін жол

қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып, айына екі

рет қана жүргізілсін.

Жол қозғалысы ережелерін игеруіне 1-4 сыныптарына жылына әр сыныпқа 18 сағат

беріледі, ал 5-8 сыныптарына жылына әр сыныпқа 14 сағаттан беріледі.

Осымен ЖҚЕ бойынша оқу бағдарламсы 1-4 сыныптарында келесі пәндері санағы

бойынша өтеді (хат, әуен, қоршаған ортамен танысу, тілді дамыту, сыныптан тыс оқу, дене

шынықтыру, бейнелеу өнері, еңбекке баулу) және ай сайын күнтізбе жоспарына енгізу. 5-8

сыныптарында ЖҚЕ сабақтан тыс уақытында сынып сағаттар және факультативтер есебімен

өтеді.

Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары

мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, еңбек сабағы мұғалімдерімен іске асырылады.

Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары

туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі. Бағалар

өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама қабылданған

нормаларына сәйкес келеді. Әдеттегідей, сабақты сынып жетекшілері жүргізеді және

ЖҚЕ оқытып, үйретуге жауапты адам мен әкімшілік бақылауда ұстайды. 2.

ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы

автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі-оқу құралдарын, жабдықтарды

және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады.

Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары

салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар

орнатылады.

Кейбір сабақтарды көшеде, жол қиылысында, алаңда (көлік құралдары қозғалысы мен

жүргіншілер жүрісін көрсете отырып), қоғамдық көлікте өткізу ұсынылады.

Дәрістерді, жекелеген әңгімелерді, экскурсияларды және т.с.с. өткізу үшін мұғалім

(сынып жетекшісі) жол полициясы қызметкерлерін, көлік құралдары жүргізушілерін тарта

алады.

Оқыту және сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушыларды көшелер мен жолдарда

өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге ықпал

жасайтын қысқаметражды кинофильмдер, бейнефильмдер, диафильмдер, диапозитивтер

көрсетіледі, КТК-лар, викториналар, жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысы қауіпсіздігі

жөнінен жарыстар ұйымдастырылады.

Әрбір сабақтан соң бақылау сұрақтары, тапсырмалар көмегімен оқушының Жол

қозғалысы ережелерін қалай меңгергендігін анықтайтын тексеріс жүргізу қажет.

Ата-аналар сіздер үшін!

Page 33: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, балаларды мына дағдыларға үйретіңіздер:

-жолда жүру ережелеріне және оларды қатаң сақтауға;

-жүріп келе жатқан қоғамдық көліктегі қауіпсіз тәртіп ережелеріне-әрқашан ұстағыштардан

ұстап тұруға;

-жеңіл көлікте артқы орындыққа отыруға, қауіпсіздік белдігін пайдалануға және есік жабық

екеніне көз жеткізуге;

-велосипед, роликті коньки, скейтборд тепкенде, аса ұқыпты және сақ болуға;

-көшені бағдаршам, жер асты жолы бар жерден немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолмен

өтуге;

-көшені бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтуге;

-көшені өтерде алдымен солға қарауға, ал бөлгіш сызығынан кейін-оңға қарауға;

-егер жолданг өтуге үлгермесе-бөлгіш сызығында немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқтап,

бағдаршамның жасыл түсі жануын күтуге;

-жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпеуге;

-көшенің көлік жүретін бөлігінде ойнамауға;

-егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүруге.

Page 34: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға
Page 35: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға
Page 36: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

БІЗ ТУРАЛЫ

Page 37: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға
Page 38: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға
Page 39: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға
Page 40: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға

Аудандық қозғалыстың жас инспекторлар слеті-2013

Page 41: Сыныптан тыс шаралар · 2017. 8. 12. · Жасыл - Жол ашық! 1- оқушы : Қызыл көзін ашқанда , Сынық сүйем баспа алға